4.7-қадам. Өзгерістерді басқару Әдетте, жоба алға жылжыған сайын оның түпкі мақсаты анықталады.
Мүмкін, жоба барысында тапсырыс берушінің мақсаттары өзгеріп, ол мүлде
басқа нәтижелерге қол жеткізгісі келеді. Алайда өзгерістерді бақыламасаңыз,
ақыры не болатыны белгісіз. Жоба уақытында аяқталмауы немесе тіпті
сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Егер өзгерістер үнемі енгізілсе, оның ешқашан
аяқталмау мүмкіндігі бар. Бұған жол бермеу үшін өзгерістерді басқару керек.
Осы мақсатта өзгерістерді тіркеу нысаны деп аталатын құжат ресімделеді.