Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім



бет57/64
Дата07.11.2022
өлшемі2,02 Mb.
#156774
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   64
Байланысты:
Этика и эстетика 12-том
Дене тәрбиесінің маңызы, міндеттері, мазмұны

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім


Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!»3.
Өз халқының мәдени дамуының қажеттілігін түсінген Абай, әр кез өзінің жанына дарынды ақындарды, әншілерді, әңгімешілерді жинаған, олар оның әңгімелерін есте сақтап, естігенін халық арасында таратуға қабілетті еді. Революцияға дейінгі қазақ әдебиетін зерттеушілердің көбі осындай дарынды әңгімешілердің бірі деп Баймағамбетті атайды. Тыңдаушыларға кітап мазмұнын айтпас бұрын, ол тиянақты дайындалған: тыңдаушыларға әсерлі болуы мақсатында барынша мәнерлікке қол жеткізу үшін мимикасын, дене қимылын меңгерген.
Осындай әңгімешілердің эстетикалық көзқарастары мен талғамдарының қалыптасуына ықпал етіп, Абай олардың көмегімен қазақ даласында өзінің шығармаларын таратып ғана қоймай, сондай-ақ орыс және батыс классиктерінің де шығармаларын таратты. Нақ осы жолмен қазақтар Александр Дюманың «Үш ноян», «Генрих Новаррский» атты шығармаларымен, Конан-Дойльдің «Шерлок Холмс жазбаларымен», Лермонтов поэмаларымен, Пушкиннің өлеңдерімен, шығыстың «Шах-наме», «Ләйлә-Мәжнүн», «Мың бір түн» поэмаларымен танысты. Сонымен, Абай әңгімешілер мен ақындардың эстетикалық дамуына көмектесіп ғана қоймай халықтың қалың бұқарасының да эстетикалық көзқарастары мен талғамдарының қалыптасуына қызмет етті.
Абай шығармашылығы, халық ауыз әдебиеті тудырған рухани құндылықтардың дамуы мен жалғасы болып, Қазақстанның тамаша ақындары мен жазушыларының шығармашылығы үшін жандандыратын қайнар бұлақ болды. Абай поэзиясы оның ізбасарлары С. Көбеев, С. Торайғыров, С. Дөнентаев және басқалардың шығармашылығында өз жалғасын тапты.
Оның шығармашылығының таусылмас бұлағынан міне жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ғалымдар да, өнер қайраткерлері де нәр алады. Өзінің ақындық шығармашылығы мен эстетикалық көзқарастарымен Абай өзіне көптеген оқырмандарды, Қазақстанда ғана емес, бүкіл жер бетінде тапты. Абайдың үйлесімділікке толы өлеңмен берілген ғажайып поэтикалық образдары, оқырмандары мен тыңдаушыларында эстетикалық сезімді дамытады әрі тәрбиелейді, олардың өнегелікке және барлық жақсылық пен әсемдікке ұмтылысын оятады. Абайдың эстетикалық көзқарастары оның этикалық көзқарастарымен тығыз байланыста, сондықтан оның шығармалары адамға өмірдегі сұлулық туралы ғана емес, жоғары өнегелік туралы да мағлұмат береді.


Казыханова Б. Эстетическая культура казахского народа. Алма-Ата: Казахстан, 1973. С. 11-118.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет