В мәтіні.
Зергер сөздің шебері, жазушы Сайын Мұратбеков өмірдің болмысын шынайы бейнелейтін таңғы шықтай мөлдір шығармалары арқылы оқырмандардың жан жүрегін баурап,ықыласқа бөлеген дарын иесі. Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестері:«Менің қарындасым» (1961),«Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968),«Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, 2004 жылы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. 1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты. Алматы баспаларынан орыс тілінде «Дом молодых», «Камен тугай», «Дикая яблоня», т.б. кітаптары, Мәскеу баспаларынан әр жылдары жарық көрген «Дикая яблоня», «На вершине Учкары», «Запах полыни», «У теплого родника», т.б. кітаптары, Ташкентте өзбек тілінде «Евшан иісі», Қазанда татар тілінде «Әрем иісі», украин, белорус, грузин, армян, әзербайжан, литва, т.б. туыстас халықтар тілдерінде әңгіме, повестері, араб тілінде «Жусан иісі» повестері мен әңгімелері жеке кітап болып шықты.Аударма саласында Ә.Әлімжановтың белгілі роман-повестерін, сондай-ақ Г.Толмачевтің Д.Қонаев, Н.Назарбаев туралы деректі повестерін, Алекс ла Гуманың «Тас ғалам» романын қазақшалаған. «Тел өскен ұл» (реж. Ш.Бейсенбаев, 1976) кинофильм сценарийінің авторы. 2003 жылы «Жабайы алма» повесі үшін Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. 1990 жылы «Қалың қар» повесі үшін Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы әдеби сыйлығы берілді.
С мәтіні.
Сайынның шынайы өмір шындығын көркем бейнелейтін әңгімелерінің басты тақырыбы мен өзекті мәселесі –ауыл өмірі мен әлеуметтік жағдайдың өзара байланысын суреттеу арқылы кейіпкерлердің табиғи болмысын , рухани тазалығын ,жан сұлулығын, нәзік құбылыстарын, сан қырлы қайшылықтарын бейнелеген .
Д мәтіні.
Сайын Мұратбеков шығармаларының тақырыбы әр алуан, көп қырлы. Ауыл адамдарының бірден байқала бермейтін қасиеттерін шебер суреткерлікпен бейнелеген. Әлеуметтік жайларға лирикалық үн қосып, нәзік сезіммен жеткізеді. Қарапайым құбылыстардан қоғамдық мәселелердің өзегін тауып, оқырманға күрделі сюжеттер арқылы көрсетеді. Шығармаларында оқырман жүрегіне жақын түрлі кейіпкер бейнесін жасап, сол арқылы тығыз психологиялық байланыс орнатады.
Е мәтіні
Фильм екінші дүниежүзілік соғыс кезінде анасынан адасып, қазақ отбасынан пана тапқан Сергейдің оқиғасын баяндайды. Жайбарақат өмір кешіп, 37 жыл бойы қазақ жерінде өмір сүрген ол туған анасы Евдокия өзін іздеп келеді деп ойламаған еді. Ал онымен бірге жыраққа кету — қазақы ортаға әбден сіңісіп кеткен жігіт ағасының жоспарында, тіпті, жоқ болатын. Алайда Сергейді ұлындай бағып-қағып өсірген Рабиға апа оған туған жеріне қайтып, өзін тоғыз ай құрсағында көтерген анасының жанында болуды тапсырады. Жанына інісі Сапарды ертіп алған Сергей туған өлкесіне барғанда түрлі кедергілерге кезігеді.
Достарыңызбен бөлісу: |