Мендель Виктор Васильевич, (миф-2, №1, 2005)



бет3/7
Дата05.09.2020
өлшемі333,5 Kb.
#77185
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Стереометрия есептері Жалиева А

1-ескертпе. 2-тұжырымда көрсетілген қасиет дұрыс пирамидаларға тән.

2-ескертпе. Егер әу баста пирамиданың табаны-параллелограмм екені белгілі болса, онда ол тіктөртбұрыш болғаны, себебі параллелограммдардың ішінде тек қана тіктөртбұрышқа ғана сырттай шеңбер сызуға болады.

3-ескертпе. Егер мұндай пирамиданың табаны тік бұрышты үшбұрыш болса, онда пирамида биіктігі гипотенузаның ортасына түседі және гипотенуза арқылы өтетін бүйір жағы табанына перпендикуляр болады.

3-тұжырым. Егер тік призмаға сфера іштей сызылса, онда сфераның радиусы табанына іштей сызылған шеңбердің радиусына тең болады және призма биіктігінің жартысына тең болады.

4-тұжырым. Егер сфера тік призмаға сырттай сызылса, онда:

  1. призма табанына сырттай шеңбер сызуға болады,

  2. сфера центрі жоғарғы және төменгі табандарына сырттай сызылған шеңберлердің центрлерін қосатын кесіндінің ортасында жатады.

1-ескертпе. Сырттай сызылған сфераның радиусын катеттерді призманың биіктігінің жартысы мен табанына сырттай сызылған шеңбердің радиусы деп алып, Пифагор теоремасы бойынша табуға болады.

Енді цилиндр мен конусқа байланысты кеңестер берейік.



  • Көптеген есептерде стереометриялық сызба салу қажет болмайды, тек қана осьтік қиманы (яғни, конус пен цилиндрдің айналу осі арқылы өтетін қиманы) қарастыру жеткілікті.

  • Егер конустың екі жасаушысы тік бұрыш жасайды десе, онда осьтік қима тік бұрышты үшбұрыш болады.

  • Конус пен цилиндрдің жанама жазықтықтармен жанасу нүктесіне жүргізілген перпендикулярлар әрқашан айналу осі арқылы өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет