Жаңа заманға сай мамандық таңдаудың сыры неде деп ойлайсыз? [Барлығы: мәтіндердегі идеяларды/ақпараттарды/аргументтерді қолдануына 10 + жеке жауабына 10 + сөйлеу тілінің сапасы үшін 10 = 30]
КӘСІПКЕРЛІК: ТАБЫС КІЛТІ -ЖАҚСЫ МАМАНДА А мәтіні Адам – ең басты құндылық. Кәсіпкерлікте де адам капиталы маңызды. Басқасының барлығын сатып алуға болады. Қажетті капиталды жинауға, жылжымайтын мүлік, жиһаз, өндіріс жабдықтары мен маркетинг материалдарының барлығын да ақшаға алуға мүмкіндік бар. Бірақ мұның барлығы да адамдар арқылы жұмыс істейтінін естен шығармаған абзал. Үздік қызметкерді таңдау және жұмысқа қабылдай алу қабілеті табыстылыққа әсер етеді.
В мәтіні Жаңа қызметкерді іздестірмес бұрын ашылған бос жұмыс орнын жақсылап ойластырып, қызметкер таңдайтын менеджерлер жұмыстарында аса жауаптылық танытуын қадағалау керек.Ең алдымен 10/90 ережесін пайдалану керек. Уақыттың бастапқы 10%-ын ойлануға және жоспарлауға жұмсалғанда дұрыс шешім қабылдау үшін уақыттың 90%-ын үнемдеуге мүмкіндік береді. Жаңа қызметкер қандай нәтижеге қол жеткіздіру керектігін ойластырған абзал.Көптеген басшылар әңгімелесуді қалай өткізуді білмейді. Бұл қателікті жою үшін ең алдымен жұмысқа қабылдайтын адам бос жұмыс орнының маңыздылығын, қандай кандидат қажет екенін жақсы түсініп, компанияның тиімді жұмысына керек артықшылықтарын білуі керек. Одан кейін үміткермен қарапайым тілде, сабырлылықпен сөйлесіп, оның қабілеті мен қарымын тану керек. Келген кандидат дәл іздеген адам екенін көз жеткізбей, оны көндіріп, барынша жоғары еңбекақы беремін деген мәселені көтермеген де дұрыс.
С мәтіні «Ерке-Нұр» фирмасы заманға сай киім үлгілерін ұсынады. Ұлттық нақыштағы заманауи киімдерден құр қалмаңыз.
Заманымызға лайықты сапалы, ұлттық киімдер үлгісі негізінде тігілген көйлек түрлерін ұсынады. Сахналық көйлектер, романтикалық стильдегі көйлектерге жеңілдіктер қарастырылған.
Ұлттық нақыш - күнделікті киімдерде!
Заманға сай сұранысқа жауап береміз.
Біздің мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Тұран даңғылы 37, «Хан Шатыр» ойын-сауық және сауда-саттық орталығы.
Д мәтіні Бүгінде біреуге жалданып жұмыс істегеннен гөрі, жеке кәсіп бастауды қалайтындардың саны артып келеді. Сонымен қатар шалғай аймақтарда, ауылдық жерде бизнеспен айналысуға болатыны дәлелденіп, тұрғындардың қабілет-қарымын арттырып, жаңа бағытқа баулу қолға алынған.Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Бастау» жобасын жүзеге асырып келеді. 2017 жылы Қазақстанның 80 ауданында 15 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматқа кәсіпкерлік негіздері білімі берілді. Оның ішінде 3314 азаман бизнесін ашты әрі кәсібін ұлғайтты, 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. «Бастау» – шағын кәсіпкерлікті дамытудың тетігі ғана емес, жаңа жұмыс орнының ашылуына да септігін тигізетін жоба. Ауыл азаматтары шалғайдан жұмыс іздемей-ақ, өз ауылдарында табыс табу мүмкіндігін пайдалана алады.