«МЕН КӨП ТІЛ БІЛЕМІН» САЙЫСЫ
Ш.Уәлиханов атындағы
№16 жалпы орта мектеп
Дайындаған:Сексенбаева А.А
Мақсаты:
Оқулық: ағылшын, орыс тілдері әлемдік тілдер қатарына жататындықтан жас шәкірттерге олардың маңыздылығын сезіндіру, ана тілінің қадір қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру. Ағылшын тілі мемлекеттік білім беру стандарты бойынша алған білім деңгейін тексеру;
2. Дамытушылық:оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, шешендік сөздер, мақал- мәтелдерді ұтымды пайдалана білуге үйрету;
3. Тәрбиелік: оқушылардың ана тілін біліп өзге тілдерді құрметтеуге шақыру. өзге елдің тілін , мәдениетін, әдебиетін білетін дара тұлға даярлау;
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс:орыс, қазақ тілдері, елтану, шешендік өнер.
Көрнекілігі: сайыстың тақырыбы жазылған плакат, сайыс барысында қолданылатын көрнекі құралдар, түрлі-түсті шарлар, музыка, белгі карталары, үш тілде жазылған тіл туралы қанатты сөздер
( іс-шара 10-11 сыныптар арасында ұйымдастырылады. Әр сыныптан 5 оқушыдан қатыстырылады.)
Барысы:
1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде Қазақстан халқының «Тілдер мерекесіне» арналған шара жалғасуда. Тіл – қарым — қатынас құралы. Әлемде 3000 астам тіл бар. Ағылшын, орыс тілдері халықаралық қатынас тілдері. Бұл тілдер біздің аса сүйіп оқитын Пушкин, Шекспир, Лермонтов, Байрон, Бернст тілдері болып табылады. Ал қазақ тілі – еліміздің мемлекеттік тілі. Сол себептен біздің сайыс сабағымыз 3 тілде өткізілмек.
-Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!-деп Мағжан ақын жырлағандай, құрметті ұстаздар мен оқушылар апталығымыздың бүгінгі күні 10-11 сынып оқушыларымен өткізілетін «Мен көп тіл білемін» атты тіл сайысымызға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Мінеки, залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Қазақ, орыс, ағылшын,
Тілдері жайында.
Кешімізді бастаймыз,
Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық-
Қазақ, орыс, ағылшын тілдері
Құрметтеуге лайық!
Дүниедегі сұлулықтың бәрі де,
Мүмкін емес қызыл тілсіз түсіну,
Көп тіл білу- өте қажет бүгінде!
Бүгін сіздер оқушылар арасында өтетін білім сайысының жеңімпазын анықтау үшін 5 кезеңнен тұратын ойынымызды көріп тамашалайсыздар.
— Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалім..............................
Орыс тілі пәнінің мұғалімі.............................
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.................
Мектеп психологі..................
Кітапханашы:......................
Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы бағалап, түсінік беріп отырады.
-Бүгінгі біздің сайысымыз 5 бөлімнен тұрады:
1. Таныстыру (3 тілде)
2. Сұрақ-жауап бөлімі.
3. Мақал-мәтелдің жалғасын тап
4. Мақал-мәтел сайысы
5. Өлеңдер сайысы
Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлері шығады.
І бөлім.Таныстыру бөлімі
Оқушылар (сайыскерлер) өздерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таныстырады
Әділ алқасы бірінші тур бойынша бағаларын береді
ІІ бөлім. Сұрақ-жауап:
— Тақтада «ҚАЗАҚ ТІЛІ» деген жазу бар. Әр оқушы кезектесіп, бір – бірден әріп таңдайды. Әр әріптің ар жағында тақырыптар белгіленген. Әр тақырыпқа сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жауап нақты, толық болуы керек.
Қ . Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі
1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
2. Подберите синоним к слову Родина
3. Фонетика дегеніміз не?
4. Ағылшын тілінде қанша септік бар?
А. Қазақ, орыс әдебиеті
1. А.Құнанбаевтың 1 өлеңін жатқа айт.
2. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата
(5 дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым;
5 дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
3. Что такое аллегория?
4. Назовите произведения А.С.Пушкина
З. Қазақстан тарихы
1. Ата Заң қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)
2. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсанда)
3. Назовите первую столицу Казахстана?
4.
А. География
1. Қазақстанның ең биік тауы (Хан тәңірі)
2. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі (5 — Ресей, Қытай, Өзбек, Қырғызстан, Түрікменстан)
3. Қазақстанда қанша облыс бар (14)
4. Столица США
Қ. Халық ауыз әдебиеті
1. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде?
(мақал 2-3 сөйлемнен тұрады, мәтел қысқа болады)
2. Еңбек туралы мақал – мәтел айт.
3. Отан туралы мақал-мәтел айт
4. Какие вы знаете русские народные сказки?
Т. Қасиетті сан
1. Қазақ халқының қасиетті сандарын ата. (3, 7, 9, 40)
2. «Үш бәйтеректі» ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин)
3. «Бес арысты» ата (Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов)
І. Сен білесің бе?
1. Қазақтың атақты палуаны кім? (Қажымұқан)
2. «Айша бибі» кесенесі қайда орналасқан? ( Таразда)
3. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)
4. А знаешь ли ты, кто в 1925 году впервые в Париже исполнил песни на казахском языке?
Л. ”Полиглот” жұмбақ жасыру
(Жұмбақтың шешуін сайыскерлер шешіп, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады.)
1) Асқар тауда,
қара орман (шаш — волосы –hair хеия )
2) Қимылдаса қос шебер,
Қыруар –қыруар іс өнер (қол – рука – hand ханд)
3) Жүзіне салсаң көзіңді,
Көрсетеді өзіңді. (Айна-зеркало-mirror мирроу)
І. Математика
1. Бес жердегі бес, болады ...
2. Пятью пять -
3.Шестью шесть -
Әділалқасы ІІ тур бойынша бағалайды
ІІІ бөлім.Мақал-мәтелдердің екінші сыңарын табу:
1.Батырды намыс өлтіреді (Қоянды қамыс өлтіреді).
2.Қыз – елдің көркі (Гүл – жердің көркі).
3.Оқу – білім азығы (Білім – ырыс қазығы).
4.Еңбек етсең ерінбей (Тояды қарның тіленбей).
5.Ақыл жастан шығады (Асыл тастан шығады).
6.Жаңбыр жауса – жер ырысы (Батыр туса – ел ырысы ).
7.Батамен ел көгереді (Жаңбырмен жер көгереді).
8.Қорқақ мың өледі (Батыр бір өледі).
9.Білекті бірді жығады (Білімді мыңды жығады).
10.Туған жердей жер болмас (Туған елдей ел болмас).
11.Арпа, бидай ас екен (Алтын, күміс тас екен).
12.Батыр майданда шынығады (Құрыш қайнауда шынығады)
ІІІ тур бойынша бағалайды
IV Мақал-мәтел сайысы.
1-жүргізуші - Ақыл-ой,алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті»деген екен Ғ.Мүсірепов. Тіл-ұлттың жаны,халықтың үні.Сондықтан да қазіргі заман талабына сай бірнеше тілді білу қажет. Қазақтан шыққан өткір ойлы, жан-жақты ғұлама ғалым, тарихшы, әдебиетші, саяхатшы Ш.Уәлиханов 8 тілде еркін сөйлеген.Біздің дарынды жастарымыз да үш тілді еркін меңгерген. Осы турымыздың шарты: Мақал-мәтелдердің бір сөзі түсіп қалған сол сөзді тауып,орыс тіліне,ағылшын тіліне аударасыздар. Шарты түсінікті болса сайысымызды бастаймыз.
1.Мектеп кеме, білім ………..(теңіз,море,sea)
2. Нет дыма без ……… (от, огонь,fire)
3.Адам көркі шүберек,ағаш көркі………….(жапырақ,лист,foliage)
4. Чистота залог …….. (здоровье, денсаулық,health)
5.Жалғыз кірпіш қорған болмас,жалғыз ағаш……..болмас.(орман,лес,forest)
6. . Лучше ……. чем никогда (кеш, поздно,late)
7.Қыз өссе елдің көркі, ……….өссе жердің көркі.(гүл,цветок,flower)
8. Action speaks louder than ….. (word, слова, сөз)
9.Мақтаның анасы жер,атасы-………..(су,вода,water)
10. Адам басшысы-……..(ақыл, ум,intelligence)
11. Дерево крепко корнями. Человек …… (друг, дос, friend)
Әділ алқасы 4 тур бойынша бағалайды
V бөлім. – Өлеңдер сайысы. Сайыскерлер дайындалады, бұл кезде көрермендерге блиц сұрақтар қойылады.
1.Қаңтар айы жылдың нешінші айы? – бірінші ай
2.Қазақтағы үш арсыз не ? – ұйқы, тамақ, күлкі
3. Жер бетіндегі екі мәңгілік не? – ай мен күн
4. «Салмақты» сөзінің синонимі – байсалды, ұстамды, сабырлы
5. 8-наурыз қандай мереке? – Халықаралық әйелдер күні
6. Ақмешіт қаласының қазіргі атауы – Қызылорда
7. Жеті қазынаға не жатады? – ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы
8. «Сұлу» сөзінің синонимі – ажарлы, көрікті, келбетті, дидарлы
9. Кісі елінде сұлтан болғанша,……………..
10.Он екі мүшеге не жатады? – бас, екі көз, екі құлақ, мұрын, ауыз, екі қол, дене, екі аяқ
11. Отырар қаласының ескі атауы – Фараби
12. 30 тамыз қандай мереке? – Қазақстан Республикасының Конститутциясы күні
-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі сөз кезегін қазылар алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын анықтайық.
-Осы сайыс жеңімпазы «Тіл білгірі» атағына лайық деп, ............................ортаға қол соғып, шақырайық. Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз.
1-жүргізуші. Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Келіп көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!
2-жүргізуші. Спасибо всем за внимание!
Достарыңызбен бөлісу: |