Дәрістің мақсаты: фирма шығындарының және табыстарының түрлерін қарастыру, пайданың түрлерін атау, өндіріс шығындарын азайту және пайданы арттыру ережелерін түсіндіру
Дәріс жоспары: Шығындардың мәні
Шығындардың түрлері
Табыс және пайда
Шығындардың мәні. Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігі туындайды. Шығындар - нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығындары. Яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
Шығындардың түрлері.Өндіріс шығындарының классификациясы
Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
Айқынсыз шығындар - кәсіпорын иесінің өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларларын пайдаланғандағы шығындар
Айқын шығындар - шикізат, материалдарға, жолдамалы еңбеккерлердің жалақысына және т.б. кеткен ақшалай шығындар