Планиметрия бойынша пайдалы ескертулер. Есептерді шығару кезінде тіктөртбұрыштың төбесінен диагоналына дейінгі қашықтықты табу есептері жиі кездеседі.
Есте сақтаңыздар!!!Егер а мен b – тіктөртбұрыштың қабырғалары болса, онда ізделінді қашықтық мынаған тең: . Бұл қашықтықты көбінесе тіктөртбұрыштың диагоналының жартысымен ауыстырып, қателеседі. Нені қайталау керек.
Міндетті түрде қайталаңыздар:
Синустар теоремасы мен косинустар теоремасын,
Жарты және қос аргументтің тригонометриялық формулаларын,
Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш пен жазықтықтар арасындағы сызықтық бұрыштың анықтамасын,
Көлемді есептеу формулаларын,
Үш перпендикуляр туралы теореманы және түзу мен жазықтықтың перпендикулярлық белгісін.
Есеп шығару мысалдарын қарастырайық.
1-есеп.Дұрыс үшбұрышты пирамиданың биіктігі , ал бүйір қыры табанымен 600бұрыш жасайды. Табан қабырғасына параллель және биіктігі арқылы өтетін қиманың ауданын табыңтар.