2) Т.Әубәкіровтың өмірбаянынан үзінді оқы.
Тоқтар Әубәкіров - қазақтың тұңғыш ғарышкері, Қазақстан Республикасының халық Қаһарманы. 1991 жылы 2 қазанда «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарышта ол Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесін, оның зиянды әсерлерін зерттеді. Сондай- ақ ғарышта жүріп ыстыққа да, суыққа да төзімді болатын картоп тұқымдарын будандастырып, айрықша дәмді картоп түрлерін алып келді. Ол Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскерипатриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға да белсене араласты.
3) Т. Әубәкіров еліміздің дамуына қандай үлес қосты? Мәтінде берілген ақпаратқа сүйеніп жаз.
1.Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесін, оның зиянды әсерлерін зерттеді
2. ыстыққа да, суыққа да төзімді болатын картоп тұқымдарын будандастырып, айрықша дәмді картоп түрлерін алып келді.
3. отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскерипатриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға да белсене араласты
2-тапсырма Сұрақтарға жауап жаз.
Сен тұратын жерде қандай өнеркәсіп орындары (зауыт, фабрика, ферма, цех, шаруашылық) бар? _______________________________________________________
Ол жерлерде не өндіріледі? ________________________________________________________________________
Олар не үшін немесе қандай мақсатта қолданылады? ________________________________________________________________________
2-тапсырма Суретте Қазақстанда жасалған тамақ өнімдерінің зат белгілері көрсетілген. Өзіңе таныс тауардың зат белгісін таңда. Осы ұлттық брендтің өнімі туралы не білесің?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3-тапсырма ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттері туралы сөзлемдерді толықтыр. Көмекші сөздерді қолдан.
Әр адамның ____өмір сүруге_______________________________________құқығы бар
Әркімнің ____ана тілі мен төл мәдениетін__________________________________________ пайдалануға құқығы бар.
Қазақстан азаматтары мемлекеттік _рәміздерді ___________________құрметтеуге міндетті.
Қазақстанның әр азаматы еліміздің__ тарихи және мәдени ескерткіштерінсақтауға міндетті.
Керекті сөздер: рәміздерді, ана тілі мен төл мәдениетін, өмір сүру, тарихи және мәдени ескерткіштерін
Достарыңызбен бөлісу: |