2. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымды-құқықтық формалары. Меншік түрінің көптүрлілігі нарық экономикасын ұйымдастырудың шарты. Ол кәсіпкерлік формасының көптүрлілігін көрсетеді.
Қазіргі кезде экономика капиталға деген жеке меншіктікті көрсетпейді, ол ұйымдық формасына көп көңіл бөледі. Сондықтан біз кәсіпкерліктің 2 формасын қарастырамыз:
А) ұйымды-құқықтық;
ә) ұйымды-экономикалық.
Ұйымды-құқықтық формасына бастапқы кезде заңды түрде ұйымдасқан кәсіпкерлік қызмет жатады. Оның келесідей формалары бар:
Жеке фирма;
Жеке кәсіпорын. Оны ұйымдастырушы да, иелік етуші де бір адам.
Серіктестік- жеке адам мен заңды тұлғалардың бірігуі, олардың мүшелері серіктестік міндеттемелері бойынша бірге жауап береді.
Акционерлік қоғам- бұл заңдық құқы, жарғысы бар қоғам.
Кооператив- бұл қоғам қызметі принципінде табыс табу емес, қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау.
Мемлекеттік кәсіпорындар-бұл заңды, экономикалық дербестігі жоқ кәсіпорындар.