Құрылған жылы: 1993 ж
Акционері: «ЦЕСНА» Қаржы холдингі» АҚ — 55,76%
Жеке каптиталы: 124 642 533 мың теңге (2016 жылдың 1 қаңтары бойынша)
Активтері: 1 939 194 777 мың теңге (2016 жылдың 1 қаңтары бойынша)
Басқарушылары:
Даму жолы:
1993 жылы алғаш рет банктің Алматы мен Қостанай қалаларында филиалдары ашылды. 1996 жылы Орталық Азия — Америкалық кәсіпкерлікті қолдау қорымен (Азиялық кредиттік компания) шағын және орта бизнесті қаржыландыру жөнінде келісім жасалды. 1997 жылы Степногорск және Павлодар қалаларында филиалдар ашылды. 1998 жылы Азия даму банкінің ауыл шаруашылық секторы үшін және Еуропалық қайта құру және даму банкінің шағын және орта бизнесті дамытуға арналған кредиттік желілері ашылды және Дүниежүзілік банкпен Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейін қолдау жөнінде келісімге қол қойылды. 1998-2001 жылдары Банк Rabobank (Нидерланды) банкімен бірге «Твиннинг» институциональды даму бағдарламасына қатысты.
2000 жылы «Цеснабанк» АҚ Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қорына мүше болды. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасы қорытындысында «Цеснабанк» « Екінші деңгейлі банктердің халықаралық стандарттарға өту тәртібі туралы ереже» талаптарын орындаған деп танылды. 2003 жылы Ауыл шаруашылық министрлігі жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша Банк Дүниежүзілік банктің кредиттік желісін іске асыруға қатысушы банктердің арасында үздік деп танылды. Қазақстандық қор биржасының Биржалық кеңесінің шешімімен банк акциялары КАSЕ-нің «А» санатты бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілді. Банкті Еуропалық қайта құру және даму банкі ең сапалы кредиттік қоржыны бар банк ретінде атады.
Достарыңызбен бөлісу: |