Сабақтың мақсаты: 1. Өмірге деген бейімділік,табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру,өмірдің құндылығын сезіндіру.
2. Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру,олардың алдын алу.
3. Бір-бірімен қарым-қатынас машығын қалыптастыру.
4. Қайырымдылыққа,білімділікке,адамгершілікке тәрбиелеу.
Міндеттері: - өмір жолының,өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
- оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге,рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;
- оқушыларды өз өміріне,өз сөзі,ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.