Сабақтың түрі: дөңгелек үстел Әдісі: пікір алмасу, сұрақ-жауап Барысы: Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі



бет4/5
Дата30.04.2024
өлшемі29,05 Kb.
#201584
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі тәрбие сағаты

Ақмерей: Мысалы, кәмелетке толмаған Омар теміржол көпірінің астындағы жаяу жолаушылар жолымен келе жатып, 11-ші мөлтек ауданындағы үйіне бара жатқан Расулды жолықтырып, оны тоқтатқан. Омар Расулдың қалтасындағы ұялы телефонын көріп, одан телефон шалу үшін сұрады. Расул бұған көңіл бөлмей, әрі қарай жүре берді. Омар артынан ілесіп, жанар-жағармай станциясының жанында күш қолдану арқылы Расулдан ұялы телефонды тартып алған. Осы ұрлықты жасағаны үшін кінәлі деп танылған Омар шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
2010 жылы 17 қаңтарда 14 жастағы Виталий мен Станислав Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов көшесінде орналасқан № 58 үйдің ауласында кәмелетке толмаған Мирасты көрді, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнбейтіндей зорлық көрсету қаупімен ұялы телефонын талап етті. Мирас өзіне қолданылмақ болған зорлық қаупінен қорқып өзінің ұялы телефонын оларға беруге мәжбүр болды. Аталмыш қылмыс үшін Виталий мен Станислав қылмыстық жауапкершілікке тартылып, шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Өкінішке орай мұндай мысалдарды одан әрі ұзақ жалғастыруға болады.

Нұржан
Кәмелетке толмағандардың басқа бір қылмысының түрі ол – ұрлық жасау. Кәмелетке толмаған Валера мас күйінде, топтағы басқа да адамдармен Ақтөбе қаласындағы Трудовая көшесінде орналасқан азық-түлік дүкеніне келіп, күртешесін қолына орап аталмыш дүкеннің терезесін сындырып, ішіне кірген. Ол жерден қылмысты топ құны 36 925 теңге құрайтын азық-түлік пен спирттік ішімдіктерді қолды қылған. Осы қылмыстары үшін ол жауапкершілікке тартылып, сотталды.


Сот тәжірибесі көрсеткендей, жасөспірімдер өз әрекеттерімен қауіп төндіретіндерін түсінеді. Жасалатын іс-әрекеттің қауіптілігі жасөспірімге «өзгенің өмірі мен мүлкіне тиіспе», - деп бала кезінен ата-анасы немесе тәрбиелеушілерінің үйретуіне байланысты.
Кішкентай кезден бастап пайдалы ақыл-кеңес, дұрыс бағыт беру нәтижесінде қылмыстық әрекеттердің қауіптілігін сездіруге болады. Өсе келе жасөспірім жасалатын әрекеттерді өзі бағалап, таңдау жасай алады.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың істерін қарау барысында, олардың жеке басы, тәрбиелену мен өмір сүру жағдайлары, қылмысты жасау себептері, қылмысты жасауға себеп болған жағдайлары, оған деген ересектердің әсері - мұның бәрі тәрбиелеу бағытындағы шара қолдану мен жаза тағайындауда ескеріледі. Көп жағдайда ата - аналардың жасөспірімге дұрыс тәрбие бермеуі мен қылмыстық әрекеттерге бармауы туралы ескертуінің кемшілігі – құқық бұзушылық себебі болады.

2.2. Ситуациялық жағдайларды шешу.


Көшедегі көрініс
Арман: Шыңғыс бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Рахат: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?
Арман: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Рахат: Кеттік, жолшыбай Ердосқа соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Арман: Ердос, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Рахат: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Арман: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң, жібермей қалады.
Рахат: Жоқ, балалар, мені жібермейді, бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бір нәрсеге душар болармыз.
Арман: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме!
Рахат: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?

Сынып жетекшісі:


Құрметті ата-аналар, осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек.
1. Ата – ана қай жерден қате жіберіп отыр?
2. Учаскелік полиция инспекторына: - Осы жағдайда оқушылар және ата-аналар қандай жауапкершілікке тартылады?

1. Шалқар қаласы бойынша жасөспірімдердің арасында қандай құқық бұзушылықтың түрлері көп таралған?


2. Қылмыс жасағаны үшін жасөспірімдерге қандай жазалар қолданылады?
3. Қазіргі уақытта жас балалардың түнде көшеге шығуы кездеседі. Осыған қандай шаралар қолданасыздар?
4. Бір немесе екіден көп кәмелетке толмаған жасөспірімдер төбелескен кезде біреуі абайсызда суық қару қолданады. Бұл жағдайда қандай жазалар қолданылады?

«Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет