Меншік және экономикалық ЖҮЙЕ


Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы. Нарық тепе-теңдігі



бет35/73
Дата07.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#83430
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73
Байланысты:
Лекции

Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы. Нарық тепе-теңдігі. Нарық процесінде баға белгілеуді сұраныс пен ұсыныс заңы басқарады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың қиылысуы олардың тепе-теңдігін көрсетеді. Тепе-теңдік нарықтық баға дегеніміз - нарықта ұсынылған тауарлардың артықшылығы да, кемшілігі де болмайтын баға. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесіндегі баға – рыноктық клиринг немесе тепе-теңдік баға деп аталады.



P


D тауар артықшылығы S

E
P1 тепе-теңдік нүктесі




S
Тауар тапшылығы D


Q1 Q

Тепе – теңдік баға тұтынушыны да, өндірушіні де қанағаттандырады.


Нарықтық баға сұраныс пен ұсыныстың қиылысу нүктесінде белгіленеді.
Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі Е - тепе-теңдік нүктесі болып табылады.
Тепе-теңдік нүктесінде сұраныс пен ұсыныс көлемдері тең болады.
Сұраныс көлемінің ұсыныс көлеміне тең кезіндегі баға тепе-теңдік бағасы болып табылады.
Сұраныстың ұсынысқы тең көлемі тепе-теңдік көлемді көрсетеді.
Нарықтағы сұраныстың ұсынысқа тең болатын жағдайы нарықтық тепе-теңдікті көрсетеді.
Егер де нарықтық баға тепе-теңдік бағаға тең болмаса, онда артық сұраныс немесе артық ұсыныс орын алады, ал осы уақыттағы сатушылар мен сатып алушылардың іс-әрекеті нарықтық бағаны тепе-теңдік бағаға қарай қозғайды.
Егер де сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен жоғары болатын болса, онда тауар тапшылығы қалыптасады. Керісінше сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен төмен болатын болса, онда тауар артықшылығы қалыптасады.
Егер рынокта ұсыныс төмендеп, сұраныс көбейетін болса, онда тауар бағасы көтеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет