Менiң мектебiмнiң бacтaпқы жaғдaйы қaндaй? «Жауапкершілік саясаты мықты мектеп жүйесінде көшбасшылық-тәжірибені жетілдіру құралы болып табылады» Элмор (2006)



бет2/4
Дата25.08.2017
өлшемі1,63 Mb.
#27318
1   2   3   4

Ондағы мақсат:ата-аналар тарапынан мектепке қаншалық сенім білдірілетіні, ол сенімді мектеп ұжымы қай деңгейде ақтап отырғанын анықтау.

Ата-аналардың басым көпшілігі 87 пайыз мектеп өмірінен хабардар екенін айтты.



Осыған қарағанда ата-аналардың да АКТ сауаттылығы жоғары,мектеп сайтынан тиісті жаңалықтарды уақытылы қарап отырады.

Және мектеп әкімшілігі,сынып жетекшілерімен ұдайы қарым-қатынаста.Мектепте және мектептен тыс шараларға ұдайы тартылып отырады.

Анықталғаны,баласының оқуына жауапкершілікпен қарайтындар 82 пайыз. Ата-аналардың көбі сапалы білімнің қазіргі заманның ең жоғары талабы екенін түсінеді,бірақ кей ата-аналардың жұмыс бастылығы балаларының оқуына жауапкершілікпен қарауғамүмкіндіктері жете бермейді,оның бір себебі-ата-ананың жұмысбастылықты болуы.

Мектебіміздің қазіргі жағдай бізді қанағаттандырады -87 пайыз.Бұл да ата-анамен мұғалім арасындағы қатынастың тиісті дәрежесін көрсеткенімен ,мектептің 2 ауысымда оқытылуы жағынан аздаған көңіл толмаушылық бар дегенді білдіреді.Мектеп жұмысының ұзақ мерзімді бағыттарын анықтау бойынша шешімдерді қабылдауда мектеп директоры жетекшілік жасап,мектеп әкімшілігі және бүкіл ұжым бірлесіп,ынтымақтастықпен жұмыс жасайтыны анықталды.

Мектепте өтілетін әр түрлі іс-шараларға белсенді қатысатындар 50 пайыз үлесінде.Бұл алаңдатарлық көрсеткіш,себебі ата-аналар «үштік одақтың» (мектеп-қоғам-ата-ана)бір тіреуіші.Әрі тәрбиесіз берілген білімнің сапасы болмайтыны белгілі.





  • Ата-аналардың мектепте өтілетін іс-шараларға қатысуы-50%,

  • Мектептің қазіргі ахуалына қанағаттанатындар-87%;

  • Баласының оқуына жауапкершілікпен қарайтындар-82%;

  • Мектеп өмірінен хабардар ата-аналар-87%.

Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесі басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді (Barber and Mourshad, 2007) [МАН-15бет].Мектеп әкімшілігі мұғалім жұмысының сапасына қаншалықты көңіл бөліп жатыр?

Мектеп әкімшілігінен алынған сауалнаманың мақсаты оқыту мен оқудағы мұғалім қызметінің сапасын анықтау және арттыру негізін анықтау.

Мектепте біз оқыту сапасын талқылаймыз-100 пайыз,әр пед кеңесте қаралатын ең негізгі мәселе оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары.

Мектептің даму басымдықтарымен бүкіл ұжым таныс-96 пайыз.Дамыту жоспары пед кеңесте таныстырылған.

Мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер еңгізер алдында оқушылар мен ата-аналардың пікірін біліп алу маңызды деп санайтындар-50 пайыз.

Мектептің дамыту жоспарын жасағанда оқушылар мен ата-аналардың пікірімен санаса бермейтіндігі анықталды.

Мектеп қызметкерлері мектептің қандай бағытта дамып жатқанын айқын түсінеді-91 пайыздық көрсеткішке ие.Білімді тереңдету,қорыту және тарату бағытына жатады.Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөліседі, өзінің іс-тәжірибесін сын тұрғысынан бағалайды.



Мектептің тәжірибелі көшбасшылары дамыту басымдықтары мәселесіне жеткілікті рөл атқарады-80 пайыздық көрсеткішке ие. Яғни мектеп көшбасшылары өздеріне тиісті қызметтерді орындайды

Мектеп әкімшіліктерінен сұхбат алу барысында Б есімді әріптесім өз сөзінде: біз оқу сапасын уақытылы талқылаймыз,сапалы нәтижеге қол жеткізудің жолдары қарастырылған,мұғалімдер өзара тәжірибе алмасады,мұғалімдердің кәсіби дамуын көтері мақсатында әр түрлі семинарларғы,курстарға жіберіліп отырады.Мектеп мұғалімдері мектептің қандай бағытта дамып келе жатқандығын түсінеді бағалайды.Мектепте кәсіби қоғам мен желілік қоғамдастық құрылған.Қоғамдастық мүшелері өз міндеттірн атқаруда.Оқушылармен қосымша сабақтар жүргізіліп отырады.Осындай сұхбаттардан кейін мектептің бастапқыы ,нақты ахуалын анықтау мақсатында мұғалімдермен дөңгелек үстел ұйымдастырып,пікір алмастық.

Айтылған пікірлерді ескере отырып SWOT талдау жасадым.Кәсіби топпен анықталған мектебімнің мықты және осал тұстары :

S- күшті жақтары

-Халықаралық,республикалық ,облыстық олимпиада,ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндіктер жасалған.

-Оқушылармен қосымша сабақтар ,сыныптан тыс іс-шаралар ұдайы жүргізіледі.

-материалдық –техникалық базасы,ресурстары тиісті деңгейде жабдықталған,кабинет саны-32.Интербелсенді тақта,мультимедия кабинеттері 8,информатика кабинеті интернет желіге қосылған.

-Мұғалімдерге біліктілігін жетілдіру мүмкіндіктері қарастырылған.(курстар,семинарлар)

-Кәсіби сайыстарға қатысуға мүмкіндіктер жоғары.



W- осал жақтары:

-Мұғалімдердің қағазбастылығы.

-Мұғалімдердің зерттеу жұмыстарын жүргізбеуі;

-Мұғалімдердің әлі де болса дәстүрлі сабақ шеңберінен шыға алмауы;

-Сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді аз пайдалануы;

-ҰБТ-ның көңіл көншітерлігі;

-Оқу кабинеттерінің жетіспеушілігі;

O -потенциалды мүмкіндігі:

-Көшбасшы болуға лайық мұғалімдер бар;

-Ынталы оқушылар көп;

-ата-аналардан қолдау бар;

-Ұжымда жағымды ахуал қалыптасқан,

T- қауіп төндіретін тұстары:

-Мұғалімдер тұрақсыз,1-2 жыл жұмыс жасап ,басқа жаққа ауысып кететіндіктері;

-Кәсіби мамандардың жетіспеуі;

- Мектептің 2 ауысыммен оқытылуы;

Мектеп жұмысының ұзақ мерзімді бағыттарын анықтау бойынша шешімдер қабылдауда мектеп директоры жетекшілік жасап,мектеп әкімшілігі және мектеп ұжымымен бірлесе отырып жұмыс жасайды.Мектептің перспективті және жылдық жоспарын жасағанда мектеп әкімшілігі өздерімен бірге озат тәжірибелі ұстаздарды,кәсіподақ төрағасын,бірлестік жетекшілерін қатыстырып жасайды,дайын жоспарды бекітпестен бұрын,педагогикалық кеңесте көпшіліктің талқылауына салып,мұғалімдердің талап,ұсыныстарын ескере отырып,дауысқа салып,шешім қабылдап , қаулыны оқып,таныстырып ,бекітеді.

Мектеп тәжірибесіндегі жасалып жатқан өзгерістерге,іс-шараларға ат салысуда әр сыныптағы ата-аналар комитеті және жалпымектептік ата-аналар комитетінің атқаратын рөлі зор.Мектеп жұмысының тәжірибесіне түбегейлі өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдануда , сынып жетекшілері ата-аналар жиналысын өткізіп,хаттамалар толтырып отырады.

Мектеп тәжірибесіне өзгерістер қажет,немесе қажет емес екендігін жалпымектептік ата –аналар жиналысында қарастырып,жариялайды.

Қорытындылай келе алынған сауалнамалар мен сұхбаттардың нәтижесі мынандай мәселелерге көңіл бөлу керектігін анықтады:



  • Мектепте дамыту жоспарын жасағанда ата-аналар мен оқушылардың ой пікірін қажет деп санамауы;

  • Мұғалімдердің әлі де болса дәстүрлі сабақ стилінен арыла алмауы;

  • Мұғалім мен оқушы арасында түсінісушілік қасиеттердің тиісті деңгейде болмауы;

  • Оқыту мен оқуда мұғалімдердің басым қөпшілігі топтық жұмысты қолданбайтындықтары;

  • Оқу сапасын көтеруде оқушыларды ынталандыру жұмыстарының жүйелі ұйымдастырылмауы;

  • Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерінің дамымауы,өз ойларын еркін жеткізе алмауы,

  • Жаңа әдіс тәсілдердің жеткілікті деңгейде сабақта қолданылмау,ұстаздардың әлі де болса дәстүрлі оқыту стилін ұстануы;

Ендігі менің міндетім осы мәселелерді практика барысында терең қарастырып,шығармашылық топпен бірлесе отырып жұмыс жасап,нәтижеге жету үшін әріптестеріме көмек қолын созу,қолдау көрсету.

Пaйдaлaнылғaн әдебиеттеp:


1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, бірінші деңгей, 2014ж., 9,11 бет

2. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар,

2014ж., 9 бет

3. Мұғалімге арналған нұсқаулық, екінші деңгей,2012ж,19 бет



Қосымша
Мектептің бастапқы жағдайларын анықтауға арналған сауалнама


Сауалнама тақырыбы мен мазмұны

Пайыздық көрсеткіші

Мектеп әкімшілігнен

Мектепте оқыту сапасын жиі талқылайсыздар ма?

100%

Мектептің даму басымдықтарымен бүкіл ұжым таныс па?

96%

Мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер еңгізер алдында оқушылар мен ата-аналардың пікірін біліп алу маңызды деп санайсыз ба?

50%

Мектеп қызметкерлері мектептің қандай бағытта дамып жатқанын айқын түсінеді ме

91%

Мұғалімдер-

ден

дәстүрлі білім беруге бейімсіз бе?

50%

Өз жұмысыңызға рефлекциялық есеп жүргізесіз бе?

20%

Өз сабақтарында оқытудың жаңа әдіс -тәсілдерін қаншалықты жиі қолданасыз?

70%

Оқушыларға жұмыс тиімділігін арттыратын кері байланыс ұсынасыз ба?

50%

Оқушылардан алынған сауалнама

Қазіргі мектептің жағдайы білім алушы ретінде сізді қанағаттандыра ма

ия

кейде

жоқ

47%

29%

24%

Оқыту мен оқу үдерісі сізді қызықтыра ма?

65%

28%

7%

Сыныпта жағымды орта қалыптасып өзіңізді еркін сезінесіз бе?

54%

37%

9%

Оқу үдерісіндегі жауапкершілікті өзіңе алып,басқаларға ықпал етесің бе?

27%

34%

39%

Мұғалімдер қолданатын әдіс-тәсілдер сіздерге оқу үдерісінде ойлануға,ізденуге ,алға ұмтылуға әсер ете ме?

47%

40%

13%

Мектепке білім алуға ынтамен келесің бе?

49%

35%

16%

Ата-аналардан

Мектепте өтілетін іс-шараларға белсенді қатысасыз ба?

87%

Мектептің қазіргі ахуалы сізді қанағаттандыра ма?

82%

Балаңыздың оқуын маңызды деп санайсыз ба?

87%

Мектеп өмірінен хабардар боп тұрасыз ба?

50%



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет