С мәтіні. Қазақстан экологиялық туризмді дамыту үшiн елеулi әлеуетке ие. Бұған ерекше географиялық аймақта орналасқан, еліміздің адам аяғы баспаған табиғаттың ғажайып бұрыштары, ландшафттар, тарихи ескерткiштер мен археологиялық орындары үлкен мүмкiндiк туғызады. Археология, тарих және сәулет ескерткіштерінің көлемі бойынша Қазақстан нағыз «ашық аспан астындағы мұражай» болып саналады. Табиғаты бүлінбеген түрде сақталған аумақтың саны мен әртүрлілігі экологиялық туризм әуесқойларын ерекше қызықтырады.
Еліміздегі экотуризмді дамытуда туристік фирмалар мемлекет мүддесі үшін қызмет етпейді. Көпшілік туристік фирмалар шетелдіктер үшін еліміздің табиғаты көз тартатын жерлеріне саяхат түрлерін ұйымдастырғаннан гөрі, қазақстандықтарды шетелге саяхатқа жіберумен айналысқанды жөн көреді. Ол ел экономикасына кері әсерін тигізеді, өйткені шетелге шыққан қазақстандық туристер мемлекеттің қаржысын барған мемлекеттің экономикасына құяды. Сол арқылы шетелде жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал етеді
Д мәтіні. 1988 ж. туризм құрылымында біршама өзгерістер болды. Жаңадан туристік экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмінің дамуына Н.И. Самойленко, С.Әбденбаев, Т.Жездібаев, А.Чукреев, О.Мазбаев, С.Р. Ердәулетов, т.б. үлкен үлес қосты. Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 ж. Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды. 1997 ж. Қазақстан Республикасының Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2001 ж. 13 маусымда “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” заң қабылданды. Онда республикадағы туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары, туристік қызметті лицензиялау, т.б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристік нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкіншілік береді, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бірі ретінде дамытуды қажет етеді.