Мемлекеттік билік – арнайы мәжбүрлеу аппаратына сүйенетін қоғамды билеу тәсілі. Мемлекеттік билік



бет1/6
Дата10.10.2022
өлшемі33,88 Kb.
#152492
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
мемлекеттік билік черновик


Мемлекеттік билік – арнайы мәжбүрлеу аппаратына сүйенетін қоғамды билеу тәсілі.
Мемлекеттік билік:

  • жария билік болып табылады, яғни қоғам өмірімен ресми түрде айналысады;

  • тәуелсіз билік, яғни мемлекеттің өзінде де, шетінде де мемлекеттік жұмыстардың саласында тәуелсіз және дербес;

  • тұрақты негізгі арнайы аппаратпен жүзеге асады (мемлекеттік аппарат);

  • өз мемлекетінің жерінде мәжбүрлеуге монополиялық құқығы бар;

  • бюджеттің құрылуына мемлекет қазынасына салық салу үшін монополиялық құқығы бар;

  • мемлекеттің жерінде тұратын барлық жеке тұлғаларға (заңдық, жеке) арналады;

  • нормативтік-құқықтық актілер шығарады.

«Мемлекеттік билік» және «мемлекет» деген ұғымдарды шатастырмау маңызды. Екеуі бір ұғым емес. Мемлекеттік билік дегеніміз – қоғамды басқару тәсілі, ал мемлекет дегеніміз – қоғамды ұйымдастыру тәсілі. Мемлекеттік билікті мемлекеттік органдар басқарады. Мемлекеттік орган дегеніміз – биліктің берген өкілдігі мен мемлекеттің қызметін іске асыратын ұйым. Оларға үкімет, министрлік, агенттіктер, әкімшіліктер, құқық қорғайтын органдар т.б. жатады. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады, ал олардың ерекше түрі лауазымды адамдар. Мемлкет қызметкерлерін асырау жауапкершілігі қоғамға жүктеледі. Билік өкілдігінің қызметі орындалуға тиісті нормативтік-құқықтық актілерді шығарудан білінеді. Осы актілердің орындалуы үшін мемлекет түрлі әдістерді қоданады: мәжбүрлеу, мадақтау, рұқсат ету және тыйым салу, т.б.
Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі. Қазақстан Рсепубликасының Президенті – мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік етеді. Президентті Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақстан Республикасының Президенті болып, тумысынан республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұрған республика азаматы сайлана алады. Ғибадатта қызмет ететін тұлға президенттікке кандидат бола алмайды және ол кандидат белсенді сайлау құқығына ие болуы тиіс. Президенттікке келесі сайлау желтоқсанның бірінші жексенбісінде өтеді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының алатын орны ерекше, оның мәртебесі мен қызметін тек Қазақстан Республикасының Конституциясы ғана емес, сонымен қатар бөлек конституциялық заң анықтайды.
Республика президентіне кең ауқымды өкілеттіктер берілген, бұл өкілеттіктер конституциямен «ҚР Президенті туралы» конституциялық заңда көрсетілген. Президентке заң шығару бастамасы құқығы ұсынылған. Ол дегеніміз парламентке талқылауға заң жобасын ұсынуға мүмкіндігі бар. Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияда қарастырылған жағдайларға заң қабылдау мүмкіндігі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет