Мемлекеттік басқару жүйесінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру Тақырыбы: Жоспары: - Мемлекеттік саясатты жасақтау негіздері.
- Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру механизмі.
- Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысатын басқару органдары.
- Мемлекеттік шешімдердің түрлері мен нысандары.
- Басқарушылық шешімдерді жасақтаудың әдістемелік негіздері.
- Мемлекеттік басқарушылық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру технологиясы.
- Мемлекеттік шешімдерді қабылдау үрдісіндегі талдау.
Саясат – грек сөзі, Politic – мемлекетті басқару өнері деген мағынаны береді. Саясат – мемлекеттік істерді жүргізу, билік органдарының қызметінің мазмұны болып табылады. Мемлекеттік басқарудың әрбір элементі әлеуметтік топтардың, кластардың, ұлттардың мүдделерін бейнелесе, саяси нысанға ие болады. Саясат әрдайым белгілі бір мүдделерді бейнелейді, ол ең алдымен әлеуметтік-экономикалық мүдде.
Мемлекеттік саясат – бұл мемлекеттік билік органдарының қоғам және оның жекелеген салаларының дамуындағы қоғамдық мақсаттарды шешудегі мақсатты бағытталған қызметі болып табылады. Ол мемлекетке құқықтық, экономикалық, әкімгершілік әсер ету әдістеріне сүйене отырып және де қолда бар ресурстарға сүйене отырып нақты облыста белгілі бір мақсатқа жету мүмкіндігін беретін құрал қызметін атқарады. Саясат ашық, бәсекелестік және нәтижелерге бағытталған бболуы қажет.
Мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттары әлеуметтік топтардың, азаматтар мен олардың ұйымдарының іс-әрекеттерін реттеуге байланысты. Бұл іс-әрекеттерді реттеу өзіне төмендегі мәселелерді қосады:
– азаматтар, олардың қызметтері мен оларға тиесілі меншікті қорғау;
– әлеуметтік белсенділікті қамтамасыз ету;
– халыққа қажетті тауарлар мен өндірісіне жағдай жасау.
Мемлекеттік саясаттың қалыптасуы және жүзеге асуы 4 кезеңнен тұрады:
1 кезең – қоғамдық мәселелер мен саясат мақсаттарын анықтау (саясатты анықтау, атау).
2 кезең – мемлекеттік саясатты өңдеу және оның алға қойылған мақсатты шешу мүмкінділігі (саясаттың қалыптасуы).
3 кезең – мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы және мониторингі (саясаттың жүзеге асырылуы).
4 кезең – мемлекеттік саясаттың реттелуі және бағалануы (саясаттың бағалануы).
Шаралар мен бағдарламалардың мақсаты мен міндетін, оны өңдеуде басты рольді кім атқаратындығына байланысты мемлекеттік саясаттың келесі үлгілерін атап көрсетуге болады.
1. «Жоғарыдан – төмен қарай» үлгісі, мұнда шешімдер басқарудың жоғарғы деңгейінде қабылданып, сонан кейін төменгі деңгейлер мен нақты атқарушыларға жеткізіледі. Атқарушылар мұнда пассивтік роль атқарып, тек жай атқарушы ролінде болады.
2. «Төменнен жоғары қарай» үлгісі, мұнда саясаттың қалыптасуы мемлекеттік басқарудың төменгі құрылымдарынан басталады, түрлі бағдарламалар мен жобаларды өңдеуге, жүзеге асыруға қатысатын қоғамдық топтар мен ұйымдар белсенді түрде мемлекеттік саясаттың қалыптастырылуына тартылады.
3. «Аралас үлгі» өзіне жоғарыдағы екі үлгіні біріктіреді. Мұнда саясаттың өңделуіне азаматтар мен мемлекеттік қызметкерді тарту күшейтілген орталықтандырылған басқару механизмдері арқылы жүзеге асырылады.
Әдетте мемлекеттік саясатты билік органдарының қоғамдық өмірдің жекелеген салаларында шешуге қажетті мәселелері мен сұрақтарының мазмұны, нысаны және бағытына қарай бөледі. Мемлекеттік саясаттың мынадай түрлері бар: экономикалық, әлеуметтік, отын-шикізаттық, әкімгершіліктік, экологиялық, шет елдік, ұлттық қорғаныстық, кадрлық, демографиялық, мәдени, ақпараттық, аграрлық, құқықтық, ғылыми-техникалық және т.б.
Мысалы, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын құрастыруда шаралар келесі бағыттарда өңделеді: қаржылық, ақша және бағалық саясат, құрылымдық саясат, аграрлық саясат, әлеуметтік саясат, аймақтық экономикалық саясат, сыртқы экономикалық саясат.
Мемлекеттік саясатты басқа критерийлер бойынша да бөлуге болады, мысалы: саясатты өңдеу мен жүзеге асырудағы қатысушылар арасындағы қатынас нысаны бойынша, белгілі бір саясаттың конфликтілік деңгейіне қарай, бөлушілік, реттеушілік, әкімгершілік-құқықтық, стратегиялық және тығырыққа қарсы (антикризистік) саясат.
Бөлушілік саясат билік органдарының халықтың түрлі топтары арасында материалдық игіліктер мен табыстарды (пайдаларды) бөлудегі іс-әрекетімен байланысты. Олар әлеуметтік бағдарламалар, білім беру, ғылым және т.б.
Қайта бөлушілік саясат белгілі бір ресурстарды халықтың бір тобынан келесі бір тобына салықтардың, тарифтердің, трансферттердің көмегімен беруді білдіреді.
Реттеуші саясат мемлекеттік басқару органдарының әр түрлі қызметтерді реттеу шараларын қосады, олар экономикалық реттеу, тұтыну рыногын қорғау және т.с.с. болуы мүмкін.
Әкімгершілік-құқықтық саясат мемлекеттің нормативтік қызметімен тікелей байланысты.
Стратегиялық саясат шет елдік мемлекеттермен арақатынасты қамтиды және де шет елдік, қорғаныстық саясаттарды қосады.
Антикризистік саясатты мемлекет төтенше жағдайлар туындап, арнайы іс-әрекеттерді талап еткен жағдайларда жүргізеді.
Шешілетін мәселелер мен қамтитын қоғамдық салалар масштабтарына қарай мемлекеттік саясаттың үш деңгейін атап көрсетеді:
– макродеңгей, ел немесе елдер тобын қамтитын ғаламдық масштабта;
– метадеңгей, жекелеген салалар мен бағыттарға қатысты;
– микродеңгей, жекелеген мәселелердің шешілуін көздейтін деңгейдегі саясат.
Ғылыми әдебиетте мемлекеттік саясаттың мына аспектілеріне баса назар аударылады: саясатты өңдеу процесі, белгілі бір саладағы саясаттың мазмұны, саясаттың нәтижелері мен салдары, саясаттың негізделу әдістері, талдау зерттеулері және т.б.
Мемлекеттік саясаттың жүзеге асуы бұл – қойылған мақсаттарға жетудегі тұрақты, динамикалық процесс. Мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуының құрамдас бөлігі оның жүзеге асырылу механизмін анықтау болып табылады. Бұл механизм келесі шаралар кешенінен тұрады: ұйымдастырушылық-басқарушылық, нормативтік-құқықтық, қаржылық-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық.
Мемлекеттік шешім – бұл мемлекеттік органдардың немесе қызметтік тұлғалардың өкілеттік шеңберінде қабылданған мемлекеттік актілерде бекітілетін ресми бейнеленген формадағы мемлекеттік биліктің ерекшелігі болып табылады.
саяси
әкімгершілік
Саяси шешімдерді мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары (Президент, Премьер-Министр), заңдық және атқарушылық аймақтық билік органдарының жетекшілері-Министрлері қабылдайды. Саяси шешімдер мемлекеттік шешімдердің 1-ші деңгейі болып табылады
Әкімгершілік шешімдер оның 2-ші деңгейі болып табылады. Әкімгершілік шешімдер – бұл саясат жетекшілерінің шешімдерін дайындауға, қабылдауға және жүзеге асыруға қажетті жағдайда қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекеттік шешімдердің нысандық белгілері келесі:
- Мемлекеттік билік органдарының құқықтық актілері ретінде қабылдаған шешімдері олардың әрекеттерінің заңдық маңыздылығын айқындайды;
- Міндеттілік;
- Мемлекеттік биліктің күші бар органдарының шешімдері ережеге сәйкес міндеттейді, тыйым салады, өкілеттілік береді, қысқартады, рұқсат береді, ынталандырады, жазалайды;
- Шешімдер белсенді ұйымдастырушылық ролін атқарады;
- Мемлекеттік шешімдерге ережелер жүйесінің болуы.
Басқару шешімдерінің барлық түрлеріне тән параметрлерді атап өтуге болады:
- Субъектілік, объектілік қатынастың болуы;
- Шешімдердің мазмұны;
- Шешімдерді қабылдау процедурасы;
- Шешім формасы
- Шешімдердің жүзеге асу уақыты.
Мемлекеттік шешімдер келесі құқықтық құжаттарда бейнеленеді: Заңдар, қаулылар, Жарлықтар, бұйрықтар, ережелер, инструкциялар.
Ашықтық критерийлеріне байланысты шешімдер ашық және жабық болады:
Ашық шешімдер – көпшілікке мәлім.
Жабық шешімдер – ұлттық қауіпсіздікпен, оперативті іздестірумен, әскери сыртқы саясат шеңберінде қабылданады.
Жалпы мемлекеттік шешімдерді келесідей топтауға болады
| |
Басқару субъектілеріне қарай
|
а) жалпыхалықтық
ә) аймақтық, жергілікті
б) заңдық, атқарушылық, сот билігі
в) бірегей коллегиялық шешім
|
Жүзеге асыру мақсаты және уақытына байланысты
|
а) стратегиялық
ә) тактикалық
б) оперативтік
|
Жүзеге асу масштабына қарай
|
а) жалпымемлекеттік
ә) локальдық
б) ведомствалық
|
Нормативтік табиғатына қарай
|
а) жалпы нормативтік
ә) жеке
|
Заңдық күшіне қарай
|
а) жоғары (конституциялық)
ә) заңдық
|
Мемлекеттік басқару түрлеріне қарай
|
а) азаматтық
ә) әскери
|
Құқықтық актілердің формасына қарай
|
а) заңдар, қаулылар
ә) ережелер, бұйрықтар
|
Қабылдау тәртібіне қарай, бейнелену тәсілі және заңдық күшінің берілуіне қарай
|
а) алғашқы
ә) екінші, яғни басқа шешімдер арқылы жүзеге асырылатын және бекітілетін шешімдер
|
Өңдеу әдістеріне қарай
|
а) қарапайым, қалыпты (аналогиялық)
ә) ерекше, қалыпсыз (оригиналдық)
|
Мазмұнына қарай
|
а) жазбаша
ә) ауызша
|
Жүзеге асу шеңберіне қарай
|
а) тікелей
ә) шеңберлік
|
Атқарылу маңызына қарай
|
а) міндетті
ә) кепілдемелік
|
Әсер ету нысанына қарай
|
а) ынталандырушы
ә) протекционистік
|
Ашықтық дәрежесіне қарай
|
а) жалпы пайдалануға
ә) қызметтік пайдалануға
б) құпия
в) өте құпия
|
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі шешімдерді қабылдауда бұл аталған классификация мемлекеттік шешімдер кешенінің жүйелік мінездемесін бейнелейді. Шешімдерді қабылдау процедурасы 3 кезеңнен өтеді:
- дайындау
- қабылдау
- шешімді орындау.
Басқарушылық шешімдерді дайындау кезеңі – мәселені анықтаудан басталып, нормативтік акт жобасын жасау және оны қабылдау процедурасы келісілетін әкімгершілік органға немесе өкілетті тұлғаға беруден аяқталады.
Қабылданатын шешім жобасын безендіру, ұсыну мен келісілу процестерін қосатын екінші кезең өз кезегінде жеті кезеңнен тұрады, олар:
1) нормативтік инициатива құқығына ие мемлекеттік органдар тізімін жасау;
2) нормативтік акт жобасын қарастырылатын органға енгізу тәртібін өңдеу;
3) нормативтік акт жобасын талқылауға дайындау;
4) нормативтік акт жобаларын талқылау мәжілісін дайындау мен жоспарларды қалыптастыру;
5) нормативтік акт жобаларын талқылау мәжілісін өткізу процедурасы;
6) нормативтік актіні қабылдау процедурасы;
7) басқа мемлекеттік органдар мен халықты қабылданған нормативтік акт туралы хабардар ету.
Шешімді орындау кезеңі немесе үшінші кезеңде мәселені шешуді ұйымдастыруда шешім функция, өкілеттілік және жауапкершілікті бөлу негізінде енгізу қарастырылады.
Назарларыңызға
Рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |