Сабақтың тақырыбы : Қадыр Мырза Әлі Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата05.11.2016
өлшемі467,21 Kb.
#372
түріСабақ
  1   2
Ақмола облысы білім басқармасы

№ 5 АТК КММ


Қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақтың



әдістемелік әзірлемесі
Тақырыбы:

«Қадыр Мырза Әлі»



Дайындаған:

Хуаныш Р
2014-2015 оқу жылы

Бозайғыр ауылы

Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін

бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз

көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі

біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі».

Әбіш Кекілбаев.



Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әлі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақынның өмірі мен ақындығын таныту, шығармаларына әдеби талдау жасау;

Дамытушылық: Ақын шығармалары арқылы студенттердің тіл байлығын,ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Адамгершілікке, елжандылыққа, тілді құрметтеуге, ізгілікке тәрбиелеу;



Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ

Сабақтың әдісі: Ақпараттық –коммуникативтік технология және «Арнайы жоба» бағдарламасы аясында

Сабақтың көрнекілігі: Ақын суреті, интерактивті тақта, электрондық оқулық, бейнебаяндар, слайд .

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а. Студенттердің сабаққа қатысы, дайындығы тексеріледі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

ІІ.Өткен тақырыпты қайталау кезеңі:



Ой толғау.

Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасын жаттау



ІІ.Жаңа білімді меңгерту.

Ой шақыру.

Бүгін біз сабақта қазақты күллі әлемге таныстырған абыз ақын Қадыр Мырза Әлі өмір жолы және шығармашылығымен таныс боламыз.



1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

ХХ ғасырда қазақ әдебиетінің ғарыштап дамып, шырқау шыңына жеткен кезеңі. Дәл осы уақытта қазақ әдебиетінің алтын қорына енетін классикалық туындылар жазылды. Ұлтымыздың сан қилы тарихын баяндайтын романдар, рухқа толы дастандар ,жүректі тербейтін лирикаға толы өлеңдер – міне, қазақ әдебиеті тарихындағы ең бір жемісті кезең. 60-шы жылдары поэзия төңірегінде клең мықтылар жиналды. Олар: Мұқағали Мақатаев, Сағи Жиенбаев , Тұманбай Молдағалиев, Жұмекен Нәжмиденов, Қадыр Мырза Әлі, Фариза Оңғарсынова. Әр қайсысы бір елдің маңдайына біткен классиктер.Бұлар қазақ поэзиясына төнкеріс әкелгендер, алдыңғы толқын алыптарының із басары.

Әр қайсысының ешкімге ұқсамайтын ерекшелігі бар. Олар жабыла жазды, қызыға жазды, құмарта жазды, ақыры айтқанда өлеңмен өрілген өшпейтін із қалдырды. Солардың ортасынан Қадыр Мырза Әлі – дараланып ,оқшауланып шықты.

Бейне баян» ( Өмірінен)

Міне , балалар биыл ақынның туғанына 80 жыл. Арамыздан кеткеніне 4 жыл. Қазірге дейін өз оқырмандарынан бірде – бір сәтке ажыраған емес.



2. Шығармашылығы . «Маған түкте керегі жоқ сенсеңіз» -өлеңі

Өзі қай ғасыр, қай заман болса да елдің рухын ақын – жазушылардың төңірегінен іздеп жатамыз. Кеңес заманында ол біздің қалыптасқан әдеби орталығымыз болатын Сол әдеби орталықтың өмірін анық та қанық жазып кеткен бірден – бір қаламгер Қадыр Мырза Әлі болған.

Ақынның шығармашылығына тоқталсақ: ақынның өзгелерден ерекшелігі өлеңдері тап – тұйнақтай, шумақтары шағын, тұтас ойын тілдей қағазға сыйғызатын,солай бола тұра түпкі ой, мән – мағынасы алқымды шығармалардан еш кем емес.

Оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық әдеби – сын кітаптары жарық көрді., өлеңдері мектеп оқулықтарына енді.

2. Қадыр Мырза Әлі балалар әдебиетін биік белеске көтеріп кеткен ақын. Алғашында балалар ақыны ртінде кеңінен танылды. ҚМУ тамамдаған жас маман еңбек жолын сол кездегі жаңа ашылған балалар журналы «Балдырған» -нан бастаған. Бұл кезең балалар әдебиетінің , әсіресе балалар поэзиясының өркендеуімен тұспа – тұс келді. Үш алып Мұзафар Әлімбаев, Тұман Молдағалиев , Қадыр Мырза Әлі «Балдырған» журналы арқылы сан ұрпақты тәрбиеледі, әлі де тәрбиелеп келеді.

Ақынның айтуға жеңіл астарында ізгілік, адамгершілік жатқан өлеңдері 60-шы жылдардың бүлдіршіндері сияқты ХХІ ғасырдың оқушыларыда жақсы көреді, қызыға оқиды.

1- оқушы:«Домбыра»

2- оқушы: «Тілдің туы» өлеңдері

Ақынның өлеңдері шымырлығымен ,ойнақылығмен халықтың, кішкентай оқырмандардың көңілінде мәңгі қалды.

3. Ақын өзінің бүкіл қазақ халқының тағдырын, тынысын, табиғатын қазақ халқының даласын, тауын кеменгерлікпен жырлап кеткен кеменгер ақын.

«Бір жақсысы – қимаған даланы кең» -өлеңі.

«Бір жаманы – бір жақсысы» -өлеңі» (Арнайы жоба-04-мин)

Міне мұндай кең тыныспен жаңаша жырлау бұл ақын Қадыр Мырза Әліден басталған.

Бұл өлеңде өмірлік шындық, - баршаға белгілі, кәдімгі көз үйренген, құлаққа сінген тіршілік.Өлеңде халқымыздың қонақжайлылығы, батырлығы, еркіндік сүйгіштігі секілді қасиеттері де, сол сияқты кемшіліктері де –баршаға аян шындықтар.Ақынның тапқырлығы – ұнамды және ұнамсыз ерекшеліктерді бір – біріне қарама – қарсы қойып,бірін ардақтап, екіншісін сынға алуында. Мұнда өз кемшілігін өзі көрген оқырман халықтың ойланбасқа шарасы қалмайды.Міне ,осы арада ақынның бірінші тапқырлығы, екінші- ойын өткір, айқын да жеткізу үшін қарама – қарсы қою, яғни контраст тәсілін шебер қолдануы

«Қазақтарды шетелдегі қонақтарға таныстыру» -өлеңі

Халқымыздың қонақжайлылығын, өнерге деген құштарлығын, кеңпейілділігін жырлайды

Ақын бар саналы ғұмырын жазуға арнаған. Өмір бойы қызметіне ғашық болған ақын. Кезінде Соц. Қазақстанға қызметке , әдебиет өнер бөлімінің меңгерушісіне жұмысқа шақырған, Бірақ ақын бас тартқан Ол кезде бір бір бөлімнің бастығы болу деген үлкен қызмет болған. Бірақ осы барлық қызметін шығармашылық үшін құрбандық қылған ақын. «Мен «- дейді егер сол қызметтермен жүргенде бүгінгі істеген жұмысымның 50 пайызында істемес едім..» Ақынның өлеңдері шымырлылығымен оқырмандардың көңілінде мәңгі қалды.

3. Қыдыр Мырза Әілнің есімін айтқанда ақынның кітапханасы туралы айтпауға мүмкін емес. Ақынның әдеби ортада білімділігімен мәлім болу сыры осында жатса керек. Ақын өмір бойы кітап жинаған. Жинаған кітаптарының саны 10 мыңнан асады. Ақынның жеке кітапханасы кезінде Алматыда ең бай кітапхана болған. Бүгінде 7 мыңнан астам кітабы қаламгердің туған өлкесі Оралға жеткізілді. Бейнебаян(Жеке кітапханасы)

Ақынның кітапханасы ұлттың руханиятына керекті дүние. Кітапханасын зерттеп, зерделеудің өзі үлкен әлем. Оны оқудың өзі бір әлем.

ІІІ. Ойды бекіту

Инсерт кестесі.

Студент осы тақырыпқа дейін не білді, тақырыпты өткеннен кейін не білді?





Нені білемін?

Нені білдім?







ІІІ. Ой қорыту Қазақтың қазіргі ән әлмін Қадыр Мырза Әлісіз елестету қиын Оның әнге жазған мәтіндері өте құнды.Қаламгер Әсет Бейсеуов, Нұрғиса Тлендиев, Шәмші Қалдаяқов, Седолла Бәйтереков, Ескендр Хасанғалиев сынды қазақтың ән өнері майталмандарымен шығармашылық байланыста болды. Өлең өнерінде үлкен орын қалдырған ақын. 200 –ден астам әннің сөзін жазған. Қадыр Мырза Әлі сөздеріне жазылған әндердің басым көпшілігін ел біледі, сүйіп тыңдайды. «Өз елім», «Қазақ осы», «Цыган серенадасы», «таңдану», «Құштар көңіл», «Атамекен». «Атамекн «әні халықтың ықыласына ерекше бөленген ән. Өлең Ескендр Хасанғалиевтікі. Автордың айтуынша алдымен ән пайда болған екен. 45 жыл ел аузынан түспей келе жатқан бұл әннің сөзін ақын бір жетінің ішінде сөзін даяр етеді. Сөзі ді әні де бірін – бірі тапқан . Бұл әнді балабақшадан бастап, орта буын, үлкендер барлығы да айтатын болса, біз бүгінгі сабағымызды осы «Атамекен» әнімен бітірсек...

Қадыр Мырза Әлінің артында мол мұра қалды, өшпейтін із қалды. Өсиетке толы өлең жырлары халқымыздың жүрегінен мықтап орын алады.



Студенттерді білім деңгейіне қарай бағалау:

Үй тапсырмасын беру:

Қадыр Мырза Әлінің өмірбаянын оқу, қалаған бір өлеңін жаттау.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет