Төменде берілген тұжырымдардың өзара қандай байланысы бар екенін анықта, қай мәтінге қатысты екенін белгіле. 1. Кәсіпкерлікті адам капиталының маңызы ............................
2. Жаңа қызметкерді дұрыс танып білу басшының міндеті...............................
3. Жоғары еңбекақы беру туралы сөз қозмаған дұрыс..........................................
4. Заманға сай сұранысқа жауап беретін фирма ........................
5. Фирма сапалы тауар ұсынуды мақсат еткен........................
6. Жаңа жұмыстың ашылуына септігін тигізетін жоба ...................................
7. Жеке кәсіппен айналысқысы келетіндер саны артуда....................................
8. Басшылар жаңа қызметкермен қарапайым сөйлесуге тартқаны жөн....................
9. Ұлттық нақышты күнделікті киімдерге қолданады....................................
10. Үздік қызметкерді таңдау табыстылыққа әкеледі....................
2-бөлім Мәтін үзінділеріндегі ақпаратты қолданып және өз пікіріңізді қосып, төмендегі сұраққа кемінде 150-200 сөзден тұратын жауап жазыңыз. ( оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқитын білім алушылар үшін сөз саны - 130-180 )
Жеке кәсіп табыс көзі болу үшін қандай қадамдар жасаған дұрыс? [Барлығы: мәтіндердегі идеяларды/ақпараттарды/аргументтерді қолдануына 10 + жеке жауабына 10 + сөйлеу тілінің сапасы үшін 10 = 30]
А мәтіні Отандық өндірісте ең алғаш тамақ өнеркәсібі жолға қойылды деуге болады. Мәселен, еліміздегі сүт өнімдерінің 75 пайызын шығаратын Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шымкент т.б. қалаларда орналасқан сүт зауыттары болса, май шайқау, сыр қайнату өнеркәсібіне мал шаруашылығымен айналысатын Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан секілді экономикалық аудандары мол үлес қосты. Сөйтіп еліміздің базарлары мен басқа да сауда орталықтарында өзіміздің өнімдер сатыла бастады. Ал отандық кондитерлік салада өзінің сапалы өнімдерімен танылған «Рахат» кондитерлік фабрикасынан шыққан тәтті түрлерінің көптігі және сапасы тұтынушылардың көңілінен шығып, тұрақты пайдаланушы қалыптастырды. Сол сияқты Қостанайдағы «Баян Сұлу», Қарағандыдағы «Қарағанды Конфеттері» кондитерлік зауыттары да отандық кондитер саласын дамытып, ішкі нарықты қамтамасыз етіп қоймай, өзге елдерге сатуда табысқа жетті.
В мәтіні Қазақстан әлемдегі тауар экспорттаушы елдер арасында 43-ші орында тұр. Қазақстандағы экспорт көлемі ішкі жалпы өнімнің 37 пайызын құрайды. Қазақстан бірқатар өнім түрлерін экспорттауда жетекші орындарға шықты. Уран экспорттаудан 1-орынға, ұн экспорттаудан 2-орынға, мұнай экспортынан 9-орынға, бидай экспортынан 10-орынға ие болды. Қазақстан әлемнің 119 еліне өнім экспорттайды.Қазақстандық көптеген дайын тауарлар үшін Кеден одағы негізгі өткізу рыногы болып табылады. Айналмалы темір сақиналардың 95 пайызы, мыс сымдардың 93 пайызы, аккумуляторлардың 85 пайызы, металл құбырлардың 78 пайызы, кондитерлік бұйымдардың 55 пайызы, портландцементтің 49 пайызы, трансформаторлардың 47 пайызы осы рынокқа экспортталуда.
С мәтіні Бүгінгі күні экспорттық тауарлардың сапасы айтарлықтай жақсарды. Шетелге шығарылатын өнімдердің үштен бірі экономиканың шикізаттық емес секторына тиесілі. Кейбір тауарларүшін жаңа нарықтар ашылды. Бұл туралы индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы мәселелелеріне қатысты Фармацевтикалық препараттар мен медициналық бұйымдар негізгі нарықтардан бөлек алғаш рет Моңғолия мен Вьетнамға экспортталды. Сондай-ақ, металлургиялық және химиялық өнімді өткізу нарығы кеңеюде.Тамақ өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешенінің өнімдері шетелдерде үлкен сұранысқа ие. Экспорттың жалпы көлемі 1,6 млрд.АҚШ долларын құрады.