Д мәтіні Салтанат бір жылдан бері мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр. Ол жоғары оқу орнын биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. - Өзім таңдадым. Мамандығымды жақсы көремін. Бірақ болашақта сұранысқа ие бола ма, жоқ па, оны ойламаппын. Ауыл мектебін бітіргендіктен шығар, көп мамандық түрлері барын білмеппін. Оқуды бітірген кезде мамандығыма сай тез жұмыс табамын деп ойлағанмын. Бірақ, міне, бір жыл болды, әлі жұмыссызбын. Түйіндемемді арқалап қанша жерге бардым. Мектептерде бұл пән бойынша орын толық, сағат жоқ деп шығарып салады. Енді басқа саладан жұмыс іздестіруді ойлап отырмын, – дейді Салтанат.
Төменде берілген тұжырымдардың өзара қандай байланысы бар екенін анықта, қай мәтінге қатысты екенін белгіле. 1. Қазіргі таңда естіп білмеген мамандықтар пайда болуда ............................
2. Жақсы мамандарға үнемі сұраныс жоғары болады...............................
3. Телефоншы мамандығы бүгінде жоғалды..........................................
4. Таяу жылдарда сұраныс кеңсе қызметкерлеріне төмендейді........................
5. Дәстүрлі графикалық дизайнерлерді бағдарламалар ауыстырады........................
6. Салтанаттың мамандықтар туралы білімі аз ...................................
7. Салтанат мамандығына сай жұмыс іздейді....................................
8. Мамандықтардың басым көпшілігі жойылады. ................................
9. Жаңа деңгейдегі мамандықтар ауыстырады....................................
10. Жаңа мамандықтардың кемшілігі жүйкеге салмақ пен стресс орасан....................
2-бөлім Мәтін үзінділеріндегі ақпаратты қолданып және өз пікіріңізді қосып, төмендегі сұраққа кемінде 150-200* сөзден тұратын жауап жазыңыз. (оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқитын білім алушылар үшін сөз саны - 130-180 )