Әлібек: 19-бап
1. Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.
2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға құқығы бар.
Жазира: 22-бап
1. Әркiмнiң ар - ождан бостандығына құқығы бар.
2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.
Бекзат Қ: 25-бап
1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол берiледi.
2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгiленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға берiледi.
1.3. Бекзат Т: Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Жасөспірімдердің және жастардың қылмысы туралы мәселе құқық қорғау жүйесінің ғана емес, сонымен қатар басқа да мемлекеттік ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының үнемі қадағалауын талап ететін басты мәселенің бірі.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қашанда ұлттық тұтастығымызға, ел болашағына қауіп төндірері сөзсіз. Жаңадан өркендеп келе жатқан ұрпақтың қылмыстың бұралаң жолдарын таңдауы - дәуір қасіреті. Сотталған жас өспірімдердің көбеюі – қоғам өмірінің келеңсіз жақтарын, халықтың әлеуметтік ахуалының төмен екенін байқатады. Қоғамда не құрылым дені сау, еңбекке жарамды азаматтар көбейген сайын, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы да жедел дами бастайды. Бүгінде түрмеде отырған азаматтардың 70 пайызы жас адамдар.
2.1.Сымбат: Сотталушылар қатарында кәмелеттік жасқа толмағандардың көбеюі біздің қоғамды алаңдатпауы мүмкін емес. Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі.
Алайда, адам өлтіргені, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, адамды ұрлау, ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алу, ауырлататын мән-жайларда көлікті айдап кету, терроризм, адамды кепілге алу, қаруды ұрлау немесе қорқытып алу, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен басқа да құрылғылар, ауырлатылған мән-жайларда бұзақылық, тағылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды ұрлау немесе қорқытып алу, ауырлатылған мән-жайларда мәйітті немесе олардың көмілген жерлерін қорлау, көлік құралын немесе теміржолдарын қасақана жарамсыздық жағдайға келтіргені үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сот тәжірибесі көрсеткендей, кәмелетке толмағандар көбінесе ұрлық, тонау секілді қылмыстар жасайды. Соңғы кезде аталған қылмыстар ішінде ұялы телефондарды ұрлау жиі орын алуда. Мұндай қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер құқық бұзушылардан жасы кіші, әлсіздеу, кәмелеттік жасқа толмағандар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |