Меншік және экономикалық ЖҮЙЕ


Икемділік ұғымы. Икемділік коэффициенті. Сұранымның баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныстың баға бойынша икемділігі



бет36/73
Дата07.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#83430
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73
Байланысты:
Лекции

4. Икемділік ұғымы. Икемділік коэффициенті. Сұранымның баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныстың баға бойынша икемділігі.
Икемділік дегеніміз – бір айнымалының екінші айнымалыға жауап ретінде өзгеру дәрежесі. Икемділіктің негізгі көрсеткіші икемділік коэффициенті болып табылады. Икемділік коэффициенті дегеніміз – бір айнымалының пайыздық өзгеруінің екінші айнымалының пайыздық өзгеруін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің екі түрі бар: сұраныс және ұсыныс икемділіктері.
Сұраныс икемділігінің келесідей түрлері бар: сұраныстың баға бойынша икемділігі, қиылысымды бағалық икемділік, табыс бойынша сұраныс икемділігі. Ұсыныс икемділігінің негізгі формасы баға бойынша ұсыныс икемділігі болып табылады.




С икемсіз ұсыным
А бірлік икемділікті ұсыным
В икемді ұсыным


Ұсыным икемділігі


Сұраныстың баға бойынша икемділігі барлық жағдайлардың тұрақты болған уақытындағы тауарға деген сұраныстың пайыздық езгеруінің оның бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы немесе бағаның өзгерісіне тұтынушының әсер беру дәрежесін өлшеуді білдіреді.


сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісі
Баға бойынша сұраныс икемділігі = -------------------------------------------------
бағаның пайыздық өзгерісі
Баға бойынша сұраныс икемділігінің негізгі формалары:

  • икемді сұраныс – сұраныс деңгейі бағаға қарағанда жоғары пайызға өседі, яғни EDp >1;

  • бірлік икемділікті сұраныс – сұраныс деңгейі мен баға бірдей пайызға өзгереді, яғни EDp =1;

  • икемсіз сұраныс – сұраныс деңгейіне қарағанда баға жоғары пайызға өседі, яғни EDp <1;

  • өте икемді сұраныс – бағаның өзгеруіне қарамастан сұраныс деңгейінйң өте жоғарғы көлемге өсуі, яғни EDp =∞;

  • өте икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруіне сұраныс деңгейінйң әсер етпеуі, яғни EDp =0;

Сұраныстың қиылысымды бағалық икемділігі дегеніміз – сұранылатын тауардың көлеміндегі басқа тауардың бағасының өзгеруіне жауап ретінде өзгеру дәрежесі.
Сұранылатын тауар көлеміндегі пайыздық өзгеріс
Баға бойынша қиылысымды сұраныс =---------------------------------------------
Басқа тауардың көлеміндегі пайыздық өзгеріс
Қиылысымды икемділіктің негізгі формалары:

  • оңды – бірін-бірі ауыстыратын тауарлар үшін;

  • теріс – бірін-бірі толықтыратын тауарлар үшін;

  • нөлдік – бірін-бірі ауыстыратын, бірін-бірі толықтыратын тауарлар болып табылмайтын тауарларға тәуелді.

Табыстар бойынша сұраныс икемділігі дегеніміз – тұтынушылар табыстарының көлеміндегі өзгеріске байланыстысұранылатын тауарлар көлеміндегі өзгеру дәрежесі.
Табыстар бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті барлық шарттар тұрақты болған уақыттағы тауарларға сұраныс деңгейіінің пайыздық өзгеруінің тұтынушылар табысының пайыздық өзгеруіне қатынасы.
Тауарға сұраныс көлемінің өзгеру пайызы
Табыстар бойынша сұраныс икемділігі= -------------------------------------------
Табыстағы пайыздық өзгеріс
Табыс бойынша сұраныс икемділігінің негізгі формалары:

  • оңды – сұраныс көлемі табыстың өсуімен өседі; қалыпты игіліктерге тәуелді

  • теріс – сұраныс көлемі табыстың өсуімен төмендейді; сапасыз және төмен тауарларға свойственна

  • нөлдік – сұраныс көлемі табыстың өзгеруіне әсер етпейді; күнделікті қолданылатын тауарларға тәуелді.



А - Бірлік икемділікті сұраным


С - Икемсіз сұраным


В - Икемді сұраным



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет