Егемендік белгілері
Егемендіктің маңызды белгісі- онда мемлекеттік биліктің жоғары органдарының болуы. Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілдік орган - Қазақстан Республикасының Парламенті. Парламент екі палатадан : Мәжілістен және Сенаттан тұрады . Олар тұрақты қызмет істейді. Мәжіліс депутаттарын азаматтар тікелей сайлайды. Ал Сенат депутаттарының басым көпшілігін мәслихаттар сайлайды. Сенаттың жеті депутатын Президент тағайындайды. Мемлекеттің басшысы - Президентті азаматтар сайлайды Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Президент мемлекеттік биліктің барлық буындарының келісіп қызмет істеуін қамтамасыз етуі қажет .
Егенмендіктің тағы бір маңызды белгісі - өз азаматтығының болуы . Азаматтыққа байланысты мәселелер Конституцияда , азаматтық туралы заңда, Президентің заң күші бар Жарлықтарында қарастырылған . Азаматтық - адамдардың мемлекетпен тұрақты саяси және құқықтық байланысының жағдайы . Мемлекет , оның органдары азаматтарға ол құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы үшін қажетті жағдай жасауы керек . Азаматтың міндеттері – Конституцияны , зандарды сақтау , мемлекеттік тілді , барлық ұлттардың тілдерін , әдеттерін , дәстүрлерін құрметтеу , еліміздің экономикалық қуатын күшейту .
Егемендіктің тағы бір маңызды белгісі — басқа мемлекеттермен қарым - қатынас жасау қабілеттілігі . Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының , басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі . Көптеген шет мемлекеттермен елшілік қатынастарын жолға қойды. Олармен саяси, экономикалық , мәдени , т.б. мәселелер бойынша халықаралық шарттар жасасты.
Достарыңызбен бөлісу: |