«менің Өмірімдегі дін»



Дата26.11.2023
өлшемі22,77 Kb.
#193586
Байланысты:
Эссе каз


« МЕНІҢ ӨМІРІМДЕГІ ДІН»
Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күшАлланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышыАллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтаншықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым
Ислам - Aлла тағаланың Жəбірейіл періште арқылы сүйікті әрі соңғы пайғамбары Мұхаммедке жіберген ең соңғы діні. Ол адам баласына осы дүниеде және ақыретте бақытты өмір сүруге жетелейтін қағидалар жиынтығы.
Қазіргі уақытта әлемде 1,5 млрд-қа жуық мұсылмандар өмір сүреді және жыл өте бұл көрсеткіш өсе түсуде. Еліміздің тарихы мен мәдениеті көптеген ғасырлар бойы Ислам дінімен тығыз байланыста дамып келеді. Ислам - қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі болып табылады.
Исламның түбегейлі орнығуына VIII ғ. ортасында, 751 ж. Тараз қаласының маңындағы мұсылман әскербасы Зияд ибн Салих пен Қытай қолбасшысы Гао Сяньчжидің арасында болған Атлах шайқасында мұсылман әскері жеңіске жетіп, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерлері азат етілуі себеп болды. Мұсылман әскерінің бұл жеңісі Орта Азия жерінде ислам діні мен мәдениетінің қалыптасуына апарады.тX ғ. аяғына қарай ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды. X ғ. басында Қараханит мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ мұсылмандықты қабылдады, ал оның ұлы Боғра-хан Һарун Мұса 960 ж. ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады.
Оңтүстік Қазақстандағы көшпенді түркі халқының арасында исламды таратуда ұлы ойшыл Қожа Ахмет Яссауи (1166 ж. немесе 1167 ж. қайтыс болған) зор үлес қосты. Әмір Темірдің Яссауиге деген құрметінің белгісі ретінде XIV-XV ғғ. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынды, қазіргі таңда бұл тарихи жәдігер тек Қазақстандағы ірі мұсылмандық сәулет ескерткіші ғана емес, сонымен қатар, әлемдік озық үлгілердің бірі болып саналады.
Қазақ хандығы құрылғаннан бастап мұсылмандық құқықтық нормалaрынa жүгінді. Бaрлық қaзaқ хaндaры, соның ішінде Керей мен Жәнібектен бaстап ең соңғы қaзaқ ханы Кенесары (1847 ж. қайтыс болды.) өздерінің шариғатқа жүгінетіндіктерін айтып кеткен.
Тәуке ханның (шамамен 1718 ж. қайтыс болды) «Жеті Жарғы» заңдар кодексін қабылдауы исламды қоғамдық өмір мен заңдық тәжірибеде қолдануда айтарлықтай үлкен қадам болды. Осы құжатта көрсетілген әкімшілік, қылмыс және азаматтық құқық нормалары айтарлықтай дәрежеде шариғатқа жүгінген.
Соңғы уақытта әлемдік ғаламторда, БАҚ өкілдері тарапынан исламға қатысты таңылып жатқан қара дақтардың бұл пәк дінге ешбір қатысы жоқ. Ислам терроризм, экстримизммен, сондай-ақ күштеп жаулап алумен түбегейлі байланыспайды. Бұл асыл діннің негізгі құндылықтарына мән бермегеннің, діни сауатсыздықтың белгісі. Әу баста ислам - әлемге тек бейбітшілік әкелу үшін жіберілген соңғы дін. Кейбір қаламгерлердің исламның тек қылышпен жайылды деген негізсіз сөздері бұл дінге деген жала жабу, исламның адами құндылықтары жайында хабарсыздығы. Қару алып күш көрсету тек Oтанға, жеке өмірге қауіп төнген жағдайда ғана қолданылады
2.4;
Құдайға деген сенім,Отбасы. Денсаулық. Достық.Шырғамашылық жақтан жетілдіру
.Ислам діні ең таза дін болып саналады егерде әр бір адам шариғат бойынша қмір сүргенде әлем 1000000 есе жақсарар еді деп ойлаймын,
Омар Айбек КИБФ-121

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет