Мәнжазба тақырыбы


Кеңес өкіметі кезіндегі қазақ тіл білімі туралы зерттеулер



бет2/3
Дата03.05.2023
өлшемі33,38 Kb.
#175952
1   2   3
Байланысты:
Та ырыбы Ке естік тіл білімі

Кеңес өкіметі кезіндегі қазақ тіл білімі туралы зерттеулер
Кеңес дәуірінде Қазақстан тоталитарлық тәртіп жағдайында өмір сүргенімен, онда ұлт мәдениетін, ғылым мен өнерді дамытуға, оқу-ағарту, баспасөз жүйелерін кеңейтуге, ұлттық жазбаны жүйеге келтіріп, әдеби тідді қалыптастыруға объективті мүмкіншіліктер туды. Қазақ тіл білімінің жан-жақты зерттеліп, дербес ғылым саласына айналуы осы Кеңес дәуірімен деңгейлес келеді. Бірақ Кеңес өкіметі жылдарындағы қазақ тіл білімінің зерттелу дәрежесі іштей біркелкі емес.
Сол себепті оны бірнеше кезеңге бөліп қарастыру қажеттігі туады.
1920 жылдардағы қазақ тіл білімі. Қазан революциясына дейін мектептерде қазақ тілі оқытылмағаны белгілі. Халық арасында сауатсыздық басым болды. Осындай жағдайда ашылған мектеп, техникум және басқа оқу орыңдары үшін оқулық, оқу құралдарын жасау, жазу жүйесін ретке келтіру, терминдерді қалыптастыру мақсатындағы алғашқы шараларды жүзеге асыру — 1920 жылдардағы казақ тіл білімінің ең басты міндеті болды. Бұл міндетті жүзеге асыруда қазақтың ұлттық тіл білімінің негізін қалаушы А. Байтұрсыновтың сіңірген еңбегі ұшан-теңіз екені бұдан бұрын айтылды. Ол ерте заманнан бері қолданылып келе жатқан араб жазуын қазақ тілінің дыбыс заңына икемдеп, оның емлесін жасады. Мектепке арнап жазған оқулықтары мен оқу құралдарында қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымдарының терминін жасады.
Жаппай сауат ашуға қажетті әліппе, шағын анықтама, грамматикалық, әдістемелік құралдар, сөздіктер жасауға, тіл мәселелерін зерттеуге Халел Досмұхамедов, Телжан Шонанов, Жүсіпбек Аймауытов, Қошке Кемеңгеров, Әбдірахман Байдилдин, Нәзір Төреқұлов т.б. қазақ зиялылары ат салысып отырды.
1926 ж. Бакуде латын жазуына көшу туралы шешім қабылдаған Бүкілодақтық түркологиялық І съезд өткізілді. Осыған байланысты республикада латын графикасына негізделген жазуға көшу мәселесі көтерілді. Латын жазуына көшудің ең басты дәлелі ретінде араб жазуының дыбыс жүйесіне сәйкес келмейтіндігі, Еуропа мәдениетіне жақындасу мақсатында түркі халықтарының бүкіл одақ көлемінде латынға көшу талабы өрістеп отырғаны көрсетілді. Ал А. Байтұрсыновтың араб жазуын қазақ тіліне икемдеп реформалауы — заман талабына сай келмейтін жазуды жамап-жасқау, прогреске қарсы керітартпа әрекет деп бағаланып, оның ақыры идеологиялық қарама-карсылық тартысына айналып кетті. Латынға көшу туралы шешім 1924 жылы қабылданганымен, Қазақ өкіметінің «Қазақ жаңа емлесі туралы декреті» тек 1929 жылы ғана жариялаңды. Бұл жазуды халық 1940 жылы орыс графикасына көшкенге дейін пайдаланды.
Қазақ тіліндегі алғашқы археографиялық басылым 1925 жылы Орынборда жарық көрді. Ол «Қазақ зиялы қауымының бірінші Құрылтай жиналысы» деп аталды және 1924 жылдың 12-18 маусымында өткен аталмыш Құрылтайдын стенографиялық есебі ретінде шықты. Осы кітаптың арқасында, бүгінгі оқырмандар А. Байтұрсыновтың, Ә. Бөкейхановтың, М. Дулатовтын, X. Досмұхамедовтің, Е. Омаровтың, Н. Төрекұловтың, И. Арабаевтын, М. Мурзиннің және басқалардың ұлттық мәдениеттің, ғылымның, әдебиет пен өнердің даму жолдары, қазақ тілі, оқу-ағарту бағдарламалары мен оқулықтар жөніндегі көзқарастарын түпнұсқалық деректерден оқып зерттеуге мүмкіндік алды. Сәкен Сейфуллин «Тар жол, тайғак кешу» романымен (Қызылорда, 1927) қазақ мемуарлық әдебиетінің негізін салды. Сәкен Сейфуллин өзінің жеке бақылау-бағамдауына және нақтылы сенімді деректерге сүйене отырып, тарихи оқиғалардың және революция мен Азамат соғысына тікелей қатысушы жүздеген адамдар тағдырының ауыртпалықты жолын суреттеген. Автордың деректер мен оқиғаларды бейнелеудегі айқын саяси ұстанымдары және қарама-қарсы лагерьлердегі адамдар әрекеттеріне баға берудегі таптық көзқарастарына қарамастан, Сәкен Сейфуллиннің шығармасы 1916-1919 жылдардағы Қазақстан тарихы бойынша күні бүгінге дейін
жиі пайдаланылатын деректеме болыпт абылады. Осы жылдары қазақ халқы ұлт-азаттық қозғалысының тарихы, атап айтқанда, Алаш қозғалысы жайындағы алғашқы басылымдар, оның ішінде құжатты-деректі жинақтар жарық көрді. 1927 жылы БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің (Казкрайком) саяси тапсырысы бойынша А.П. Бочагов жинаған құжаттар кешені идеологиялық тұрғыдан жарамсыз деп танылды. Ол кездегі алға қойылған саяси міндет бойынша, Қазақстандағы Компартияның басты қарсыласы Алаш қозғалысының толық талқандалғанына куәлік ететін нақты деректерді тандап алу керек болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет