Менеджмент ғылым ретінде дамуы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2023
өлшемі2,65 Mb.
#170907
Байланысты:
менеджмент ғылым ретінде дамуы



Менеджменттің ғылым
ретінде дамуы
Орындаған:А.Р.Аскарбекова
Тексерген:Д.Нурмагамбетова


Менеджменттің даму кезеңдері
Басқару өнері және басқару туралы ғылым
адамдардың топ болып жұмыс істеу жағдайында және
қоғамның үш саласында – саяси, экономикалық және
сыртқы қауіптен қорғану кезінде қолданылған.
Ертеден-ақ адамдар тобын шоғырландырып,
белгілі бір бағытта жұмыс орындауға жетекшілік ететін
ерекше қабілеті бар адамдар қажет болған.


Менеджменттің теориясы мен практикасының
дамуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
І кезең – ежелгі кезең. Алғашқы қауымдық
құрылыста ру басшысының, қауымдық жетекшінің
көмегімен, басшылығымен бірігіп тіршілік еткен.
ІІ кезең – индустрияның даму кезеңі (1776-1890 жж.).
Бұл кезеңде мемлекеттік басқарудағы еңбек бөлінісінің әртүрлі формаларын 
анықтап, мемлекет пен мемлекет басшысының міндеттеріне
сипаттама берген ғалым – Адам Смит.


Менеджменттің теориясы мен практикасының
дамуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
ІІІ кезең – басқаруды бір жүйеге (систематизация)
келтіру кезеңі (1856-1960 жж.) 
Басқару ғылымы үнемі даму үстінде. 
Сондықтан басқару бағыттары, мектептері өзгеріп, жетіліп отырады. 
Қазіргі менеджмент ХІХ ғасырдағы өнеркәсіп революциясы кезінде
туындаған.


10
Басқарудың негізгі мектептері
Менеджмент саласындағы алғашқы зерттеулер классикалық
мектеп арқылы жүргізілген.
Алғашқы менеджерлердің көңіл аударған келелі мәселелерінің
бірі өндірістің тиімділігі болды. Сол кездегі ғылыми ізденушілердің
көзқарасы бойынша менеджмент дегеніміз өнер деп санады, себебі кез-
келген адам жетекшілік, басшылық қызметін атқара алмауы мүмкін.


Менеджментті ғылым ретінде қарастырып, ғылыми басқарудың
негізін салған Ф.Тейлор (1856-1915 жж.) ғылыми басқару
мектебінің дамуына жол ашты.
Өзінің «Управление фабрикой» (1903 ж.), «Принципы
научного управления» (1911 ж.) деген еңбектерінде
Ф.Тейлор еңбектің түрлерін сараптап, жұмысшылардың
еңбегіне хронометраж жасап, тиімділігін арттыру арқылы
еңбекті ғылыми ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды. 
Сөйтіп Ф.Тейлор менеджмент саласында революция
жасап, менеджменттің ғылыми мектебі пайда болды.


 Әкімшілік басқару мектебі менеджердің ролі мен қызметі
жөніндегі мәселелерді зерттеген. Бұл идеяның негізін қалаған
француз ғалымы А.Файоль (1841-1925 жж.)
Ол менеджменттің қазіргі кездегі
қолданылып жүрген мынадай
функцияларын анықтаған: жоспарлау,
ұйымдастыру, мотивация және бақылау.
30-шы жылдары менеджмент саласында
адамдардың қарым-қатынасы
мектебі пайда болды.


Өндіріс тиімділігін арттыруда жұмысшының жеке басына қамқорлық, оның
көңілкүйі, демалысы, еңбек ақысының мөлшері де үлкен роль атқарады.
Адамдардың жеке басына көңіл аударған бірінші ғалым Р.Оуэн болды. 
Басқа ғалымдармен бірге М.П.Фоллетте осы бағыттағы ғылымды
дамыта отырып, басшылық стилін талдап, оның түрлерін анықтады.
Р.Оуэн
М.П.Фоллетте


Ал ақпараттар кезеңінде, яғни басқарудың дамыған мерзімінде
математика мен компьютерді, электронды есептеу 
техникасын кеңінен қолдану арқылы басқаруды жетілдіруде
мүмкіндік туды.
Басқару шешімдерін қабылдау, оңтайлы шешімдерді анықтау,
есептеулер мен салыстыру арқылы және математикалық әдістерді
қолдану арқылы жүзеге асырылатын болды.
Сандық мектеп теорияшыларының ойынша
басқарудың концепциясын дайындау, жоспарлау
математикалық талдаулардың нәтижесі арқылы ғана жүзеге
асады.


Назарларыңызға рахмет.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет