Сабақтың тақырыбы : Міржақып Дулатовтың өмірі және еңбектері. Сабақтың мақсаты



Дата31.12.2019
өлшемі0,86 Mb.
#55061
түріСабақ
Ақмола облысы білім басқармасы

№ 5 АТК КММ

Қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақтың

әдістемелік әзірлемесі


Тақырыбы:

«М.Дулатовтың өмірі және оның еңбектері»

2014-2015оқу жылы

Бозайғыр ауылы

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты.

М.Дулатов. «Оян, қазақ»



Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатовтың өмірі және еңбектері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақынның өмірі мен ақындығын таныту, шығармаларына әдеби талдау жасау;

Дамытушылық: Ақын шығармалары арқылы студенттердің тіл байлығын,ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Адамгершілікке, елжандылыққа, тілді құрметтеуге, ізгілікке тәрбиелеу;



Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ

Сабақтың әдісі: Ақпараттық –коммуникативтік технология және сын тұрғысында ойлау технологиясының элементтерін қолдану;

Сабақтың көрнекілігі: Ақын суреті, кестелер, интекактивтік тапсырмалар, интерактивті тақта, электрондық оқулық, слайд ,дидактикалық тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

І.а. Ұйымдастыру кезеңі: Топты 2-ге бөлу

ә.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

ІІ.Өткен тақырыпты қайталау

Ой шақыру.

Өткен сабақта Алаш көрнекті қайраткері, ірі ғалым- тілші, әдебиет зерттеуші, түркітанушы, дарынды ақын-аудармашы- А.Байтұрсынов туралы өткеміз.



  1. А.Байтұрсыновтың өмір жолы.

1-топ

1. А.Байтұрсынов өмір сүрген жылдар (1873-1938)

2. Орынбордағы мектепте қай жылдары оқыды. (1891-1895)

3. Олардың жанұяларының қуғынға ұшырауына себепші болған кім? (Полковник Яковлев)

4. Торғай қаласында екі сыныптық мектепте оықған жылдары (1886-1891)

5.    40 мысал кітабы қайда, қашан шықты? (1909 жылы Петербургта)

6. 1907 жылы Қарқаралы түрмесіне не себепті отырғызылды? (отаршылдық саясатқа қарсы өлең шығарып, патшаға хат жазуды ұйымдастырғаны үшін)

7. 1926-1928 ж қандай оқу орындарында сабақ берді? (Ташкент институты, Алматы уневерситеті)

8. Маса жинағы қашан, қайда шықты? (1911 жылы Орынборда)

2- топ


  1. Қазақ газеті қашан шықты? Редакторы кім? (1913 жылы 2 ақпан А.Байтұрсынов)

  2. 1921 жылы қандай қызмет атқарды? (халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми әдебди комиссиясы төрағасы.)




  1. Ана тілінде сауат ашар «Оқу құралы» әліппесі қашан шықты? (1912 жылы Орынборда, 1925 жылға дейін қолданылды)

  2. Ересектерге, оқушыларға арналған сауат ашар кітабын ата? (Әліп – би)

  3. Қазақ тілін пән ретінде оқытатын оқулықтары (тіл құралы үшін кітап1914-1916) (Тіл жұмсар 1928 жылы)

  4. 1923 бастырған қазақтың эпостық жыры (Ер сайын)

  5. 1926 жылы бастырған халық өлеңдері қандай атпен жарық көрді? (23 жоқтау)

  6. Ахметке көрсетілген сый құрмет қандай?

Ақын шығармашылығының ішіндегі ең көлемділері-қандай шығармалар? «Қырық мысал» және «Маса»

Мысалмен айтқан көп ойлар. Ақынның ең өнімді қалам тартқан әдеби жанрдың бірі- мысал

«Қырық мысал» жинағы қандай тақырыпта, қандай мақсатта жазылған? Қзақтың ұлттық сана-сезімінің оянуына қалай әсер етті? Осы сұраққа жауап беру үщін

Бір оқушы а. Электрондық оқулықтан интерактивті тапсырма орындайды.

Әрбір топқа ақынның мысалдарынан тапсырма таратылады. Осы берілген мысалдардың мазмұнын айтасыңдар

-Тағы бір көлемді шығармасы «Маса» өлеңдер жинағы.

Түсіне қарап,

Ішінен түңілме!

Күшіне қарап,

Ісінен түңілме.

Мысалмен берілген ойлар «Маса» кітабында ашық, анық, нақты айтылады.

а)1 оқушы электрондық оқулықтан интерактивті тапсырма орындайды

Ахметтің «Маса» жинағындағы өлеңдерінен әр топ бір-бір өлеңін айтып,талдау



1- топ «Жиған-терген»-өлеңі

2-топ қандай өлеңін айтасыңдар? «Досыма хат»

ІІ.Жаңа білімді меңгерту. Ой толғау.

1.Халық деп соққан жүрегі.

Бүгін біз сабақта ұлтына «Оян, қазақ» деп ұран салған алаш арыстарының бірі- жазушы ақын М.Дулатов өмір жолы және шығармашылығымен таныс боламыз.



Мұғалімнің кіріспе сөзі: М.Дулатов ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық -демократтық бағыттағы оқыған азаматтардың бірі ,алаш қозғалысының белсенді қайраткері.

2Шығармашылығы .Қазағын оятып, ойлантқан!

. Ақынның шығармашылығына тоқталсақ М.Дулатов қазағын оятып, ойлантқан ақын.

Ақын қиын кезеңде өмір сүрсе де артына өлшеусіз зор рухани қазына қалдырған қаламгер.Өз шығармаларында туған елін оятуға ұмтылды. Ақынның даңқын қазақ арасына жайған,А.Байтұрсыновтың «Масасы» мен»Қырық мысалына» ілесе шыққан

«Оян, қазақ» кітабы еді.1909 жылы Уфа қаласында басылып шықты.

Кітап атының өзі айтып тұрғандай халқын оятуға, ілгері бастыруға жар сала келді.

М.Дулатов кітабының беташар шумағында:

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты.

-Міне ,қазақ ұлтының хал-жағдайы осы төрт жолға сыйып тұрған сияқты.

М .Дулатовты да толғандырған мәселе- халықтың тағдыры, елдің қайғысы мен мұңы.
Ұйқыда жатыр қазақ көзін ашпай,

Кеттік қой отқа күйіп, өрттен қашпай.

Әр халық алға кетіп жатса-дағы,

Біздің жұрт шегінеді қадам баспай...

Күн көреміз қайда барып, Алашым?

Білгіштерің хал мүшкілін қарасын.

Сүйегі жоқ, тіске жұмсақ болған соң,

Әркім жейді біздің қазақ баласын... міне балалар мына өлең шумақтарынан халықтың ауыр халін айқын көруге болады.

Ақынның да «Оян,қазақ» кітабындағы өлеңдері үгіт пен насихат формада жазылған, көп өлеңдерінің тақырыбы- халқының ауыр жағдайы, ресей отарлығынан таяқ жеген елді ояту, қазақ елінің намысын, еңсесін көтеру «Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі», «Қазақ жерлері» өлеңдерінде халыққа қысым түсірген отаршылдық саясатты батыл жырлаған. Әрбір өлеңнен елін азапқа түсіріп,жерін тозаққа айналдырған отаршылдық езгіге қарсы батыл үн көтеріп, ұлтын еркіндік санаға шақырған ер тұлғасы танылады.
Өздік жұмыс. Таза бұлақ» өлеңі

Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесі бойынша қойылым.

Ақынның «Таза бұлақ» өлеңін Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін еске түсіре отырып ,ақынның жыр шумақтарымен берілген жолаушы сөздерін , әңгіме мәтінімен рөлдерге бөліп оқу керек. Сонда студенттер Ы.Алтысариннің әңгімесін М.Дулатов өлеңмен жеткізгенін ұғады.

б )Халқының басындағы ауыр жағдайды айқын көріп, дәл басып айта білген ақын енді содан айықтыру жолдарын іздейді, елінің де басқа жұртпен терезесі теңеліп іргелі ел болуын көксейді.

Енді ақын халқын өнер-білім игеруге, надандық-мешеуліктен құтылып, мәдениетті, өресі биік ел болуға шақырады.Ақын бұл тілекке елді жеткізетін оқыған азаматтар деп біледі.



«Шәкірт»-өлеңі

«Оян, қазақ» жинағы міне осылай заманның зәру мәселелерін

ашық та өткір көтерумен, халықтың ұлттық намыс, сана-сезімін оятуымен құнды мұра.

«Ұлтын оятқан ақын» тақырыбына әрбір топ эссе жазу

ІІІ.Сабақты қорытындылау:

«Миға шабуыл»

1-топтың тапсырмасы:

Венн диаграммасы бойынша Ахметпен Міржақыптың өмір жолы және еңбектерінің ұқсастығы мен айырмашылығы

2-топ тапсырмасы:

Кестені толтыр

Нені білу керек ?



М.Дулатовтың қандай шығармасын білесіз?

Мен осы шығармадан не үйрендім?






Міне, оқушылар . осындай арыстарымыздың азаттық рухының, ерен ерлігінің арқасында ұлан байтақ жерімізді сақтап бүгінгі тәуелсіздікке жеткеніміз ақиқат.



Студенттерді білім деңгейіне қарай бағалау:

Үй тапсырмасын беру:

М.Дулатовтың өмірбаянын оқу, қалаған бір өлеңін жаттау.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет