Дәрістің мақсаты: өндіріс факторлары нарықтарын жеке-жеке қарастыра отырып, әр ресурсқа тағайындалатын бағалардың, яғни жалақы, пайыз және рента ерекшеліктерін кеңінен талқылау.
Дәріс жоспары: Еңбек нарығы және жалақы
1. Еңбек нарығы және жалақы. Экономикада бөлу процесі өте маңызды рөл атқарады, ол өндірілген өнімдегі әрбір адамның үлесін, қоғам мүшелерінің табысы, әл-ауқат, тұрмыс дәрежесін сипаттайды. Бұл тақырыпта меншікке сәйкес өндіріс факторлары – еңбек, капитал, жер, сондай-ақ табыс нысаны – жалақы, пайда мен пайыз, жер рентасы. Бөлу баға арқылы жүзеге асады. Сондықтан табыстардың құрылуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны түсіну керек.