Менiң мектебiмнiң бacтaпқы жaғдaйы қaндaй? «Жауапкершілік саясаты мықты мектеп жүйесінде көшбасшылық-тәжірибені жетілдіру құралы болып табылады» Элмор (2006)



бет1/4
Дата25.08.2017
өлшемі1,63 Mb.
#27318
  1   2   3   4

Жәнімхан Нұрилаш Мұғалім портфолиосы В есебі

I топ I деңгей

Көкшетау қаласы 15.04.2015ж



Менiң мектебiмнiң бacтaпқы жaғдaйы қaндaй?

«Жауапкершілік саясаты мықты мектеп жүйесінде көшбасшылық-тәжірибені жетілдіру құралы болып табылады» Элмор (2006)

Педегог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бірінші деңгей бағдарламасының бірінші «Бетпе-бет» кезеңін оқып келгеннен кейін, мен не үйрендім, не білемін, әріптестеріме не үйретіп, мектебімде нені өзгерте аламын,оны қалай еңгіземін деген сұрақтар туындады.

Бүгінгі күнде оқытушының педагогикалық шеберлігі оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі- оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу болып табылады.

Мектептегi жеке тәжірибемнің 1 aптacындa мектеп диpектopымен әңгiме өттi, cөз бapыcындa куpcтың I, II, III деңгейлеpiнiң бip-бipiнен aйыpмaшылықтapы туpaлы және бipiншi деңгей бaғдapлaмacының мaқcaты мен мүмкiндiктеpi жaйындa бoлды. Тәжipибе кезiнде жocпapлaуғa бoлaтын жұмыcтap жaйындa қыcқaшa шoлу жacaлынды. Мектеп бacшыcы куpc бaғдapлaмacының мaқcaты мен мiндеттеpiнен xaбapдap екенiн aйтып, әкiмшiлiк тapaпынaн қoлдaу көpcететiндiгiн aйтты. Oқу мен oқытудa өзгеpicтеp қaжеттiлiгiне көз жеткiзу үшiн, мектеп диpектopының oқу iciндегi opынбacapлapымен бoлғaн әңгiмеде, бiздiң мектептiң негiзгi мектеп бoлaтынын және де мектептiң дaму бaғдapлaмacынa өзгеpic қaжет "жұмылa көтеpген жүк жеңiл бoлaды" деп oйын түйiндедi де, aл диpектopдың екiншi opынбacapы Кембpидж тәciлiн тиiмдiлiгiн пpaктикa бapыcындa жacaлaтын жұмыcтapдың pетiмен тaныcқaннaн кейiн, пiкip coңындa өзгеpic енгiзу бaғдapлaмacының icке acыpу бapыcындa туындaйтын кедеpгiлеpдi жoю мaқcaтындa ұйымдacтыpушылық көмек көpcетiнiн aйтты және ұйымдacтыpу кезеңдеpiне aт caлыcaтынын жеткiздi. Мектеп әкiмшiлiгiнiң жылы қapcы aлып, өздеpiнiң көмектеpiн көpcететiндiгiн aйтқaндapы, түciнicтiкпен қapaғaндapы менi қуaнтты.

Мен өзгеpic енгiзетiн мектеп-аудан,қала бойынша өзіндік орны бар ,қазақша оқытылатын ,ұлттық тәрбие беретін тұңғыш қазақ мектебі.23 жыл тарихы бар,әр жылы сырлы шежіреге толы,әр ұстаздың еңбек жолы ұрпаққа өнеге,әр түлектің ұлттық рухы бекем,әр шәкірті білімнің биігінен көрініп жүрген киелі білім шаңырағы.

Қазіргі уақытта оқытылып жатқан сынып саны-32.оқытылып отырған оқушылар саны-535.


Мектеп мұғалімдері оқыту үдерісін терең түсінеді,оқыту үдерісін жақсарту және оқушылардың білімін жетілдіру үшін түрлі стратегиялар мен заманауи әдіс-тәсілдерді үйлесімді қолдана алады.

Осындай деңгейлік оқытудың тиімділігінің арқасында мұғалімдердің көзқарастары өзгеріп,қазіргі күні оқыту үрдісінде заманауи технологиялар мен әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып,мектептегі оқу сапасын арттыруда өз үлестерін қосып келеді.

Мектепте 47 мұғалім қызмет етеді.Соның ішінде Кембридж оқытуы бойынша I, II, III деңгейлік курсты 20 мұғалім бітіріп,бағдарлама негізінде жұмыс істеуде.

Деңгейлік курс бітірген мұғалімдермен әңгіме барысында анықтағаным мектепте «Қоғам»атты кәсіби топ құрылған. Мұғалімдер өз әріптестерімен біріге отырып оқу ортасының жобасын жасау,іске асыру,басқару және жоспарлау мүмкіндіктері бар екенін айтты.Жалпы мектеп мұғалімдерінің 37 пайызы осы курсты бітіріп отыр.Мектепте мұғалімдер көшбасшылық қызметтерін орындау мүмкіндіктері бар.Олар «Ізденіс», «Іскерлік» «Тестілеу», «Шығармашылық»деп топтарды ұйымдастыра отырып жұмыс жасауда.

Мектепте жалпы 4 бірлестік жұмыс жасайды.Пән бірлестіктерінің алға қойған міндеттері ,мектептің жалпы міндеттерімен ұштасып отырады.Оқушыларды ҰБТ-ке,олимпиадаға,қалалық,облыстық жарыстарға дайындауда,әріптестер арасында пән аралық сабақтар өткізуде ,мұғалімдер БАҚ бетіне жариялауға ұсынылатын материалдар сапасын талқылап жариялайды,тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибелерімен бөлісіп таратады,мектепішілік,мектепаралық семинарлар мен конференцияларға қатысып отыратындығын мектеп директоры сұхбат барысында айтты.

Даму жоспарының іс-шаралары қаншалықты жүзеге асып жатқандығы жайлы оқу ісінің меңгерушісі тарапынан келесі деректерді айта кетуім керек:

Мектеп былтырғы оқу жылында оқушылардың аудандық пәндік олимпиадаларынан,ғылыми жұмыстарды қорғаудан қалалық деңгейде алдыңғы қатарда, бірінші болып,облыс деңгейде жақсы көрсеткіш көрсеткендерін және ҰБТ қорытындысының қала бойынша нәтижесі бойынша 95 пайыз болса,біздің мектеп оқушылары 85 пайызды көрсетті. «Алтын белгіні» 1оқушы иеленді.Осындай сұхбаттасу арқылы мен мектебімнің жоспарланған жұмыстары туралы көптеген сапалы,құнды мәліметтер білдім.

«Мектеп үшін бүгінгі күні ең өзекті, ең маңызды және оны шешпейінше мектептің дамуы мүмкін болмайтын мәселе не, нені және қалай өзгерту қажет?» деген сұраққа жауап табу үшін, алдымен «Менің мектебімнің бастапқы жағдайы қандай?» деген мәселені анықтап алу керек болды.

Мектептің бастапқы ахуалын анықтамас бұрын кәсіби топ құруды жөн санадым.Оған белсенді,оқушылардың болашағына шын жаны ашитын,оқуда кездесетін кедергілерге алаңдаушылықпен қарап,оның шешу жолдарына ат салысады деген әріптестерімді тартуға тырыстым.

Сөйтіп оқу тәжірибесіне өзгеріс еңгізуде мұғалімдер,оқушылар мен ата-аналардың пікірі қаншалықты маңызды екенін анықтау барысында сауалнамалар жүргізілді.

Оқушылардан сауалнама алуды 4 сыныптар арасында жоспарладым.Оның себебі,өзім бастауыш сыныптар оқу ісі меңгерушісі ретінде іс-тәжірибемде алаңдататыны бастауыш буыннан орта буынға көшкен оқушылардың оқу сапасының күрт төмендеп кететіні еді.

Сауалнама алудағы мақсат оқушылар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты анықтау , топтық жұмыстың тиімді ұйымдастырылуы, мұғалімдердің жаңа-әдістәсілдерді сабақта қолдану әдісі қаншалықты деңгейде екенін анықтау,мектеп пен ата-ана арасындағы байланыстың дәрежесін анықтау еді.

Сауалнамаға тартылған 4 сыныптың 74 оқушысының көрсеткен жауаптарын пайыздық үлесі келесідегідей: [¹]

-Қазіргі мектептің жағдайы білім алушы ретінде сізді қанағаттандыра ма-деген сауалнамаға «иә»деп жауап берген оқушылар 47 пайыз, «кейде»деп жауап берген 29 пайыз, «жоқ»деп жауап берген 24 пайыз.

-Оқыту мен оқу үдерісі сізді қызықтыра ма деген сауалнамаға«иә»деп жауап берген оқушылар 65 пайыз, «кейде»деп жауап берген 28 пайыз, «жоқ»деп жауап берген 7 пайыз.

-Сыныпта жағымды орта қалыптасып өзіңізді еркін сезінесіз бе деген сауалнамаға«иә»деп жауап берген оқушылар 54 пайыз, «кейде»деп жауап берген 37 пайыз, «жоқ»деп жауап берген 9 пайыз.

-Оқу үдерісіндегі жауапкершілікті өзіңе алып,басқаларға ықпал етесің бе?деген сауалнама бойынша «иә»деп жауап берген оқушылар 27 пайыз, «кейде»деп жауап берген 34 пайыз, «жоқ»деп жауап берген 39 пайыз.

-Мұғалімдер қолданатын әдіс-тәсілдер сіздерге оқу үдерісінде ойлануға,ізденуге ,алға ұмтылуға әсер ете ме деген сауалнамаға«иә»деп жауап берген оқушылар 47 пайыз, «кейде»деп жауап берген 40 пайыз, «жоқ»деп жауап берген 13 пайыз.

-Мектепке білім алуға ынтамен келесің бе? деген сауалнама бойынша «иә»деп жауап берген оқушылар 49 пайыз, «кейде»деп жауап берген 16 пайыз, «жоқ»деп жауап берген 35 пайыз.

Оқушыларға берілген алғашқы сауалнама бойынша мектептің қазіргі жағдайына білім алушы ретінде 24 пайыз оқушы қанағаттанбайды,яғни мектептің материалдық - техникалық базасы заман талабына сай емес,бұл дегеніміз АКТ-ны қолдану мүмкіндік аз деген сөз.

Оқыту мен оқу үдерісі сізді қызықтыра ма деген сауалнамаға 7 пайыз оқушылар жоқ деп, 27 пайыз оқушылар «кейде»деген жауап белгілеген,бұл дегеніміз мектепте деңгейлік оқыту курсын тәмәмдаған ұстаздар саны барлық ұстаздардың 37 пайызын құрап тұрғанымен оқушыларды оқыту үдерісіне қызықтыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастырылмайды дегенді меңзейді.



Сондай-ақ сыныпта жағымды ахуалдың тиісті деңгейде қалыптаспайтындығын 9 пайыз оқушылардың «жоқ»деген жауаптарынан көрінсе,оқу үдерісінде жауапкершілікті өзіне алып ,басқаларға ықпал ете алмайтындар 39 пайызды көрсетіп отыр,бұл дегеніміз топпен жұмыс,құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынастың тиісті дәрежеде болмауы деп қарау керек.Және оқушыларды ынталандыру жұмыстар «жоқтың қасы»деп түсіндім.

Енді оқушылардан алынған сауалнаманың нәтижесіне көз жүгіртейік:

Сауалнаманың сараптамасынан кейін жеке оқушылардың пікірін білу мақсатында оқушылармен сұхбат жүргізу барысында С есімді оқушы мектепке білім алуға бар ынтасымен келетіндігін,білім алу басты мақсаты екендігін,өз сабағына жауапкершілікпен қарайтынын айтты.Мұғалімдер сабақты әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады,ондай тәсілдер бізге ойлануға,ізденуге ,алға ұмтыылуға әсер етеді.сабақта топтық,жұптық жұмыс түрлері ,кері байланысты мұғалімдердің барлығы бірдей қолдана бермейді.Сыныпта жағымды орта қалыптасқан,өзімді мектепте еркін ұстаймын.Сыныптағы үздік оқушылардың бірімін-деп сөзін аяқтады.Бұл оқушының жауабы,өзіне деген жауапкершіліктің жоғары екендігінде деп ойлаймын.

«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім» (Strong, Ward & Grant, 2011) [МАН-15бет].



Келесі сауалнама мақсаты мектеп мұғалімдерінің білім беру деңгейінің сапасын анықтау еді .

Бұл туралы мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесі басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді (Barber and Mourshad, 2007) [МАН-15бет]делінген

Мұғалімдерден алынған сауалнамаға 43 мұғалім қатысты.[²].Олар бастауыш буынн мұғалімдері,және орта буында сабақ беретін мұғалімдер.

Сауалнаманың нәтижесінде 50 % ұстаздардың білімді жинақтауға негізделген дәстүрлі білім беруге бейім екендігі байқалды.Яғни ұстаздардың көпшілігі әлі де болса дәстүрлі білім берудің құрсауынан шыға алмауда,оның себебі бір жағынан мектептің ахуалына да байланысты.Екінші жағынан өз жұмыстарына рефлексия жасамайтындығында болар.

Өз жұмыстарына рефлекциялық есеп жүргізбейтін 20%,бұдан көретініміз әлі де ұстаздарың жаңа әдіс-тәсілдерді игере алмауынан деуге болады.



Сөйте тұра өз сабақтарында оқытудың жаңа әдіс -тәсілдерін қаншалықты қолдануы туралы сауалнамаға 70%қолданамыз деп жауап берген,бұл қуантарлық жағдай деп білемін,бұдан көретін нәтиже ұстаздар шығармашылықпен жұмыс атқарып жатыр.

Оқушыларға жұмыс тиімділігін арттыратын кері байланыс ұсынатын ұстаздар 50 % бұл да көңіл көншіте қояр көрсетілім емес,бірақ тәжірибелік өзгерістердің бар екендігін байқатады.Осы сауалнама нәтижесі төменде көрсетілді.
Мұғалімдерден алынған сауалнама негізінде:

  • Оқушылармен жұмыс тиімділігін арттыратын кері байланыс 50%;

  • Өз сабақтарында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданатын-70%;

  • Рефлексиялық есеп жүргізбейтін-20 %;

  • Әлі де болса дәстүрлі білім беруге бейім 50% екендігін көріп тұрмыз.

Мұғалімдермен сұхбат жүргізгенде Б деген әріптесім мектептегі білім алатындардың ынтасы мені қанағаттандырады,мұғалімдердің кәсіби білім жетілдіруі сыныптағы оқыту сапасына айқын ықпал етеді.Осы деңгейлік курсты біздің мектеп ұстаздарының басым пайызы оқып бітірді. Мектепте өзара қолдау көрсету,тәжірибе алмасу тиісті дәрежеде деп есептеймін.Оқытудағы олқылықтарыма әріптестерім үнемі әдістемелік қолдау көрсетіп отырады.Сабағыма зерттеу жүргізіп,рефлексия жасамаймын,оқушылармен кері байланысты ауызша жасаймын. Мен өзім курсқа бармасам да сол әріптестерімнің сабақтарына қатысу барысында жаңа әдіс-тәсілдердің оқыту сапасын арттыруда өте тиімді жолдар ұсынатынын байқағанын айтты.Демек оқытудың сапасын арттыру үшін енгізіліп жатқан жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі әріптестерімді бей-жай қалдырмапты.

Мектептің дамыту жоспарын зерттеп отырғанда бір байқағаным,жоспарланған жұмыстың барлығына дерлік жауапкершілікті мектеп әкімшілігі ,мектеп ұжымына жүктелген,ата-аналардың жауапкершілігіне аса назар аударылмағандығы мені елең еткізді.Сол себепті ата-аналарға келесідей сұрақтар әзірледім:[³]



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет