Меншік және экономикалық ЖҮЙЕ


Макроэкономикалық көрсеткіштер



бет51/73
Дата07.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#83430
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73
Байланысты:
Лекции

2. Макроэкономикалық көрсеткіштер. Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар:
а) Ұлттық байлық- қазіргі таңда қоғамның қолында бар тарихи дамуда қорға айналған игіліктер, тұтыну құндарының жиынтығы (өндірістік қорлар, әлеуметтік инфрақұрылым, рухани байлықтар, ақпараттық ресурстар, тарихи, мәдени, әдеби құндылықтар).
ә) Жиынтық қоғамдық өнім дегеніміз- 1 жылда материалдық өндірісте өндірілген өнім мен еңбек заттарының қайталанған есебінің жиынтығы.
б) Жиынтық ұлттық өнім- бұл материалдық және материалдық емес өндіріс пен жеке адамдар табысының сомасы немесе 1 жыл ішінде елде өндірілген барлық дайын өнім мен қызметтердің жалпы нарықтық құны.
ЖҰӨ-нің 2 түрі болады:

  1. Номиналды ЖҰӨ;

  2. Нақты ЖҰӨ.

ЖҰӨ-ді 3 әдіс бойынша есептеуге болады:
а) ұлттық экономиканың барлық саласындағы қосымша құн бойынша;
ә) шығындар бойынша;
б) табыстар бойынша.
в) Жиынтық ішкі өнім - бұл белгілі бір елдің ішіндегі өндірістік қызмет нәтижелері немесе ұлттық ерекшеліктеріне байланыссызбелгілі мемлекет территориясында қалыптасқан кәсіпорындарда өндірілген өнімдер мен қызметтердің жиынтық нарықтық құны. Оны есептеу кезінде трансферттік төлемдер мен өндірістік емес мәмілелер кірмейді. ЖІӨ = ЖҰӨ - трансферттік төлемдер.
г) Таза ұлттық өнім дегеніміз- жеке тұтыну заттары мен өндірісті ұлғайтуға қажет өндіріс құрал-жабдықтары немесе ағымдағы жылы жұмсалған еңбек нәтижесі.
ТҰӨ= ЖҰӨ- амортизациялық аударымдар.
д) Ұлттық табыс дегеніміз- 1 жылда өндірілген өнімдердің нарықтық құндарының жиынтығы.
ҰТ= ТҰӨ - жанама салықтар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет