Мәнерлеп оқу 2 практикалық тапсырма Тақырып: Сөйлеу техникасы



Дата31.12.2021
өлшемі18,97 Kb.
#107246
түріСабақ
Байланысты:
2 практика
www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, соч 4 8, Реферат Балгожин А. Хетт, АКТ-ны және жаңа технологияларды пайдалану, Қорқыт ата дана, ҚМЖ 5 сынып, ҚМЖ 5 сынып, сцен, ҚМЖ 5 сынып, Менің панорамалық сабағым

Мәнерлеп оқу

2 практикалық тапсырма

Тақырып: Сөйлеу техникасы.

 Сабақтың мақсаты: Сөйлеу техникасына талдау жасап, дыбыстау мүшелерінің қызметіне байланысты дыбыстарды жүйелеу. Орфоэпиялық заңдылықтарды сақтай отырып оқуға дағдылану.



Өткізу түрі-қашықтықтан (асинхронды)

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Сөйлеу техникасы және төселу жолдарына сипаттама

2. Дыбыстау мүшелеріне сипаттама

3.  Орфоэпияның басты ережелерін талдау.

Бұл күнде қазақ тілі білім мен ғылымның, әдебиет пен мәдениеттің барлық саласына қызмет ете алатын мейлінше жетілген тілге айналып отыр. Оның сөз байлығы орасан қолайлы, жазуы орнықты. Әр алуан заңдылықтары нормаға айналды. Қазақ тілінің де өзге тілдер сияқты екшеліп тұрақталған заңдылықтары бар. Ол заңдылықтар сөздерді дұрыс таңдау, орнымен жұмсау, яғни лексикалық заңдылықтар. Сонымен қатар сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлемдер құрастыра білу немесе грамматикалық заңдылықтар, дұрыс айту заңдылықтары: сауатты жазу заңдылықтары секілді бірнеше салаларды қамтиды. Мәнерлеп сөйлеу өнері болашақ тәрбиешіден сөйлеу техникасын толық меңгеруді талап етеді.

Сөйлеу техникасы дыбыстау мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты. Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған адам шығарма мәтінін тыңдаушысына мәнерлеп жеткізе алмайды. Мәнерлеп сөйлеп оқи білу үшін тілдің дыбыс шығаратын мүшелерінің қызметін жақсы білу қажет. Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция деп атаймыз. Дыбыстау мүшелері немесе сөйлеу аппаратына өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, тіс, ерін, иек жатады. Дыбыстау мүшелерінің ішіндегі ең негізгісі - өкпе. Тіліміздегі дыбыстар өкпедегі ауаның сыртқа шығуымен байланысты жасалады. Сөйлеу процесінде ауа өкпеден баяу шығып, өкпеге бірден тез енеді. Келесі дыбыстау мүшелерінің бірі тамақ. Ол кеңірдектің жоғарғы тұсында орналасқан. Ал, дыбыстар жасауда басты рөлді атқаратын дауыс шымылдығы көмеймен байланысты. Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болып, үн шығады. Дауысты дыбыстар осы дауыс шымылдығындағы дірілден жасалады. Ал үнді дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстар айтылған кезде дауыс шымылдығы сәл ғана керіліп діріл өте аз болады. Қатаң дауыссыздарды айтқанда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да ешқандай діріл пайда болмайды. Сондықтан ол дыбыстардың құрамында үннің ешқандай қатысы жоқ. Ал кейбір дыбыстардың айтылуында ауыз қуысымен мұрын қуысы жаңғырық қосады. Сөйтіп кейбір үнді дауыссыз дыбыстар мұрын қуысы арқылы жасалады. Ал дыбыстардың басым көпшілігінде ауыз қуысы айрықша қызмет атқарады. Дыбыстау мүшелерінің ішіндегі ең негізгілерінің бірі және жылжымалысы тіл. Тілдің бірде ілгері, бірде кейін жылжуынан, бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның ұшының, ортасының, артқы шенінің қимылынан әртүрлі дыбыстар жасалады. Дыбыс шығаруда астыңғы ерін мен үстіңгі ерін де басты рөл атқарады. Екі еріннің жымдасуынан Б,П дыбыстары пайда болса, астыңғы еріннің тіске қақтығысуынан Ф, В дыбыстары жасалады. Ал еріннің бірде дөңгеленіп, бірде тартылуы арқылы О,Ө,Ұ,Ү дыбыстары жасалады. Келесі дыбыстау мүшелерінің бірі – таңдай.

Таңдай жұмсақ, қатты болып екіге бөлінеді. Қатты таңдай үстіңгі күрек тіс тұрған қызыл иекпен басталып, ең соңғы тістің тұсынан бітеді. Ал жұмсақ таңдай соңғы тістен басталып, кішкене тілден аяқталады. Келесі дыбыстау мүшесінің бірі – иек. Иек төмен түссе ауыз қуысы кеңейеді, ашық дауысты дыбыстар пайда болады. Ал иек жоғары көтерілсе, ауыз қуысы тарылады да, қысаң дауысты дыбыс пайда болады. Сөйлеу техникасына төселу жолдарына мыналар жатады:

Дұрыс тыныс ала білу.

Дауысты жаттықтыру.

3. Үн реңкін қалыптастыру.

Сөйлер алдында ауаны ішке жұту керек, демді ішке тартқанда өкпе ауаға толады да, көкірек қуысы кеңейеді, қабырға көтеріледі. Ал көк ет төмен түседі.

Тыныс алудың үш түрі бар:

Көк ет арқылы

Көкірек арқылы

Қабырға арқылы

Ал сөйлеу кезінде тыныс алу ерікті және еріксіз болып екіге бөлінеді. Еріксіз тыныс алу дегеніміз – демді ішке жұту, дем шығару, шұғыл кідіріс жасау. Бұл кәдімгі күнделікті сөйлеу процесінде болады.

Ерікті тыныс алу дегеніміз – демді ішке тарту, кідіріс жасау және дем шығару. Тыныс алудың бұл түрі көркем шығарманы мәнерлеп оқуда, айтуда қолданылады. Тыныс алудың осы түрлерін меңгергеннен кейін тәрбиеші дауысты дұрыс сақтаудың төмендегідей ережелерін білуі керек:

Әркім өзінің табиғи дауысымен сөйлеуі тиіс, айқайлап қатты сөйлеуге болмайды.

Ұзақ сөйлеуге немесе өлең айтуға болмайды.

Тамақты суықтан сақтау керек.

Мұрын жолының ауруларынан сақтау керек.

Әр адамның өзіндік даусы болады. Соған байланысты әр адамның даусының өзіндік айрықша ерекшеленуі дауыстың биіктігі немесе ырғағы деп аталады. Ал дауыстың мәнерлеп сөйлеу кезінде жоғары, орташа, төмен ырғаққа жеңіл ауыса алуын дауыстың икемділігі деп атайды.



Тәрбиеші өз сөзін анық, айқын балаға түсінікті болуына көңіл бөлуі тиіс, өйткені тәрбиеші сөзі балаларға басты үлгі болып есептелінеді. Сондықтан тәрбиеші мәнерлеп сөйлеудің тәсілдерін, орфоэпияның ережелерін мұқият білуі керек. Әр тілдің өзіне ғана тән дыбысталу заңдылықтары сол тілді дербес етіп тұратын белгілердің бірі. Мысалы, алдыңғы сөз А,Е,Ы,І дауысты дыбыстарына аяқталып тұрса, сол сөзбен жалғасып айтылатын келесі сөздің басқы Қ,К дыбыстары айтқан кезде ұяңдап Ғ,Г дыбыстарына айналады. Мысалы, бала кезде, меңді қыз. Ұ,Ү,О,Ө еріндік дауыстылары айтылған кезде өзінен кейінгі буындағы Ы,І,Е дыбыстарын өздеріне икемдейді. Мысалы, үміт-үмүт, үлгі-үлгү, күміс-күмүс, құлын-құлұн.

Орфоэпиялық заңдылықтарының ішіндегі басты ережелердің бірі - элизия. Қатар келген екі дауыссыз дыбыстардың бірінің түсіріліп айтылуы осы құбылысқа жатады. Мысалы, Сарыарқа – Сарарқа т.б. Редукция – сөз ортасындағы кейбір дауысты дыбыстардың айтқан кезде көмескіленуі. Мысалы, әділет, дәрігер сөздерінде байқалады. Протеза – айтқан кезде сөздің алдына дыбыс қосылып естілуі. Мысалы, Риза –ыриза, рең-ірең т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет