Сабақтың түрі: дөңгелек үстел Әдісі: пікір алмасу, сұрақ-жауап Барысы: Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі



бет1/5
Дата30.04.2024
өлшемі29,05 Kb.
#201584
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі тәрбие сағаты


Тақырыбы: Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік

Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. Конституцияны т. б. құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел


Әдісі: пікір алмасу, сұрақ-жауап
Барысы:
Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі
1. Бірінші бөлім:
а/ «Адам құқығы» дегеніміз не?;
б/ «Сенің құқығың» - баптарды еске түсіру.

2. Екінші бөлім:
а/ «Жастар арасындағы қылмыстар»;
б/Ситуациялық жағдайларды шешу.

3. Үшінші бөлім:
а/«Заңды консультация» - сұрақ – жауаптар;
б/ Кәмелетке толмағандарға қолданылатын жаза
түрлері.
4.Қорытынды.

1. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі.

Құрметті қонақтар, ата-аналар және оқушылар! Мемлекетіміздің Ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.


Бүгін бізде қонақта __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бүгінгі іс-шарамызда біз жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін қылмыс түрлері мен жазалар туралы сөз қозғаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет