Банктiң Standard & Poor’s және Fitch Ratings рейтингтерi бар:
Эмитенттің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі: B+
Болжам: Жағымсыз
Эмитенттің қысқа мерзімді кредиттік рейтингі: В
Ұлттық шкала бойынша рейтинг: kzBBB-
Соңғы өзгерген күні: 20.05.2016
Fitch Ratings
Эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингісі: В+
Эмитент дефолтының қысқа мерзімді рейтингісі: В
Ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг: BBB-(kaz)
Рейтинг бойынша болжам: Жағымсыз
Соңғы өзгерген күні: 19.01.2016
1.2Мемлекеттік мекеменің атқаратын міндеттері, қызметтері, миссиясы
«Жас Отан» ЖҚ қызметінің мәні: қоғамның саяси өміріне қатысу; ЖҚ-ның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру болып табылады.
«Жас Отан» ЖҚ-ның мақсаты – Қазақстан Республикасы жастарының жан-жақты дамуы мен олардың зияткерлік және нақты әлеуетін, әлеуметтік мәртебесі мен экономикалық жағдайын, саяси, құқықтық, экологиялық және мәдениетін арттыру үшін әлеуметтік- экономикалық, саяси және басқа да жағдайлар жасау.
«Жас Отан» ЖҚ-ның міндеттері:
жастарды демократиялық, әлеуметтік әділ қоғам құру процестеріне тарту;жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін және жауапты азаматтық ұстанымын, Республиканың мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстан халқының мәдени мұрасына, тіліне және дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
жастардың саяси экономикалық, әлеуметтік және өзге де құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтерге қатысу;
жастарды экономикалық, әлеуметтік саланы нығайту, қазақстандық қоғамның демократиялануын арттыру, елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты, келісімді, оның тұрақты дамуын сақтау процестеріне тарту;
жастар мәдениетін қалыптастыруға, жастардың білім, зияткерлік және кәсіби деңгейін арттыруға жәрдемдесу;
салауатты өмір салтын, білім мен еңбекті насихаттау; жастардың кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу, Қазақстанның жас азаматтарын жұмысқа орналастыруға көмектесу;
жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларына қолдау көрсету және оларды іске асыру;
жастардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға, табиғи жетілуіне, спортты, туризмді дамытуға және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға жәрдемдесу;
жастарды аға буынға деген құрмет, қамқорлық және мейірімділік рухта тәрбиелеу; уәкілетті органдарға жастар арасындағы жастар және жасөспірімдер қылмысының,нашақорлықтың, токсикоманияның және басқа да девианттық жүріс-тұрыстың пайда болуының алдын алуда және оларға қарсы күресте жәрдемдесу;
дарынды жастарды іздестіру, оларға көмек көрсету және ілгерілету; ғылым мен білімнің әртүрлі салаларындағы, мәдениет пен өнер, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы жастардың ғылыми-зерттеу, ақпараттық жұмыстарын ұйымдастыру және оларды қолдау;
«Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» ЖҚ-ның бағдарламалық құжаттарында белгіленген міндеттерді халыққа насихаттау және түсіндіру, «Жас Отан» ЖҚ-ның мақсаттары мен міндеттеріне қолдау көрсетуші жастарды өзінің қатарына тарту;
Жастар ұйымдарымен және басқа да елдердің азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық орнатып, тиісті келісімдер жасау;
1.3 Мекеменің қызмет ету аясы және ұйымдық құрылымы
Сурет 1.«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының «Жас Отан» Жастар қанатының құрылымы
2 «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1Мекеменің қазіргі жағдайына сипаттама
«Жас Отан» ЖҚ-ның қаражаты: жеке және заңды тұлғалардың ерікті мүліктік жарналары, шетел капиталының қатысуымен құрылған немесе құрамында Қазақстан Республикасының резидент еместерінің құрылтайшылары бар орталық атқарушы орган белгілеген тәртіпте жүзеге асырылатын,мемлекеттің алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін діни бірлестіктер мен заңды тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес ұйымдарының қайырымдылықтары, егер бұл қайырымдылықтар құжатпен расталған және алу көздері көрсетілген болса; заңнамалық белгіленген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түскен түсімдер (кірістер); акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар мен үлестер (депозиттер) бойынша алынған дивиденттер (кірістер,сыйақылар (мүдделер); заңда тыйым салынбаған басқа да түсімдер есебінен қалыптасады.
«Жас Отан» ЖҚ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіпте осы Жарғыда көзделген қызметті материалдық қамтамасыз ету үшін қажетті мүлікті иеленеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған объектілерді қоспағанда, оның өз қаражаты есебінен құрылған ұйымдарды ұстай алады.
«Жас Отан» ЖҚ-ның филиалдары банктерде өз есеп шоттарын иеленуі мүмкін.«Жас Отан» ЖҚ мен филиалдары ақшасының, мүлкінің меншік иесі «Жас Отан» ЖҚ болып табылады.«Жас Отан» ЖҚ-ның қаржы қаражаты мен өзге де мүлкі «Жас Отан» ЖҚ мүшелерінің арасында бөлінбейді және жарғылық мақсаттарға сәйкес жұмсалады.
«Жас Отан» ЖҚ мүшелерінің «Жас Отан» ЖҚ мүлкіне қатысты құқықтары жоқ.«Жас Отан» ЖҚ-ның мүшелері ай сайын ерікті түрде жарна төлейді. Мүшелік жарнаны төлеу және одан алынған қаражатты есепке алу және пайдалану тәртібін Үйлестіру кеңесі бекітеді. Ақша қаражатының түсуі, оларды және өзге де мүлікті «Жас Отан» ЖҚ-ның құрылымдық бөлімшелерінің пайдалануын Бақылау-тексеру комиссиясы тексереді.
«Жас Отан» ЖҚ салық органдарына өзінің қаржылық қызметі туралы есепті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде және көлемде тапсырады. «Жас Отан» ЖҚ-ның филиалдары тоқсан сайын Хатшылыққа белгіленген нысан бойынша қаржылық есеп тапсырады. «Жас Отан» ЖҚ және филиалдарының лауазымды тұлғалары «Жас Отан» ЖҚ-ның ақша қаражаты мен мүлкінің сақталуы мен орынды жұмсалуына жауап береді. Қаржы ресурстарын жинақтау және материалдық-техникалық базаны дамыту мақсатында, жарғылық қызметті белгіленген заңнамалық тәртіпте жүзеге асыру үшін «Жас Отан» ЖҚ құқылы:
1)Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кәсіпкерлік және шаруашылық қызметтерді жүзеге асыруға, шарттар жасасуға, мәмілелер жасауға;
2)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ғимараттарды,құрылыстарды, жабдықтарды, көлік құралдарын, өзге де мүлікті жалдауға, жалға беруге;
3)мәмілелер жасауға, шарттар жасасуға, өзіне міндеттемелер алуға, басқа ұйымдардың сенімхаты бойынша әрекет жасауға; өз қызметін құрылған шараушалық субъектілерімен бірлесіп жүзеге асыруға;
4)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға.
«Жас Отан» ЖҚ-ның өз қаражатын қайырымдылық мақсаттарға жұмсауына рұқсат етіледі.
Азаматтар мен мемлекеттік емес ұйымдардың қайырымдылықтары, «Жас Отан» ЖҚ мүшелерінің ерікті жарналары мен өзге де көздерден түсетін ақша қаражаттары, сондай-ақ өзге де мүлік «Жас Отан» ЖҚ-ның осы Жарғыда көзделген мақсаттарына бөлінеді.
«Жас Отан» ЖҚ мен оның филиалдары Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қаржылық жауапкершілікте болады. «Жас Отан» ЖҚ мен оның бөлімшелерінің ақшалай және өзге де материалдық активтері саласындағы қаржылық есептіліктерінің тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
2.2 Мекеменіңстатистикалық ақпараттары
Астана қаласының Статистика департаментінің мәліметі бойынша 2014 жылдың қараша айындағы қөрсеткіш Астана қаласының тұрғындарының саны 841 мың адам болса, 14-29 жас аралығындағы жастардың үлесі 33,5 % құрады.
Ағымдағы жылдың есеп беріліп отырған айында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының 16 – 29 жас аралығындағы мүшелер саны 14714 жасты құрады. Бұл жастардың жалпы көрсеткішінің 5,2 % үлесі.
Өткен жылмен салыстырғанда «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының белсенді жастарының үлесі 12,6 % өсті.
Диаграмма 1. Мүшелердің сандық және жылдық салыстырмалы көрсеткіші
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының қатарын жұмыскер жастар, жоғарғы, орта-мамандандырылған, кәсіптік оқу орындарының студенттері, спортшылар, жергілікті атқарушы органдардың жастары, денсаулық сақтау саласындағы, жеке кәсіпкер жастар құрайды. Мүшеліктегі жастардың басым бөлігін жоғарғы, орта-мамандандырылған, кәсіптік оқу орындарының студенттері 53,2 % үлесті құрап отыр. а.ж. бастап 29 жасқа дейінгі жұмыскер жастармен қарқынды түрде жұмыс жүргізу көзделіп, өзінің оң нәтижелерін беруде. Арамыздағы жұмыскер жастардың үлесі былтырғы жылмен салыстырғанда 27,8 % өсті.
Диаграмма 2. Cандық-сапалық құрамы
Сонымен қатар, бүгінгі күні жасотандықтар көпұлты жастар ұйымы ретінде танынылып, атап айтар болсақ жасотандықтардың ұлтқұрамындағы саны жағынан басым көпшілігі қазақ, орыс, украин, өзбек, татар, неміс ұлттарын құрап отыр.
Диаграмма 3. «Жас Отан» ұйымының ұлт құрамы
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанаты 3 аудандық филиал («Алматы», «Сарыарқа», «Есіл»), 3 территориалдық филиалдарды («Нұр», «Бірлік», «ҰМХ») қамтиды.
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының бастауыш партия ұйымдарының жанынан құрылған «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалының 105 бастауыш бөлімшесінде жұмыс жүргізілуде.
Диаграмма 4.Бастауыш бөлімшелері туралы ақпарат
«Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалының Бастауыш бөлімшелеріндегі жұмыстар партиялық жобалар («Жастар – Отанға!», «Жастар кадрлық резерві», «Сәтті қадам») және «Жас Отан» Жастар қанатының арнайы жобалары («Еркін пікір», «Ардагерлерді ардақтайық», «Саламатты ұрпақ», «Stopқылмыс», «КТК ұлттық лигасы») негізінде жүзеге асырылады.
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатыны а.ж. есеп беріліп отырған айына дейін 98 іс-шара өткізіліп, 88114 адам қатысқан.
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының БАҚ-ғы жариялануы
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанаты ұйымдастырылған іс-шаралардың жергілікті және республикалық БАҚ-та шығарылуын жоғарлатты. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың дамуына сәйкес басым бөлігі әлеуметтік желілерде жариялануы мүмкіндігі жоғары.
БАҚ арқылы еліміздің және басқа да шет елдегі қазақстандық жастардың «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалы тарапынан өткізілген іс-шаралармен ақпарат алмасуы, жастардың арасында болып жатқан оқиғалармен танысуы жоғарылады.
Диаграмма 5. БАҚ ақпаратты жариялау үлесі
2.3. Мекеменің қазіргі кезде атқарып жүрген мәселелері
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының жұмысы 4 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылуда.
Партия ішілік;
Қоғамдық-саяси жұмыстар;
Партиялық жобаларды жүзеге асыру;
Жоғарғы, орта-мамандандырылған, кәсіптік оқу орындарының студенттерін, 29 жасқа дейінгі орта, жоғарғы білімі бар жастарды жұмыспен қамту.
Партия ішілік:
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшылығының Орталық аппараты, аймақтық, қалалық филиалдармен қарым-қатынасы, құжат алмасуы.
Негізгі партиялық ішілік жұмыстың бірі «Нұр Отан» партиясының сайлау алды тұғырнамасындағы әрбір бағыттар бойынша партияның ХV съезінде «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев сараптамалық топтар құруды тапсырған болатын. Берілген тапсырмаға сәйкес «Жас Отан»Жастар қанаты «Жастарды қолдау» сараптамалық тобын құрып, партия тарапынан жетекшілікке Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаты М.Бегентаев тағайындалған болатын.
Қоғамдық – саяси жұмыстар:
«Жас Отан» Жастар қанатының арнайы жобалары және Елордамыздың қоғамдық-саяси іс-шаралары жүзеге асырылуда.
«Ардагерлерді ардақтайық»жобасы асяында«Ұлы Отан» соғысы ардагерлеріне, «Тыл» еңбеккерлеріне, егде жастағы қарттарымызға атаулы көмек шаралары, сенбілік жұмыстары көрсетіліп келеді.
Атап айтар болсақ 2015 жылдың 1-8 қазан аралығында «1 қазан Халықаралық қарттар» күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты апталық іс-шаралар кешені барысында «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» аудандарының ардагерлеріне арнап Астана қаласының мәдени орталықтарына, көркем ескерткіштері мен көрікті монументтеріне экскурсия ұйымдастырылды.
«Салауатты ұрпақ»жобасы аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жыл басынан 16 спорттық іс-шарасы өткізілді. Соның бірі ретінде Астана қаласының тұрғындары арасында спортқа деген қызығушылығын ояту мақсатында Елорданың 16-жылдық мерейтойына арналған «Астана – спорт ордасы» атты спорттық іс-шаралар кешені өткізілген болатын.
Аталмыш шара «Нұр Отан» партиясының «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандық филиалдары, «Бірлік», «ҰМХ» территориялық филиалдарының бастауыш партия ұйымдары мен бастауыш бөлімшелері мүшелерінің арасында өткізілді.
«Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалының бастауыш бөлімшелері және «Кеңес орталығына» тіркелген белсенді жастардың арасында жоба аясында шағын футбол, пейнтбол турнирлері ұйымдастырлып отырады.
«Еркін пікір» дискуссиялық клубы аясында а.ж. есеп беріліп отырған айына дейін 6 отырыс жүзеге асырылды.
«Еркін пікір» дискуссиялық клубында талқылынатын сұрақтар:
Өзін-өзі дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру;
Жемқорлық мәселелерін алдын-алу;
Жастардың қоғамдық ортадағы белсенділігін жоғарылату т.б.
«Stop қылмыс» жобасы аясында Астана қаласының жоғарғы және орта мамандандырылған, кәсіптік оқу орындарында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» мақсатында студенттер арасында «Таза сессия» тақырыбандағы сауалнамалар жүргізілді.
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы «Нұр Отан» партиясы және «Жас Отан» Жастар қанаты мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталған «Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асыруда.
«Кедергісіз келешек» жобасы бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:
мүмкіндігі шектеулі жандарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету;
бизнес және қоғам өкілдерінің назарын мүгедек жандардың тағдырына аударуға бағытталған халықты ақпараттандыру жұмыстары;
мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдық өмірге тарту.
«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында жыл сайынғы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында Елбасымен бірге ел игілігі жолында қызмет атқарған қоғам қайраткерлерімен жастардың кездесуі өткізіліп келеді.
«Кел, жастар оқылық» республикалық компаниясы аясында ақын жастардың шығармашылық кештері ұйымдастырылып, жастардың кітапқа деген қызығушылығын жоғарылату мақсатында кітап көрмелері ұйымдастырылып келеді. Іс-шаралар барысында Абай Құнанбайұлының өлеңдері, Оралхан Бөкейдің «Атаукере» повесі жазылған аудиокітаптармен қатар, әлемдік классиктердің 100-ден аса кітаптары тегін таратылды. Сондай-ақ, әлем әдебиетіндегі үздік шығармалардың электронды нұсқалары оқырман назарына ұсынылды.
«Таза мекен»жобасыаясында қаламыздың көркіне сай тазалаықты ұстану мақсатында ұйымдастырылған сенбіліктерге қатысып, айналамызды көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Астана қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген жыл сайынғы қалалық сенбіліктерде жасотандықтар белсене қатысып келеді. а.ж. қала аймағына 3000 көшет отырғызылды.
3. «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанаты» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ жетілдіру жолдары, мәселелері:
Мемлекеттік мекеменің экономикалық мәселелерді шешу тетіктері.
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының басты негізге алынып отырған мәселелері:
Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселелерін жою;
Жұмыскер жастармен жұмысты жоғарылату;
Мүмкіндігі шектеулі жастардың қоғам өміріне араласуына ықпал жасау;
Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармамен қарым-қатынасты нығайту;
Ғылым және инновация саласындағы білікті жастарды қолдау;
Жастар арасында отбасы құндылығын, салт-дәстүрлерді дәріптеу;
Жас отбасылардың баспанамен қамтылуы;
Қоғамдық саладағы жастардың «Әлеуметтік лифт» арқылы өсуіне ықпалдасу.
Орталық жұмысының эффективтілігін арттыру жұмыс орындарының кемшіліктерін зерттеп, статистикалық, әлеуметтік мәліметтер жинап, аналитикалық тәсілге негізделеді.
Жұмыс эффективтілігін арттырудың келесі позитивті мүмкіндіктерін байқадым. Бұл:
уақытша жұмыстардың типтерін, түрлерін арттыру;
халықтың экономикалық белсенділігін арттыру үшін жалақы мөлшерін арттыру, қосымша марапаттау, бонус тәрізді жүйелерді енгізу;
жұмыс орындарын қамтылуын жергілікті аймақтық деңгейге дейін арттыру;
арнайы жұмыспен қамту статистикалық агенттіктерін қолдау, олардың әлеуметтік қызметін толықтай қамтамасыз ету;
экономикалық көмекті арттыру;
субсидиялар, қайтарымсыз төлемдер мөлшерін бағдарламаға сай арттыру.
Жоғарыда аталып кеткен барлық ұсыныстарым «Жас Отан» Жастар қанаты» белсенділігін арттыруға, және де басты фактор – қоғам қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ұсыныстар белгілі бір факторларға, ситуацияларға тәуелділігіне сай бағдарламалар, стратегиялық, тактикалық жоспарлар ретіде орындалуы қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, оқу практикасы кезінде мемлекеттік қызмет көрсету принциптерін, бағыттарын терең ұғынып, тәжиребеге ие болдым. Жастар мәселесінің күрделілігі ішкі саяси, экономикалық-әлеуметтік жағынан қаншалықты маңызды, рухани, статистикалық маңызды екенін толықтай ескере білдім. Жұмыс барысындағы оперативтілік, қызмет көрсетудің сапасын анық байкап, айрықша, терең білімге ие болдым. Бұл орталық кез келген ситуацияға ұшыраған адамға сапалы көмек көрсетуге бар ресурстарын жұмсауға тырысады. «Жас Отан» Жастар қанаты» кәсіби оқытумен де айналысады. Кәсіби оқыту болашақ мамандардың, түлектердің жұмысқа деген қабілетін, тәжірибесін арттыруға септігін тигізеді. Оқыту барысында болашақ маман белгілі бір салаға дайындалуымен қатар, стипендия алуға да құқылы. Оқу тәжірибесі маған нақты ұйымда тәжірибелік икемділігімді дамытуға жақсы мүмкіндік берді.Сонымен қатар оқу тәжірибесі университеттегі алған теориялық білімімді нығайтты.Оқу тәжірибесі туындаған қиын мәселелерге шығармашылық жағынан қарауға және алған тапсырмаға жауапкершілікпен қарауға көмектесті.
Қойылған мақсаттарға байланысты келесі міндеттер орындалды:
Нормативтік-құқықтық актілер(Қазақстан Республикасының заңдары,Үкіметінің қаулылары,нормативтік-құқықтық бұйрықтар) қаралды.
Мемлекеттік мекеменің ұйымдық құрылымымен таныс болдым.
Әр-түрлі мәселелермен, оларды шешу жолдары қаралды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі,Республикалық құқықтық ақпарат орталығы/http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400000994
http://zhasotan.kz
http://nurotan.kz
Оқу тәжірибесін өту бойынша әдістемелік нұсқаулар,мамандық 5B051000-мемлекеттік және жергілікті басқару
http://egov.kz
http://stat.gov.kz
http://bigox.kz
https://kk.wikipedia.org
http://cz.astana.kz
ҚОСЫМШАЛАР
Қосымша А
Хаттама
«07».06.2016ж. №______ Астана қаласы
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасының жиналысы.
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы: С. Шахабаев
Достарыңызбен бөлісу: |