Мемлекеттің ақпараттық жүйесі және басқарушылық ақпаратты қалыптастыру көздері
Ақпараттық жүйе (АЖ) – бұл төмендегі міндетті элементтерді қамтитын барлық ақпараттық-құжаттық ағындарды басқару процесінде іске қосылған тұтас мекемелер инфрақұрылымы:
- Ақпараттық модель – АЖ әрекет ету ережелері мен алгоритмдерінің жиынтығы (құжат формалары, анықтамалар құрылымы, т.б.);
- Ақпараттық модельдің даму регламенті мен оған өзгерістер енгізу ережелері;
- Ақпараттық модельдің қалыптасуы мен дамуына жауап беретін кадрлық ресурстар (даму департаменті, тартылатын кеңесшілер);
- Бағдарламалық кешен;
- Бағдарламалық кешенге өзгерістер енгізу регламенті;
- Пайдалану талаптарына жауап беретін аппаратты-техникалық база;
- Пайдалану ережелері.