Меншік және экономикалық ЖҮЙЕ



бет55/73
Дата07.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#83430
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   73
Байланысты:
Лекции




Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:

  1. Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.

  2. Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.

  3. Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.

  4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.
Тоқырау фазасының сипаттамасы:

  1. Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.

  2. Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.

  3. Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.

Жандану фазасының сипаттамасы:

  1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.

  2. Инвестициялар өседі.

  3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.

  4. Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.

  5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Өрлеу фазасының сипаттамасы:

  1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.

  2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.

  3. Тауарлардың бағасы өседі.

  4. Қарыз капиталының ұсынысы өседі.

  5. Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.

Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.
Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады.
П.Самуэльсон бойынша циклдердің экономикалық теориялары экстерналды және интерналды теорияларға жіктеледі. Экстерналдық теория бойынша циклдердің пайда болу себептері – сыртқы факторлардың әсер етуі, оларға соғыстар, төңкерістер, саяси оқиғалар, тұрғындардың миграциясы, ғылыми ашылымдар жатады. Интерналды теория бойынша циклдер ішкі факторлар себебінен пайда болады, яғни өндіріс құрылымындағы пропорцияның бұзылуы, ақша айналымы ауданындағы бұзылымдар, негізгі капиталдың көп жинақталуы. Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.
Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.
Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.
Циклдардың ұзақтылығына (толқындар) байланысты олар бірнеше типке бөлінеді.
Экономикалық циклдардың типтері



Экономикалық
циклдің типтері

Ұзақтылығы

Себептері, ерекшеліктері

1. Дж.Китчиннің қысқа толқындары»

2-4 жыл

Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың тербелісіне әкеледі.

2. К.Жуглярдың «орташа толқындары»

10 жыл

Ақша айналысындағы өзгерістер, кердиттік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі.

3. Кузнецтің циклдары

18-25 жыл

Экономикалық циклардың себептері күрделі құрылыспен байланысты

4. Н.Д.Кондратьевтің «ұзын толқындары»

40-60 жыл

Басты қозғаушы күш – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы.

5. Форрестердің циклдары

200 жыл

Энергия куаты мен материалдарға байланысты.

6. Тоффлердің циклдары

1000-2000 ж.

Цивилизацияның дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты.

Жуглярдың циклдердің ұзақтығы 7-12 жыл, осы циклдің басқаша аттары бизнес-цикл, өнеркәсіптік цикл, орташа цикл. Бірінші өнеркәсіптік цикл 1825 жылы Англияда болды. Осы кезде машиналық өндіріс металлургияда, машина жасауда және басқа жетекші салаларда билік жүргізуге кіріскен болатын. 1847 – 1848 жылдардағы дағдарыс АҚШ—та басталған, соңынан бірнеше Еуропалық елдерге тараған. Осы дағдарысты мән жағынан қарағанда өнеркәсіптік цикл деп атауға болады.


Китчин тауарлық запастар қозғалысындағы қаржы шоттары мен сату бағасын таладу негізінде, өзінің назарын, ұзындығы 2-ден 4 жылға дейін болатын, қыска толқындарды зерттеуге аударған.
1946 ж. С. Кузнец «Ұлттық табыс» деген еңбегінде мынадай қорытындыға келді: ұлттық табыстың, тұтынушылық шығындардың, өндірістік жабдықтарға сол сияқты ғимараттарға, құрылыстарға жасалған жалпы инвестициялардың көрсеткіштері өзара байланысты жиырма жылдық ауытқулардың бар екенін айқындайды және құрылыста осы аутқулардың амплитудасысалыстырмалы ең үлкен болады. 1955 жылы Кузнецтің еңбегіне баға беріліп, Кондратьевтің «ұзын толқындарынан» өзгеше құрылыстық циклді Кунецтік цикл деп аталсын деген шешімге кабылданды.
Ұзын толқындар теорисына орыс ғалымы Н.Д.Кондратьевтің үлесі зор. Өзінің еңбектерінде дамыған елдердегі 1770 – 1926 жж. тауарлық бағаларының индексінің, проценттің мөлшерлемелерінің, рентаның, жалақының, өнімнің маңызды түрлерінің динамикасын зертеген. Кондратьев циклдың басталуын өндіріске жаңа технологияның жаппай енгізілуімен, әлемдік шаруашылыққа жаңа елдерді тартумен, алтын өндіру көлемінің өзгерістерімен байланыстырады. Осымен бірге өрлеудің жалпы көрінісі былай сипатталады: техникалық жаңартпалардың еңгізілуі инвестициялық процестің кеңеюімен қатар жүріп отырады, бұл өз кезегімен бағаның өсуіне ат салысатын, өндірісті және сұранысты ынталандырады. Осы кезеңде жұмыссыздық төмендейді, жалақы және еңбек өнімділігі өседі. Кондратьев ауыл шаруашылыққа ерекше назар аударған, себебі ол бұны ұзақ мерзімдік құлдыраудың басты себебі деп есептеді. Бірінші – үлкен циклдің өрлеуін Кондратьев Англиядағы өнеркәсіптік төнкеріспен байланыстырады, екіншіні – темір жол көлігінің дамуымен, үшіншіні – электр қуатының, телефонның радионың енгізілуімен, төртіншіні – автомобиль өндірісімен.
Құрылым жағынан аграрлық және басқа да салалық дағдарыстар болады. Аграрлық дағдарыстар табиғи жағдайлармен байланысты болуы мүмкін және ұзақ мерзімді болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет