Меншік және экономикалық ЖҮЙЕ


ФИРМА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ТЕОРИЯСЫ



бет38/73
Дата07.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#83430
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73
Байланысты:
Лекции

ФИРМА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ТЕОРИЯСЫ



Дәрістің мақсаты: фирманың теориялық бағыттарын зерттеу және кәсіпкерлікті ұймдастырудың негізгі нысандарын, сонымен қатар, Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуын қараыстыру.
Дәріс жоспары:

  1. Кәсіпкерлікке түсінік

  2. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымды-құқықтық формалары

  3. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымды-экономикалық түрлері



1. Кәсіпкерлікке түсінік. Кәсіпкерлік дегеніміз - меншіктік және қарызға алынған қаржылар есебінен тауар өндіру және қызметтер көрсету үшін, осылардың негізінде пайда табу барысында шаруашылық ұйым құру. Кәсіпкерлікпен айналысатын адамды кәсіпкер деп атайды. Ол тиімді тәсілдерді амл ретінде таңдап ұйымдастырады, жаңалыққа жаны жақын, тәуекелшіл, іскер адам. Кәсіпкер үшін ең негізгісі- пайда табу.
Кәсіпкердің пайдасы мен меншік иесі кірісі арасындағы айырмашылықтарды білуіміз қажет.
Меншік иесінің табысының түрлері:
А) дивиденд;
ә) депозидтік процент;
б) рента.
Меншік иесінің белгілі бір білімі болмайды, бірақ ол өзінің қолындағысын жалға беру арқылы пайда табады. Ал, кәсіпкер үшін басты ақша емес, оның білімі, тапқырлығы болып табылады. Кәсіпкер тәуекелшілікке салынып, өзінің білімі арқасында өнім өндіріп пайда табатын адам. Сондықтан да кәсіпкер- нарықтың белсенді агенті, ал меншік иесі нарықтың пассивті агенті.
Ұйымдасуына қарай кәсіпкерлік 3-ке бөлінеді:
А) жеке-дара;
ә) аралас;
б) мемлекеттік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет