Мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыз етудегі тиісті ғылыми-зерттеу институттарының атқаратын рөлі.
Орындаған: Данабайқызы І.
Тексерген: Абдиева С.Р.
Пайдалану үшін қолайлы формаға жүйелендірілген құбылыстар, процестер туралы мәліметтер жиыны ретінде ақпаратмемлекеттік басқару негізін құрайды. Басқарушылық ақпарат - бұл басқарушылық ықпалды қалыптастыру және жүзеге асырудың мемлекеттік-құқықтық процестеріне жарамдылық критерийі бойынша әлеуметтік ақпарат (мәлімет) бөлігі.
Мұндай ақпарат келесі бағыттар бойынша бағдарлануы тиіс:
біріншіден, адамдардың жеке және қоғамдық іс-әрекетіндегі мемлекеттің орны мен ролі бойынша, нақты мемлекеттік органдардың өкілеттігі бойынша (басқарушылық ақпараттың көлемі мен мазмұны мемлекеттік органдардың өкілеттіктерімен үйлесуі тиіс);
екіншіден, басқарушылық процестерде міндетті жүзеге асырылатын заңдар мен өзге нормативтік актілердің сипаты мен иерархиясы бойынша (көбінесе мемлекеттік басқару заңдарды орындау үшін әрекет етіп, оған аталмыш қатынастар жағдайын ашатын ақпарат қажет);
үшіншіден, түрлі мемлекеттік органдардың басқарушылық ықпалын жіктеп, нақтылайтын басқарушылық объектілердің қасиеттері, формалары мен заңдылықтары бойынша.