Менің анам алтын



Дата11.03.2022
өлшемі7,94 Kb.
#135092
Байланысты:
Документ (2)

Менің анам алтын


1.


Ана өз баласы үшін жанын аямай, бәрін істейді. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың», - деген мақал бекерден айтылмаған. Анаға деген парызымыз шексіз. Ол кішкентайымыздан түн ұйқысын төрт бөліп, әлдилеп бізді бой жеткізді. Бала қуанғанда ана екі есе қуанады, бала мұңайғанда ана мың есе көп мұңаяды. Менің анамның аты –Назгүл. Мен үшін, менің анам бүкіл әлемдегі ең жақсы, ең мейірімді, ең әдемі, ең білімді тұлға. Анамды өмірімнен де артық жақсы көремін. Менің анам маған әрқашан ақылын айтып, көмектеседі. Анамның жасы тек 51-де болса да, оны барша адамдар қадірлейді. Себебі, анам тек маған емес, кез келген адамға ақылын айтуға дайын. Өмірдегі барлық жетістіктерге өз қолымен, өз еңбегімен жетті. Мен анамды нағыз әйел деп санаймын. Өйткені жас кезінен бері сабағын озат оқып, қазір жақсы қызметте жұмыс істейді, үй жұмысын істеуден де жалықпайды, бес баланы тәрбиелеп, өсіріп келеді. Менде сондай ана болғанына бақыттымын. Мен анамның істегенін жақсы түсіне отырып, оны әрдайым қуантқым келеді. Сабағымды жақсы оқып, үй шаруашылығына көмектесіп, бақытқа бөлеуге тырысамын.

A.

i.Аронова Дильназ

2.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет