«Менің Отаным – Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау «Құндылықтар»


І нұсқа 1 тапсырмаМәтін бөліктерінің ретін тауып көрсет (1,2,3)



бет11/47
Дата16.02.2023
өлшемі1,97 Mb.
#169082
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47
Байланысты:
ББЖ,ТЖБ Әдебиет 4 сынып (1)

І нұсқа
1 тапсырмаМәтін бөліктерінің ретін тауып көрсет (1,2,3)
Тоғызқұмалақ арнаулы тақтада ойналады.Тақтаның шұңқыр қазаны бар.Тоғызқұмалақ ойлануды,тапқырлықты керек етеді.Шахмат,дойбыға ұқсайды.Бұл ойын Орталық Азия елдерінде кеңінен тараған.
Тоғызқұмалақ – ұлттық ойындарымыздың бірі.Ол мыңдаған жыл бұрын шыққан.Бұл – өткен ғасырларда қазақ жерінде ең кең тараған ойын.
Біздің елімізде тоғызқұмалақтан жарыстар өтеді. Ол – нағыз ұлттық мұра. (1)
Мәтінге ат қой
___________________________________________________________________________(1)
Мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді жаз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________(1)
2 тапсырма Мәтінді түсініп оқы.Тапсырмаларды орында.
Аяқталмаған ойын
Ауылдың шеті. Қарлы төбешікке су құйылып, сырғанақ жасалған. Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр. Олардың ішінде ағалы-інілі Ақан мен Асан да бар. Беттері қызара бөртіп, сырғанақ ойынынан жалығар емес.
Ақан мен Асан тау басына шықты. Шананың алдына Асан отыратын. Ол абайсызда шанадан айырылып қалды. Бос шана төмен қарай сырғанай жөнелді.
Балалар шананы қайта әкелу үшін екеуі ерегесті.
Сөзі өтпеген Асан ашуланып, төмен түсті. Шананы жетектеген бойы тауға емес, үйіне қарай бет алды. Ақан енді не істерін, кіммен ойнарын білмей, тау басында қаққан қазықтай кақшиып тұрып қалды.
Бір-бірінің тілін алғысы келмеген ағалы - інілі Асан мен Ақанның ойыны осылай аяқталмай қалды.
Кейіпкерлердің іс –әрекетін сипатта
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________(2)
Мәтін неліктен «Аяқталмаған ойын» деп аталады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет