Координаталық кеңес
төрағасы З. Орманша
Қосымша В
«Нұр Отан» партиясы
Астана қалалық филиал
Саяси кеңес мүшесі,
«Астана медициналық
университеті» АҚ ректоры
М. З. Шайдаров мырзаға
Құрметті Мәжіт Зейнуллаұлы!
2016 жылы 08 ақпанда «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қаласының жоғарғы, орта және мамандандырылған кәсіптік оқу орындарының студенттері, мемлекеттік мекемелердің, ұлттық компания, жеке кәсіпорындардағы жұмыскер жастардың арасында Жастар мәслихатының депутаттығына кезекті сайлау өткізді, қорытындысы бойынша Астана қаласының Жастар мәслихатының VI шақырылым депутаттық корпусы құрылды.
Осыған орай, 2016 жыл 11 сәуірде «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы Астана қаласы Жастар мәслихатының депутаттығына салтанатты түрде қабылдау рәсімін өткізді.
Астана қаласы Жастар мәслихатының депутаттығына салтанатты түрде қабылдау рәсімінен кейін жас депутаттар Астана қаласының саяси – қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде атсалысты.
Осыған орай, Сізден қарамағыңыздағы оқу орнының ЖМ – 117 тобының студенті, Астана қаласының Жастар мәслихат депутаты – Бөртебаев Мұқан Әмзебекұлының 11 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін босатқан сабақтарын қайта тапсыруға қолдау көрсетуіңізді, рұқсат беруіңізді сұраймын.
Атқарушы хатшы С. Али
Орынд.: Б. Бердиярова
тел.: 36-61-91.; 8-701-207-77-60
Достарыңызбен бөлісу: |