1.
Мән жазба:Линартов
Дастан
1 курс студенты Опт,Қ.Сэтпаев роман эссе!
Негізгі Бөлім:
М.Сәрсеке романда бас кейіпкерді бірыңғай сыдыра мақтауға
бармайды.
Өмір шындығын өзек ете отырып, Қанаңның қателескен,
сүрінген, шамырқанған, ширыққан тұстарын, сондай-ақ ізденген, күрескен,
жеңіске жеткен кезеңдерін шығарманың
алтын арқауына айаналдыра
алған. Мұның өзі, авторлық қиялға көп ерік бере қоймайтын ғұмырнамалық
романның көркемдік өресін биіктетуге кепіл болған. Былайша айтқанда,
автор өмір драмасын өнерге айналдырған. Әсіресе,
империяның кезекті
репрессиялық әрекеті басталып, “ұлтшылдықты іздеу”
науқаны
қабындаған 50-ші жылдар зардабын, сол кездегі Қ.Сәтбаевтың қатерлі де,
қаһарлы сыны мол кезеңді бастан кешуін романның ең бір
кульминациялық шыңы деуге болады. Ет жүректі
пенденің шыдау-
шыдамауы неғайбыл ситуацияда Қанаң шын мәнінде парасаттылық пен
даналықтың, азаматтық пен табандылықтың үлгісін көрсетеді. Мұның бәрі
романда терең тебіреніспен, тегеурінді суреткерлікпен көрініс тапқан.
Автор Қ.Сәтбаевтың ізімен жүруге, ол болған орындарды көзімен көруге
айрықша мән бергені байқалады. Әсіресе, Қанаңның көзін көргендермен
сырласып, ұлы тұлғаның өмір майданындағы болмысын тану үшін; дәлірек
айтқанда, ұлы тұлға бейнесін сомдау үшін ұрымтал пайдалана білген. Бұл
ретте,
тарихи деректер, айғақтар,
естеліктер, архив материалдары
авторлық
баяндауы жандандырып, бас қаһарманның өсіп-жетілу
жолдарын, ғылыми-кәсіби шыңдалу кезеңдерін
барша ақиқатымен аша
түсуіне себепші болып отырады.