XX ғасырдың басында қазақ халқының отаршылдық езгіден құтылып, рухани оянуына үлес қосқан тұлғалардың бірі – саяси-қоғам қайраткері, ақын, жазушы, публицист, ағартушы, ұстаз Міржақып Дулатовтың өмірі мен қызметі туралы білімдерін кеңейту, оқушылардың кең ауқымды танымын қалыптастыру,олардың өзіндік жеке пікірін білдіруге жетелеу. Берілген ақпарат бойынша жазушыны жан-жақты зерттеу.
Міндеттері
білімгерлердің ойлау, топтасып жұмыс істеу, сөйлеу қабілеттерін байыту.
оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру, ой қорыту, пікір айту дағдыларын жетілдіру ;
шығарма тағылымын таныту арқылы туған тілге, туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
«Мен сенің бойыңнан мына қасиеттерді көргім келеді...» (тапқырлық, білімділік, шығармашылдық, саналылық) тренингі арқылы топқа бөлемін.
(оқушылар мұғалімнің қолындағы адамның әр түрлі қасиеттері жазылған парақшаларды суыру арқылы топқа бөлінеді, қасиеттері бірдей оқушылар бір топқа жайғасады)
Алдын-ала бағалау парақтары ұсынылады.
Оқушылар өзара бағалау әдісімен жұмыстанады.
Жұптық, топтық жұмыс
А.Міржақып Дулатовқа арналған бейнефильмді қарау. ( 6 мин.)
Деңгейлік тапсырмалар арқылы білімдерін жинақтау.
1.Репродуктивтік деңгей «Ойлан,бірік,талқыла!» деп аталады. Топтық жұмыс, ұяшықтардағы пішіндерді таңдап, тапсырмаларды орындайды.
1.Тұлғаны таныту (туған жері,отбасы )
2. Шығарамашылық мұрасы (шығарамалары оның негізгі идеялары )
3. Тәуелсіздік жолындағы жалынды күрескер
2.Алгортмдік деңгей. «Кім?Не?Қашан?» деп аталады. Топ басшылары түстерді таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
Сандардағы ұяшықтарды таңдап,ішіндегі тапсырмаларды орындау
1 саны «Шешенің балаларын сүюі» өлеңіне сатылай кешенді талдау.
Өлеңге сатылай кешенді талдау.
2 саны «Тұңғыш құрбан» өлең мазмұнына талдау жасау
Өлеңнің тақырыбы
Ақынның айтар ойы
Менің ойым
Көркемдік қуаты
3 саны «Жас қазақтар қайдасың?» өлеңіне пікір жазу. Әрбір топ өз тапсырмаларын қорғайды.
Дәптерлеріне жаңа тақырыпты жазады.
Тапсырма бойынша жұмыстанады.
Топтық жұмысқа даярланады.
Әр топ өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыстанады, флипчарттарды толтырады, ой-пікірлерін бір арнаға тоғыстырады, бірігіп атқарған жұмыс нәтижесін бір оқушы көрсетеді.
Әр топ оқушылары өзара бағалап отырады.
Интербелсенді тақта, тақырыпқа сай слайд материалдары