Меншік және экономикалық ЖҮЙЕ



бет52/73
Дата07.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#83430
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   73
Байланысты:
Лекции

3. Экономикалық тепе-теңдік. Жиынтық сұраным дегеніміз - белгілі бір баға деңгейімен ұсынылған жалпы тауарлар мен қызметтер көлеміне сұраныс. Ол тұтынушылардың, кәсіпорындардың, мемлекеттің жалпы сұранысын көрсетеді.
Жиынтық сұраным инфляция деңгейімен сәйкестендірілген нақты ЖҰӨ элементтерінің ақшалай сұранымын көрсетеді. Ақшаның сандық теориясына сәйкес, жиынтық сұраным (АД) келесі формула бойынша есептеледі:
М*У
АД= ----------;
Р
АД - жиынтық сұраным;
М - айналыстағы ақша саны;
У - табыс қозғалысындағы ақшаның айналу жылдамдығы;
Р - баға деңгейі.
Жиынтық сұраныс қисығы тауар сұранысы қисығы сияқты сұранымның кему заңымен мінезделеді. Ұлттық өнімге деген сұраным жоғары болады, егерде ақшаның айналу жылдамдығы және айналымдағы ақша массасы жоғарласа.
Жиынтық сұраным мен баға деңгнйі арасындағы байланыс кері болып табылады. Жиынтық сұраным тұтыну мен инвестициялық тауарларға деген сұранымды көрсетеді.
Жиынтық сұранымға әсер ететін факторлар:

  1. Процент ставкасы;

  2. Инфляция деңгейі;

  3. Импорттық тауарлар санының өсуі;

  4. Тұтынушылар күтімі;

  5. Қалыптасқан салықты инвестициялық режим.

Жиынтық ұсыным дегеніміз- өндірілген ұлттық өнімнің барлық элементтерінің ақшалай көрінісіндегі ұсынымның топтастырылған деңгейі.
Жиынтық ұсыным- бұл қалыптасқан баға деңгейіне сәйкес ұсынылатын және өндірілетін тауарлар менқызметтердің жалпы саны.
Баға деңгейі мен жиынтық ұсыным арасында тура қатынас болады. Баға деңгейі өскен сайын ұсыным да өседі.
Баға индексін есептеу үшін нақты уақыттағы анықталған жиынтықтағы тауарлар мен қызметтердің жиынтық бағасын базалық уақыттағы сондай тауарлар мен қызметтердің жиынтық бағасына бөлеміз.
Жиынтық ұсыным құрылған ұлттық өнім мөлшері мен баға өзгеруінің ұдайы өндірісін көрсетеді.
Жиынтық ұсынымның өзгеруіне әсер ететін факторлар:
а) шығынның үлестік деңгейі;
ә) өндіру деңгейі;
б) өндіріс факторлары жүйесіндегі өзгерістер;
в) өндірістік аппараттағы, ғылыми-техникалық, интелектуальды және ұлттың мәдени-білім деңгейіндегі өзгертулер;
г) мемлекеттік саясат.
Жиынтық сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін инфляция қарқыны мен нақты ұлттық өнім көлемі (баға өзгеріссіз қалған кездегі өнім құны) экономиканың жалпы макроэкономикалық тепе-теңдігін көрсетеді. Жиынтық сұраным жиынтық ұсынымға тең болғанда, экономикалық тепе-теңдік қалыптасады.
Кез-келген ұлттық экономикада нақты ЖҰӨ көлемінің өсуі, инфляциялық процестердің жылдамдауына алып келеді.
Егер де нақты ЖҰӨ-нің ағымдағы өндірісі белгіленген потенциалдан төмен болса, онда жұмыссыздық деңгейін, жиынтық сұранымды өсіруді ынталандыру арқылы төмендетуге болады.
Мұндай жағдайға жету үшін, мемлекеттің экономикалық саясатының 3 негізгі құралы қолданылады:

  1. салықтарды төмендету;

  2. ақша массасын көбейту;

  3. мемлекеттік шығынды өсіру.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет