Менеджер дегеніміз кім? Атқаратын жұмысы мен менеджерге қойылатын талаптар қандай? Деген сауалдарға жауап бере отырып, Менеджер кім? деген ауқымды сұрақты талқылайтын боламын



Дата07.02.2022
өлшемі14,47 Kb.
#92973
Байланысты:
Менеджер дегеніміз кім


Менеджер дегеніміз кім? Атқаратын жұмысы мен менеджерге қойылатын талаптар қандай? Деген сауалдарға жауап бере отырып, Менеджер кім? деген ауқымды сұрақты талқылайтын боламын. Менің ойымша, менеджер-адамдарды басқара отырып,өзінің ақыл,парасатымен қоластындағы адамдармен өзара дұрыс қарым-қатынас жасай отырып, маңызды шешімдер қабылдап қана қоймай, сол ұйымның көрнекті өкілі немесе жетекшісі яки көшбасшысы десекте болады. Менеджер – ең кең тараған кәсіптің бірі. Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен, американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады. Еуропалықтардың түснігінше, менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адамдар. Біз осы анықтамаларға қарап-ақ менеджер қандай болу керек екенін елестете аламыз. Мәселен, аса жауапкершілікпен қатар жоғары білімді дәрежесі, нағыз менеджер болуға жеткілісіз сияқты. Ол сөзіме мына сөздер дәйек бола алады. Нарықтық бәсеке жағдайындағы фирма алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық жұмысшыларды ұйымдастыруға қабілетті, еңбекті басқару саласында ғылыми білімі жоғары адам. Яғни, ол тек жай ғана басқарушы болмай, сонымен бірге ол персоналдық немесе кәсіпорынның қызметіне жауапты адам. Менеджерлік шеберліктің маңызды жайттарының бірі – келіссөз жүргізе білуі- әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнері болуы тиіс. П.Друкердің сипаттамасына сүйенсек, оның пікірінше, менеджер арнайы екі міндетті атқарады. Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Екіншіден, менеджер-ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді.Ал енді менеджерге қойылатын талаптар қандай деген сауалды қарастыратын болсақ.Кәсіпорынды басқару саласында жалпы білімінің болуы, экономикалық жағдайларды талдау саласында білімі мен қатар тәжірибенің болуы, құзіретті және негіздлген шешімдерді қабылдау, және өндіріс технологиясы сұрақтарында құзыреттілік. Жалпы, құзыреттілік- менеджерде арнайы білімнің, әртүрлі саладағы кең ой-өрістің болуы, сонымен қатар өзінің кәсіби біілктілігн үнемі арттырып отыруын айтамыз.Менеджердің кәсіби іскерлігі ресурстарды басқару қабілеті, кәсіпорын жұмысын болжау және жоспарлау қабілеті.Ең бастысы заманауи ақпараттық технологияларын, байланыс және коммуникация құралдарын қолдана білу. Айта кету керек,шешім қабылдаудағы батылдық, білікті менеджер үшін тағы бір маңызды кәсіби қасиет болып табылады. Себебі шешім қабылдау негізінде менеджер пайда болған мәселені толықтай түсініп,сәйкесінше нақты бір мақсат қалыптастырып, мүмкіндіктерді жан-жақты қарстыра отырып, ең тиімді шешім нұсқасын табу барлық менеджердің қолынан келе бермейтіні анық
Қорытындылай келсем, менеджер – ұжымдағы барлық қызметкерлер бой түзейтін басшы тұлға. Сондықтан, ол ең алдымен, жеке бас этикасын мықты ұстануы керек. Күрделі жағдайда дұрыс шешімдер таба біліп, өз қарамағындағыларға сауатты және тиімді көзқарас қалыптастыру.Өз ұжымымен дұрыс диалог жүргізе отырып, өзіне деген сенімділікті жоғалтпауы қажет деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет