Бюджеттердің құрылысы:
1) Түсімдерден:
2)Шығыстардан: шығындардан, кредиттерден;
3)Бюджет тапшылығынан ( профицитетінен ;
4)Бюджет тапшылығын қаржыландырудан (профицитті қолданудан) тұрады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Бюджет жүйесі ең алдымен, мемлекеттің құрылымымен анықталады. Унитарлық мемлекеттердің бюджет жүйесі екі буынды қамтиды: республикалық және көптеген жергілікті бюджеттер. Ал федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан — федеральды бюджет немесе орталық үкіметтің бюджетінен, федерация мүшелерінің бюджетінен (АҚШ-тағы штаттардың, Германиядағы жерлердің, Канададағы провинциялардың. Ресейдегі Федерация субъектілерінің), жергілікті бюджеттерден құралады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен сәйкес құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды. Бюджеттің әр түрлі деңгейлері жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық және жергілікті бюджеттердің болуын көздейді.
Республикада келесі деңгейлердің бюджеті бекітіледі, орындалады және дербес болып табылады:
Достарыңызбен бөлісу: |