Байланысты: Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі тәрбие сағаты
Қылмыстық Кодексінің 39 бабында қарастырылған он екі жазаның ішінде кәмелетке толмағандарға мына жеті жаза түрлері ғана тағайындалады:
Айыппұл 79-шы баптың 2-ші тарауына сәйкес кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда 10-нан 500 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде тағайындалады.
Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
Қоғамдық жұмыстарға тарту кәмелетке толмаған адамға қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады.
Түзеу жұмыстары кәмелетке толмай сотталған жасөспірімдерге бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
Бас бостандығын шектеу жазасы кәмелетке толмағандарға бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Бұл жаза мамандандырылған органның қадағалауымен сотталғанның тұрғылықты жері бойынша өтеледі.
Қамау бір айдан төрт айға дейінгі мерзімге тағайындалады.Сотталған жасөспірімді жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстайды.
Бас бостандығынан айыру он жылдан он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалады.
Қорытынды. Сонымен, бүгінгі сабақтың негізгі ойын мына мақал – мәтелдермен аяқтайық.
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)
3. Ұрлық түбі ... (қорлық)
4. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
5. Тәрбие ... (отбасынан басталады)
6. Әділ істің...(арты игі)
7. Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)
8. Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)
9. Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді).
Сынып жетекшісі: Осымен біздің сынып сағатымыз өз мәресіне жетті. Бүгінгі сабақтан алған мәліметтер сіздерге өте керекті деп ойлаймын. Келген қонақтарымызға рахмет айтамыз.
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.- деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.