Б. Бақыт
Бізге ұнасын, ұнамасын өркениет дамыған сайын жаһандану барысында ұлттық құндылықтар түбінде азаяды, бәрімізге ортақ құндылықтар қалыптасады. Ғаламданудың қарқынымен адамдардың ойы мен талғамы бір-біріне ұқсай бастайды. Кез келген ұлтқа жалпы адамзаттық құндылықтарды қабылдауға тура келеді. Демек, бұл – заңдылық, бұдан біз ешқайда да қаша алмаймыз. Бүгінгі жастар өзін-өзі табуды, дамытуды, индивидтік миссияны басты приоритетке қояды. Осыған қарап жастарды ӛзімшіл, ұлттық құндылықтардан алшақ деп айтуға болмайды. өйткені өркениетті қоғам құруға ынталы жастар сол қоғамның құндылықтарын қабылдауы қажет. Дамыған қоғам – өз құқығын білетін, қажетті жерде өздерінің пікірін еркін білдіре алатын ерікті азаматтардың бірлестігі. Кез келген жастың ойы – өркениетті ӛзгерістер үдерісіне ілесу. Олар өз замандастарынан қалмай, жан-жақты дамуға ұмтылады
|
|
|
В. Ерболат
Біздің әке-шешеміз бізді асыраудың қамымен күнделікті жұмыста жүреді. Оларды да, қоғамды да кінәлай алмаймыз. Жастарға ұлттық тәрбие жетіспейді дейтіндер бар. Сонда біз ұлттық тәрбиені қайдан үйренеміз? Жастар бос уақытында немен айналысады? Сөзсіз, телеарналар мен ғаламторға тәуелді. Мәселен, біз телеарнадан немесе ғаламтордан бір жарнаманы қайта-қайта кӛріп, жаттап аламыз. Неге ұлттық құндылықтарды осындай жарнамалар арқылы жарияламасқа? Одан кейін қазіргі жастардың басым кӛпшілігі «Іnstagram» желісінде отырады. Ендеше бұл мүмкіндікті неліктен қолданбасқа? Ұлттық құндылықтарымызды осылай насихаттауға болады ғой. Мысалы, біз біле бермейтін дәстүрлерді, күйлерді, жырларды, ертегілерді арнайы бейнероликтер, подкастар арқылы таратуға болады. Бұл жастар үшін қызық және ыңғайлы болар еді.
|
|
|
[Барлығы: 10 балл]
2-бөлім
Мәтінде берілген ақпараттарды қолданып және өз пікіріңізді қосып, тӛмендегі сұраққа кемінде 130-180 сөзден тұратын жауап жазыңыз. Жаһанданудың ұлттық құндылықтарға әсері қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |