Мәнжазба Тақырыбы: Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені, бірлігі және келешегі



Дата08.05.2020
өлшемі20,12 Kb.
#66703
Байланысты:
Тарих 14.ФПКО-01


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

СӨЖ

Мәнжазба

Тақырыбы: Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені, бірлігі және келешегі

Орындаған: Жеңіс Динара Ж.

Тексерген : Аман.Ә.Б

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Қазақстан мемлекеттінің қалыптасуымен қарқынды дамуының жəне қоғамды жаңаша реформалаудың нақты стратегиялық, концептуалдық үлгісін ұсынып, оны жүзеге асыруға бар күш -жүгерін,саналы ғұмырын арнап келе жатқан ұлы қайраткер. Ел басқарған қайраткердің халыққа арнаған қай сөзінің де жөні бөлек.Өйткені ол сөзден саңлақ саясаткердің жүрегін жарып шыққан оқшау ойы,тегеурінді тұжырымы,кең ауқымды көзқарасы «мен мұндалып» тұрады.Оның үстіне, Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «желдің өтінде,елдің бетінде » жүргенін айқын аңғартатын, «қазақтың ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау-менің Президенттік те,перзенттік те парызым » дегенді ант еткендей нық сеніммен айтатын адам екенін ескерсек, ол ойларды саралайтын сынның да салмағы арта түспек.Сондай- ақ егемен елінің ертеңі үшін түн ұйқысын төрт бөліп жүрген мемлекет басшысының бүкіл дүниедегі өзгерістерге мəн беруіне,тікелей араласпаған күннің өзінде алдын ала шаралар белгілеуіне тура келетін тұстар аз болмайды.

Бодандықтан бостандыққа қадам басқан жаңа тұрпатты мемлекеттің күрделі кезеңінде Президент еліміздің ертеңі мен болашағы үшін ұлттық мемлекеттің мызғымас негізін қалап,ғасырлар бойы аңсаған азаттықтың баянды болуы мақсатында тың жол- қазақстандық жолды қалыптастырды.Елбасы əлемдегі дамыған мемлекеттердің бай тəжірбиесін таразылай отырып,тəуелсіздігін жаңа алған еліміздің жаһандық өркениет көшіне қосылуының бірден-бір дұрыс жолын нұсқап жəне жүзеге асыруды өз жауапкершілігіне алып,оны жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында егжей-тегжейлі баяндап келеді Тəуелсіз Қазақстан өзінің аңсаумен алған азаттығымен қоса тіршілігін біліммен байытып, ғылыммен жетілдіруді мақсат етуі қажет. Егеменді елдің болашақ ұрпақтарын тəрбиелеудегі аграрлық білім берудің мақсаты нарықтық қатынастарды тиімді жолға қоюды көздеген экономикалық өркендеуден де, орасан өзінің қыйындығы мен маңызының тұлғаланып тұрғанын түсінуіміз керек. Осы аграрлық білім беру саласында дербестігімізді алған алғашқы азаттық жылдарында, республикамызда көптеген жұмыстар жасалынды. Күні бүгінге дейін Қазақстанда жоғары аграрлық білім берудің өткені мен бүгінгісін жəне болашағына кешенді түрде жан-жақты талдау жасалған еңбектердің болмауы, бүгінгі таңда осы салада ғылыми- зерттеу жұмыстарын қажет етеді.

Тəуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан қарсыдан соққан жел мен жауған жаңбырға,өзінің шаршап-шалдыққаны мен қорқынышына,айналасындағы əр түрлі қиын жайларға қарамастан,тау асулармен тайсалмай жүріп келе жатқан жолаушының жағдайын көзге елестететін.Алғашқы қадам- өте күрделі.Жаңа мемлекетімізді құруға кіріскенде, ең алдымен біздің үйіміздің мықты ірге тасы,негіздердің негізі қажет екенін түсіндік Біз тəуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап даму мақсатындағы айқын ұстанымды қабылдадық, бұл ұстаным мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіріп,өсу мақсаттарына қол жеткізуге бағыттады. Бұл ретте біздің еліміз үш кезеңді өтті. Біріншісі (1991-1995 жылдар) бұл кезеңде біз кеңестік жүйені бұзып, мемлекеттің негіздерін құрумен айналыстық. Екінші кезең (1996-2000 жылдар) –экономика мен саяси жүйенің терең құрылымдық өзгерістерін іске асырумен байланысты болды. Үшінші кезең (2001-2006) — экономикалық өсу уақыты. Бейбітшілік пен тыныштық, бүгіндері басымыздан өткеріп отырған экономикалық қауырт шақ жəне азаматтарымыздың өмірлік құштарлығы,өз күштері мен ертеңгі күндеріне деген сенімдері,біз үшін үйреншікті құбылысқа айналып отыр.



Біз оларды, Астанадағы ғимараттардың үстінен күнде ертемен баяу көтеріліп келе жатқан күн шапағаттарын байқамайтынымыз сияқты, жаңағыларды да көбінесе байқай бермейміз.Ал осыдан он жыл бұрын дəл осылай болатына ешкім де сенген жоқ.. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқына 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауында: «Осы заманғы білім беру жүйесінсіз əрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық жəне кəсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт» — деп, атап көрсетті [1]. Мұндай ғылыми зерттеу жұмысы аграрлық білім беру жүйесін ұйымдастыруда жəне жетілдіруде өткендегі қателіктерді қайталамау үшін қажет. Қай кезеңде болмасын аграрлық білім беру жүйесі басқа салаларға қарағанда жоғары қарқынмен дамыды, білікті мамандар даярлауда мол тəжірибе жинақталды. Бұл тəжірибе қазіргі күннің өзінде де көптеген жағдайда ауыл шаруашылығының түпкілікті жұмыс қорытындысы мамандар мен олардың басшыларының ұйымдастыру, саяси жəне іскерлік қасиеттеріне байланысты екендігін мойындатады. Демек, ауыл шаруашылық кадрларының өндірісті дамытудағы, жаңа технологияны игерудегі белсенділік үлгілерін, өндіріс басшыларының жарқын өмір жолдарын көрсетудің тəуелсіз Қазақстанның ауыл шаруашылық мамандарын тəрбиелеуде айтарлықтай маңызы бар. Екінші жағынан, ауыл шаруашылық мамандары мен басшыларының қызметі өз кəсіпкерліктерімен ғана шектеліп қоймай, міндетті түрде мəдени-тəрбиешілік ісімен де жалғасты. Қоғам олардан ұжыммен жұмыс істей білетін, жоғары мəдениетті жəне аса білімдар болуларын талап етті. Еліміздегі жаңару үрдістер өткен тарихымызды объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға, мəдени құрылыс саласында, оның ішінде жоғары аграрлық білім берудің тарихын жаңаша көзқарас тұрғысында зерделеуге, егеменді еліміздің бүгінгі күн талаптарына сай нарықтық қатынастарға көшуге байланысты жоғары білімді реформалауға жəне оның жоғары білім тұжырымдамасын ғылыми негіздеуге мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар жасалды. Жоғарыда аталған қайшылықтарды болдырмау үшін ауыл шаруашылық мамандарын даярлауда өткен тарихи тəжірибенің жағымды жақтарын пайдалана отырып, бүгінгі талаптарға сəйкес Қазақтанда аграрлық білімнің қалыптасуы мен даму тарихын бір жүйеге келтіру, зерттеу жұмысымыздың өзекті мəселесіне айналып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет