ПӘннің ОҚу- әдістемелік кешені жалпы тіл білімі 5 в 020500 «Филология: қазақ тілі» ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі0,74 Mb.
#30175
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


СМЖ 3 дәрежелі құжаты

ПОӘК



ПОӘК

«Жалпы тіл білімі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары



Баспа №2 9.09.2014


ПОӘК 042-18-28.1.3/03-2014






ПӘННІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Жалпы тіл білімі

5 В 020500 - «Филология: қазақ тілі»
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ






СЕМЕЙ


2014

Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәріс

3 Тәжірибелік сабақтар

4 Білім алушылардың өздік жұмыстары

ГЛОССАРИЙ

Аморф - формасыз деген мағынаны білдіреді.

Ареалдық тіл білімі – (лат.аrea – кеңістік, аудан) – лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы.

Әдеби тіл – жалпыхалықтық тіл маржанын жинақтап, сұрыпталған, екшелген, қызметке бай, әлеуметтік сипаты мен стильдік ерекшеліктері мол сала. Диалект - жалпыхалықтық, біртұтас ұлттық тілдің өзіндік дыбыстық, сөздік, грамматикалық ерекшеліктері бар саласы.

Билингвизм. Көп ұлтты мемлекеттерде әр түрлі ұлт өкілдері бір – бірімен қатынас жасау үшін, өзінің ана тілінен басқа тілді де, өзімен аралас – құралас халық тілін де білу қажеттігі туады. Сөйтіп, өздерінің күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдана береді. Осыдан барып екітілдік немесе көптілділік пайда болады.Ол – тіл білімінде билингвизм деп аталады.

Грамматикалық мағына дегеніміз тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинақты, дерексіз тіддік мағына.

Диахрониялық тіл білімі – тілдің тарихи уақыт ішінде өзгеруі мен дамуын зерттейтін тіл білімі

Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы.

Интра – латын тілінен ауысқан префикс «ішкі» мағынасын білдіреді.

Интеграция - өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір – бірімен жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі.

Логикалық бағыт – тілді ойлауға және логика мен философиядағы әр түрлі ағымдар мен концепцияларға қатысты зерттейтін көзқарастар жиынтығы.

Менталингвистика деген термин құрамындағы мента – латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді.

Неолингвизм (гр. neos – жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған).

Сөйлеу дегеніміз - әрекет.Әрекет белгілі бір нәтижеге жету үшін, бағыты, мақсаты бірлігі арқылы топтасқан процестердің күрделі жиынтығы.

Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым – қатынас құралы деп қарайтын бағыт.

Семиотика - әр түрлі хабарлар, мәліметтер беру үшін қолданылатын таңбалар жүйесі

Тілдік жағдаят - әлеуметтік тіл білімінің зерттейтін мәселесі.

Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым.

Экстралингвистика – экстра латын тілінде «сыртқы, сыртқары» мағынасын береді.

Этнолингвистика – грекше ethnos халық, тайпа) – тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.



2 ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
№1 модуль Жалпы тіл білімінің қалыптасуы.
№1 дәріс тақырыбы: Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі мәселелері, салалары. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.
1. Жалпы тіл білімінің анықтамасы, мақсаты мен міндеттері

2. Жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салаларымен қарым-қатынасы.

3. Тіл білімінің қалыптасуы мен дамуы.

4. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.


Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. Ол – бүкіл лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін ғылым. Жалпы тіл білімі 1963 жылдан бастап енгізілді. Бұл пәннің мақсаты – студенттерге теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстыру.

Тіл білімі салалары: 1. Интралингвистика. Интра – латын тілінен ауысқан префикс «ішкі» мағынасын білдіреді. Интралингвистика тілдің ішкі жүйелілік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді. Интралингвистиканың негізгі салалары – фонетика, лексикология, грамматика. Экстралингвистика – экстра латын тілінде «сыртқы, сыртқары» мағынасын береді. Экстралингвистика тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Сондықтан оны социологиялық лингвистика, металингвистика (мета – грекше жарты), сыртқы лингвистика, немесе тілдің қоғамда, ойлау процесінде атқаратын қызметін зерттеуіне байланысты функциялық лингвистика деп те атайды. Экстралингвистика социолингвистика, менталингвистика салаларына бөлінеді. Менталингвистика деген термин құрамындағы мента – латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді. Менталингвистика тіл менойлаудың қарым-қатынасын, тілдік мағынаның теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді.

1.Тіл білімінің қоғамдық ғылымдармен байланысы және онда алатын орны.

2.Тіл білімінің жаратылыстану ұғымдарымен байланысы.

3.Тіл білімінің 20 ғасырда туған ғылым салаларымен байланысы.

Бақылау сұрақтары:

1. Жалпы тіл білімі қашан қалыптаса бастады?

2. Жалпы тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне не жатады?

3. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы қандай?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. "Арыс қоры".- Алматы: Арыс, 2007.

2. Невченко В.Н. Введение в языкознание. М.:Дрофа.,2008.-7063с.

3. Исаев. С. Қазақ тіл білімінің мәселелері [Текст] = Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011



4. Жүнісова, М.Ә. Қазіргі қазақ тілі: оқу құралы .- Алматы: Дарын, 2008.

5. Шалабай, Б. Қазіргі қазақ тілі синтаксис. – Алматы, 2012.


№2 дәріс тақырыбы: Тілдің өзіндік сипаттары. Тілдің табиғаты мен мәні.

Тіл және қоғам. Дыбыс тілінің пайда болуы
1.Тілдің өзіндік сипаттары.

2.Тілдің табиғаты мен мәні

3. Тілдің теориялық мәліметтері

4. Тіл және қоғам. Дыбыс тілінің пайда болуы

Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына – қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады. Тіл – биологиялық та, психикалық та құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс.

Тіл теориясының мән-мағынасы, негізгі проблемалары, күрделі салалары, ол салалардың басқа ғылымдармен байланысы.

Тілдің анықтамасы, бұл мәселедегі ала-құлалық. Тілге дұрыс анықтама берудің теориялық мәні. Тілдің коммуникативтік, экспрессивтік функциялары, бұл екеуінің ара қатынасы, коммуникативтік функцияның мәнділігі. Тілдің структуралық, семиотикалық сипаттарына қарай, қоғамның, мәдениеттің дамуына тигізетін әсеріне, алатын орнына қарай беріліп жүрген анықтамалар. Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы болса, екіншіден, оқу пәні болып есептелінетіні. Соңғы мағынадағы оның мақсаты мен міндеті. Жалпы тіл білімінің нысаны адамдардың дыбыстық тіл

Тіл табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына жататыны, мәні дегенге оның қоғамда атқаратын қызметі ерекшелігі жататыны. Бұл мәселелерді шешуде болып келе жатқан пікір қайшылықтары. Тіл білімі тарихында болған әр түрлі мектептердің, бағыт-бағдарлардың дүниеге келуіне ғалымдардың тілдің табиғаты мен мәнін қалай түсініктерінің себеп болғандығы және қазірде де солай болып келе жатқаны.

Қоғамсыз тіл болмайды, тілсіз қоғам да болмайды деген қағида қазіргі заман тіл білімінде берік орын тепкен, талассыз тұжырым деуге болады.

Дыбыс тілінің пайда болуы. Дыбыс тілінің шығуына байланысты олар айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай – қайсысы да ғылыми тұрғыдан алғанда сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да тіл – адамға құдайдың берген сыйлығы дейтін діни көзқарасқа қарама – қарсы тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті. Дыбыс тілі алғашқыда неден басталды, қандай болды? Деген сұрау адам қоғамы тарих үшін де, тіл ғылымы үшін де соншалықты маңызды, өте қажетті болғанымен, оған ешкім де еш уақытта нақтылы жауап бере алмайды.

Ғалымдар дыбыс тілі жеке дыбыстарға сараланатын сөз түрінде бірден пайда болған емес, жалпы жан иелерінде болатындай әр түрлі диффузды дыбыстарды адам тектес маймылдар да шығара білген болу керек, өз үйірлестеріне бір нәрсені хабарлау үшін қолданылған сондай диффузды, яғни мағыналық жағынан да, материалдық жағынан да бөлшектеп саралауға болмайтын одағай дыбыстарды олар дыбыс тілінің бастамасы ретінде қолданған болар да, келе-келе солардың негізінде дыбысты тіл пайда болған болар деп жорамалдайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Тілге берілген қандай анықтамаларды білесің?

2. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына жатқызамыз?

3.Дыбыс тілі алғашқыда неден басталды, қандай болды?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

№3 дәріс тақырыбы: Тіл және этникалық бірлік. Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері


1. Тіл және этникалық бірлік

2. Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері

3. Тілдік жағдаят. Билингвизм
Тіл бірлігі – бір қалыптан өзгермейтін, қатып қалған құбылыс емес, өзгеріске ұшырап отыратын тарихи құбылыс. Белгілі бір тіл бір ғана этникалық бірліктің тілі болуы да, араласып кеткен бірнеше этникалық топтың ортақ тілі болу да мүмкін.Соған қрай тілдік бірліктің географиялық көлемі де әр түрлі.

Негізінен алғанда, тайпалық бірліктің бірнеше рулардың, халықтық бірліктің бірнеше тайпалардың бірігуінен барып қалыптасатын ғылым бекер демейді.Этникалық топтардың бұлай күрделене шоғырлануы олардың тілдерінің де бірігіп, күрделенуін туғызады.Бұлай шоғырлануда тайпа құрамына немесе халықтық бірлік құрамына енген белгілі бір этникалық топтың тілі басқалар арасына кеңірек тарап, бара – бара бірлік құрамына енгендердің барлығына ортақ тілге айналады да, өзге тілдер бірте – бірте соның құрамына еніп сіңеді.Бұл жағдай қоғамның этникалық бірліктерінің ұсақтан іріге қарай күрделене дамитындығы сияқты тілдің де көптеген ағза күрделене дамитындығын байқатады.

Адамдардың қоғамдық бірліктері сияқты олардың тілдері де бір – бірінен ажырап бөлшектену, қосылып бірігу жолынан өткен. Тілдің қай – қайсысы да осы күнгі дәрежесінде пайда бола қалмаған.

Адам қоғамының алғашқы рулық бірліктен ұлттық бірлікке қарай дамитыны сияқты, тіл де ру тілінен тайпа, халық, ұлт тіліне ауысып күрделене дамиды.

Ертедегі шағын қауымдастықтар тілінен кейінгі замандардағы күрделі қауымдар тіліне қарай даму жолында тілдер дамуында екі түрлі процесс болды.Оның біріншісі – белгілі бір дәуірдегі біртұтас тілдің өз ішінен ыдырап, жеке диалектілерге, тілдерге бөлшектену процесі.Бұл процесс – тіл білімінде дифференциация деп аталады.Екіншісі – жеке диалектілердің, тілдердің бір – бірімен жақындасу, бірігу процесі.Бұл процесс тіл білімінде интеграция деп аталады.

Тіл дамуында болатын дифференциациялық процесс басқа қоғамдардан гөрі ру қоғамында молырақ болады.Өйткені адамдардың жеке – жеке ұсақ қауым болып өмір сүруі – алғашқы қауымдық бірліктің негізгі белгілерінің бірі.

Интеграция – дифференциацияға тура қарама – қарсы процесс. Интеграция - өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір – бірімен жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі.

Тілдік жағдаят (ситуация). Бір тілдің немесе бір территориялық - әлеуметтік ортада қызмет ететін тілдер тобының белгілі географиялық аймақ, болмаса саяси - әкімшілік құрылым шегінде өмір сүру формасының жиынтығы тілдік жағдаят деп аталады.

Билингвизм. Көп ұлтты мемлекеттерде әр түрлі ұлт өкілдері бір – бірімен қатынас жасау үшін, өзінің ана тілінен басқа тілді де, өзімен аралас – құралас халық тілін де білу қажеттігі туады. Сөйтіп, өздерінің күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдана береді. Осыдан барып екітілдік немесе көптілділік пайда болады.Ол – тіл білімінде билингвизм деп аталады.

Екі немесе одан да көп тілді қолданушылар жеке адамдар болуы да, бүкіл этникалық қауым болуы да мүмкін.Кеңестер Одағы – көп ұлтты мемлекет болды.Мұндағы әр түрлі ұлттар бір – бірімен қарым – қатынас жасау үшін, орыс тілін пайдаланды.Сөйтіп, орыс тілі – орыс ұлтының ана тілі болуымен қатар, екінші жағынан, Кеңес заманында халықтардың ұлтаралық тіліне де айналды.

Креол тілдер. Африка, Оңтүстік – Шығыс Азия, Океания, Латын Америкасы жеріндегі Испания, Португалия, Франция отаршыларының ұрпағы – креолдардың тілдері. Креол тілдердің пайда болуы тілдердің пиджинделу процесімен, яғни пиджин (ағылшынның бұрмаланған business іс сөзінен) тілдердің қалыптасуымен байланысты.

Бақылау сұрақтары:

1. Қоғам және тілдің біртұтастығы неден көрінеді?

2. Техникалық прогрестің тілге әсері қандай?

3. Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері неден көрінеді?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

№4 дәріс тақырыбы: Әлемдік тілдер. Сөйлеу тілі мен кітаби тіл. Әдеби тіл. Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері. Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері.


1.Әлемдік тілдер.

2.Сөйлеу тілі мен кітаби тіл.

3. Әдеби тіл.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері.
Әлемдік тілдер. Антикалық Еуропада латын тілінің бүкіл Еуропа халықтарына канондық тіл болғаны сияқты, араб тілі де ислам діні тараған аудандар үшін канондық тіл болған, 17-18 ғасырларда жер шарының әр түрлі аймақтарына кең тараған испан, француз, неміс тілдері болса, 19 ғасырда мұндай дәрежеге ағылшын тілі, 20 ғасырда орыс тілі көтеріліп отыр.Бірақ бұл тілдер халықаралық деп аталғанымен, олардың ешқайсысы да әлемдік тіл болған жоқ.Алайда, бұл бағыттағы ізденістер толассыз жүріп жатыр.Сондай ізденістің нәтижесінде бірнеше жасанды, көмекші тілдердің жобасы ұсынылды.Солардың ішіндегі ең елеулісі - волапюк, эсперанто деп аталатындар.Мұның алғашқысы - әлемдік тіл деген мағынаны білдіретін ағылшынның вола, пюк деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Жасанды тілдер ішінде көптеген елдерде тарап, кең етек алған қазіргі түрі эсперанто деп аталады.

Сөйлеу тілі мен кітаби тіл. Бұлардың екеуі де бір ғана этникалық бірлік тілінің жеке көріністері, олар бөлек – бөлек тілдер емес, тіл біреу – ақ, сондықтан оларды тіл демей, стиль, яғни сөйлеу тілі стилі, кітаби стиль деген жөн.Дәстүрге айналған атауды бұзбау үшін ғана «тіл» деп отырмыз.

Кітаби – жазба тіл болу үшін жазудың, баспа орнынаң болуы шарт.Бұларсыз кітаби – жазба тіл болмақ емес.Сөйлеу тілі мен кітаби – жазба тіл этникалық бірлік тілінің екі түрлі көрінісі, екі түрі дедік.

Әдеби тіл – жалпыхалықтық тіл маржанын жинақтап, сұрыпталған, екшелген, қызметке бай, әлеуметтік сипаты мен стильдік ерекшеліктері мол сала. Диалект - жалпыхалықтық, біртұтас ұлттық тілдің өзіндік дыбыстық, сөздік, грамматикалық ерекшеліктері бар саласы. Диалектілер негізінде тілдік қауым қоныс ыңғайына қарай әр түрлі аймақтарға бөлінеді. Диалектінің мұндай түрі жергілікті диалект деп аталады.Жергілікті диалектіге белгілі бір аймақта тұратын адамдар тілінде кездесетін ерекшеліктердің жиынтығы жатады.



Бақылау сұрақтары:

1.Әлемдік тілдер туралы не білесің?

2.Сөйлеу тілі, кіаби тіл, әдеби тіл дегеніміз не?

4.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері туралы не білесің?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
№5 дәріс тақырыбы: Тіл және ойлау. Тіл және сана. Тілдік мағына
1.Тіл және ойлау туралы түсінік

2. Тіл және сананың арақатынасы.

1. Тілдің ой – санамен қарым – қатысы. Тіл мен ой – сананың бір – бірімен қарым – қатынасы жөніндегі мәселе – біздің дәуірден көп бұрын басталған көне тақырып. Қазір бұл мәселені филосовтар да, тіл ғалымдары да, логиктер де, психологтар да зерттейді.Бұл саладағы пікірлерді былайша топтуға болады.

1) Тіл мен ойлау тепе-теңдік бірлікте, ешқандай өзгешеліктері жоқ дейтін көзқарас.Бұл – менталистік бағыт деп аталады (неміс ғалымдары Ф.Э.Д.Шлейермахер, И.Г.Гаман, 18-19 ғ.).

2) Тіл мен ойлау арасында ешқандай бірлік, ұқсастық жоқ, екеуі екі бөлек дүние дейтін көзқарас (неміс ғылымы Ф.Э.Бенеке,19 ғ.). Бұл екі көзқарастың екеуі де тіл мен ойлаудың қарым – қатынасы жөніндегі мәселені жоққа шығарады, оны проблема етіп көтеруді қажетсіз деп санайды.

3) Тілдің рөлін асыра бағалап, тіл мен ойлауды өте жақын деген көзқарас (неміс ғалымы В.Гумбольдт, француз ғалымы Л.Леви – Брюль, 18, 19 ғ.).Бұл бихевиористік бағыт деп аталады.

4) Тіл мен ой – сана өзара тығыз байланысты, бірінсіз бірі өмір сүре алмайды.Бірақ бұлардағы бірлік абсолюттік, тепе – теңдік бірлік емес, әрқайсысының өзіндік дербестіктері, қайшылықтары бар дейтін көзқарас.Тіл мен ой – сананың арақатысы жөніндегі бірден – бір дұрыс шешім де осы соңғы бағыт деп есептеуге болады.

Тіл мен сөйлеу бір – бірінен ажырамас бірлікте.Тілсіз сөйлеу жоқ, сөйлеу жоқ жерде тіл жоқ.Сөйлеу – тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы.

Сөйлеу дегеніміз – тілді қатынас процесінде, өз ойын басқаларға білдіру, басқаның ойын білу мақсатында қолдану деген сөз.

Сөйлеу дегеніміз психологиялық көзқарас бойынша нені білдіреді? Сөйлеу мен тілдің байланысы неде? Бұл сұрақтарға мамандар әр түрлі жауап береді. Кейбіреулері олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ ,- дейді. Келесілері «Сөйлеу – тіл жұптағы түсінікті тек сөйлеу – индивидуалды табиғаттың феномені, ал тіл психологиялық құбылыс емес, сондықтан ол әлеуметтік, оны зерттейтін психолингвистика болып табылады ,-дейді.



Бақылау сұрақтары:

1. Тілдің ой – санамен қарым – қатысы қандай?

1.Сөйлеу дегеніміз психологиялық көзқарас бойынша нені білдіреді?

3. Тіл және сананың байланысы қандай?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Шаяхметұлы.Қ. Қазіргі қазақ тілі. Сөзжасам-дериватология, сөзөзгерім-морфология. Семей; Новосібір: Талер-Пресс, 2007.- 334б.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
№6 дәріс тақырыбы: Тілдің таңбалық, жүйелік, құрылымдық сипаты. Тіл деңгейлері. Грамматикалық категориялар
1. Тіл деңгейлері

2. Грамматикалық категориялар


Тіл жүйесіндегі басты мәселелердің бірі тіл деңгейлерімен байланысты. Тіл біліміндегі дәстүр бойынша тіл құрылымын фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларына бөліп қарастыру тіл деңгейлері туралы идеяны дамытуға негіз болды. Тіл деңгейлерін білудің теориялық та, практикалық та мәні зор. Тіл жүйесіндегі бірыңғай тіл бірліктері мен ережелердің жиынтығынан тұратын шағын жүйелер, бөлімдер тіл деңгейлерін жасайды. Тіл деңгейлері тіл механизмдері деп те аталады (Б.Н.Головин).

Тіл деңгейлері туралы теория 20 ғасырдың орта шенінде тілдің формалды жағын нақты суреттеп талдауға негізделген дескриптивтік тіл білімінің (Америка) ықпалымен онан әрі дамыды.

"Грамматикалық категория" терминінің ұғымы жайында тіл білімінде әр түрлі пікір орын алып келеді. Л.И.Баранникова: "Грамматикалық категория деп сөзде және сөйлемде көрініс табатын, тілдің сипатын білдіретін жалпы граматикалық ұғымдарды" атайды.

Тіл біліміндегі неғүрлым соңғы пікірге сүйенсек, "грамматикалық категория дегеніміз мағынасы бір типтес грамма-тикалық тұлғалардың бір-бірінен өзгеше жүйесі" . Бұл анықтамада грамматикалық категория мағына мен тұлғаның бірлігі ғана емес, әрі сондай бірліктен жасалған жүйе екені ясәне осылай туған жүйелер бір-бірінен ерекше екеніне мән берілген.

Грамматикалық категорияны жете түсіну үшін, оның өзара бірліктегі құранды бөліктері болып табылатын грамматикалык, тұлға мен грамматикалық мағынаның табиғатын білген жөн. Грамматикалық тұлға дегеніміз грамматикалық мағынаның қалыпты (стандартты) көрінісін, үлгісін білдіретін тіддік белгі.

Грамматикалық мағына дегеніміз тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинақты, дерексіз тіддік мағына.

Бақылау сұрақтары:

1. Тіл деңгейі ұстанымдары қандай?

2. Тіл деңгейлерінің басқаша атауы бар ма?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

№7 дәріс тақырыбы: Тілдің даму заңдылықтары. Тілдік өзгерістердің ішкі, сыртқы себептері. Тілдік одақ. Ностратикалық тілдер


1. Тілдің дамуының заңдылықтары.

2.Лексиканың дамуы.Фонетиканың дамуы.

3.Грамматиканың дамуы.

4. Тілдік құбылыстарға себепші, болатын факторлар



5. Тілдік одақ. Ностратикалық тілдер
Тілдің лексикалық құрамын оның басқа салаларының қай-қайсьісынан болса да өзгеріске бейім тұрады. Сөздік құрам екі түрлі жолмен дамиды: біріншісі — ор тілдің өзіндік байырғы материаддары негізінде, екінші — басқа тілдерден сөздер қабылдау негізінде.Тілдің сөздік құрамы өзгергіш дегеннен оның барлық, саласы, барлық қабаты бірдей дәрежеде өзгереді деген қорытынды шықпайды. Фонетикалық ауытқу екі түрлі болады:

а) алдыңғы үрпақ тілінде өзара жақын болғанымен, бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар екі дыбысты кейінгі үрпақтың біріктіріп, бір-ақ дыбыс ретінде қолдануы. Бұл — тіл білімде конвергенция деп аталады; ә) алдыңғы үрпақ тілінде бір дыбыс немесе бір дыбыстың басқа түрі ғана болып келгендер кейінгі үрпақ тілінде екі бөлек дыбыс болып кетуі мүмкін. Бүл — дивергенция деп аталады.

Тілдік құбылыстарға себепші, болатын факторлар алуан түрлі. Қазіргі заман тіл білімінде олардың ішіндегі ең елеулісі ретінде екі түрлі факторға ерекше мән береді: оның бірі — сыртқы фактор, екіншісі — ішкі — фактор деп аталады. Егер тілдегі белгілі бір өзгерістің пайда болуына түрткі, себепші болған жағдайлар тілдің өзіне, өз жүйесіне тән, өзінің ішкі ерекшелігінен туған заңдылығы болса, ол ішкі себеп болады да, тілдің өз заңдылығынан болмай, одан тысқары, тілді қоршаған әлемнен, ортадан туған түрткі болса, ол сыртқы себеп болады. Сыртқы факторға тілді қоршаған ортадан болатын алуан түрлі себептердің жиынтығы, өзгеден бұрын, қоғамның тарихи дамуына, тілдік коллективтің қоныс аударуларына, миграцияға, бірігуімен ыдырауына, қатынас жасау формасының өзгеруіне, мәдениет пен техникадағы прогреске байланысты себептер жатса, ішкі факторға тілдің өмір сүріп түрған жүйесін жетілдіре беру мақсатынан туған себептер жатады. Тілдік одақ дегеніміз – шыққан тегіндегі жақындық бойынша емес, біртұтас географиялық кеңістікте б»р-б»р»мен ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болған тілдердің белгілі дәрежеде құрылымдық және материалдық ұқсастығына негізделген тілдердің тарихи бірлігі. Тілдік одақ және тіл семьясы деген ұғымдар бірдей емес.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет